БӘРІ ҚҰНСЫЗ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫНДА

Тіршілікте тыным таппай күнде біз, Бәріміз де асығыстық күйдеміз. Шәй қой деді самаурынға тездетіп, Қонақ күтіп жатқан едік үйде біз.     Мақұл дедім, тыңдағандай бір ертек, Айтқан тілді ұғып алар қыз ем тек. Ойламадым шауып жүріп шалынып, Самаурынды ток көзінен үзем деп.   Қайнаған су аяғыма төгіліп, Екі табан қалды буға көміліп. Дереу үйге жедел жәрдем шақырттық, Дәрігерге алу үшін көрініп.   Күнәм болса кеше көр деп тәңірім, Жалбарындым, тартып ауру зәбірін. Тар төсекте таңылғанда түсіндім Денсаулықтың қымбат болар қадірін.   Күйбеңдейміз, мына өмірде тағат жоқ, Бірақ, деннің саулығында…

Толығырақ

ҚЫРҒАУЫЛДЫҢ ҚАЙҒЫСЫ

ҚЫРҒАУЫЛДЫҢ ҚАЙҒЫСЫ

Көбелегім сұлулықпен боянған, Боз даламыз құс даусынан оянған. Сұлу көлде күн сәулесі аунайды, Жусан исін қанша жұтсам тоя алман. Туған жерді қай байлыққа қиясың, Ол болмаса, қайда барып сиясың? Жұп құраған қырғауылдар салған-ды Қалың қамыс арасынан ұясын. Бұл өмірдің кеңдігі бар, тарлығы, Көктем туса көбейеді барлығы. Балапанын басып шықты мекиені, Тылсым сырда-тәңірімнің жарлығы. Неше күн-түн тамақ жемей, су ішпей, Өне бойын меңдеп алған дерт іштей. Өмір деген жасалмайды ешқашан, Қиындыққа төзім тауып күреспей. Балапандар қанатына тығылып, Қадам басар, қалар кейде жығылып. Мейірімділік шартыменен өлшесем, Аналардың жүрегінде ұлылық! Жақсы істі ерте…

Толығырақ

АХУНДАРҒА АХУН БОЛҒАН БАБАМЫЗ

Сыр өңіріндегі діни адамдар мен қаншама ахундарға ұстаз, ақылшы аға бола білген Ораз ахун (Оразмұхаммед) Бекетайұлының биыл туғанына — 180 жыл Зар заман, талай жүкті арқалаған, Өмірдің соқпағымен тартады  адам. Алаштың кіші жүзі Қаракесек, Шөмен мен Шөмекейдей ел                                            тараған.   Атамыз мұсылманның дара бағы, Сарғасқа Шөмекейдің салалары. Есболда Бекетайдай тұлға болып, Ал, одан Ораз ахун таралады.   Мың сегіз отыз алты, мешін жылы, Кетпеген сұлу жаздың әлі сыры. Ақшамда  дүниеге ұл келіпті, Жалғасып тіршіліктің өмір гүлі.   Ал, бала  жас кезінен болған зерек, Әулие-әмбиелер жүрген жебеп. Бойдағы парасаттың арқасында,…

Толығырақ

БІЛІМ КҮНГІ ТІЛЕК

Бұл өмірді сансыз сынақ демеңдер, Қиындықты өрелі ұрпақ жеңем дер. Мен білемін, түсетіндей жарысқа Білім күні талай көңіл елеңдер. Білімдінің жүзі жарқын қай кезде, Одан байлық өткен емес, сірә өзге. «Оқы, оқы және оқы» дегенге, Мән берген жөн құдыретті бұл сөзге. Жүзі жайнап бүлдіршіннің ақ таңда, Аттанады ақ тілекпен арманға. Аталардың жалғастырып дәстүрін Ол ертең-ақ айналады қорғанға. Шәкірттерін жүрегімен шын сүйіп, Келешекке бағыт ұстар ой түйіп. Жан дүниесі ізгіліктен жаралған Ұстаздарға құрмет қыл бас иіп. Уақыттың көш-керуені тоса ма, Білім күні құтты болсын баршаға. Бар айтарым, талаптанған жастарға, Болашақтың ақ…

Толығырақ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ МЕКЕМЕЛЕРДЕН ҚАЛАЙ ТЕЗ ЖАУАП АЛУДЫ ҮЙРЕТТІ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ МЕКЕМЕЛЕРДЕН ҚАЛАЙ ТЕЗ ЖАУАП АЛУДЫ ҮЙРЕТТІ

Бүгін Астанада өткен Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру мен іске асыру мәселелері бойынша кездесу-семинарда Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінің мүшесі Унзила Шапақ журналистерге мемлекеттік мекемелерге хат жібергенде, оның жауабын қалай тез алуға болатындығын түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. «Біз кез келген адамға, заңгерлерге де әуелі Конституциялық заңда көрсетілген жазуға, айтуға, жасауға болмайтын тыйымдарды оқуға кеңес береміз. Одан кейін жасауға тыйым салынбаған Конституциялық заңдарды оқуға кеңес береміз. Осы екі жағдайды толық меңгерген адам, ол журналист болса да, ол қарапайым азамат болса да не жазып, не қою керектігін толық білетін болады. Және өзінің…

Толығырақ

ҚЫРКҮЙЕКТЕ «ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛАДЫ

ҚЫРКҮЙЕКТЕ «ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛАДЫ

Биыл қыркүйекте «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы таныстырылады. Бұл туралы Астанадағы «Еуразиялық апта» форумында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті. «Атап айтқанда, біз екі маңызды мәселені алдымызға қойып отырмыз. Біріншіден, өзекті болып отырған цифрлық күн тәртіп, бүгінде ол ЕАЭО аясында да қаралуда. Нақты алғанда, бұл қадамдар елімізге пайдасын келтіруі тиіс. Екіншіден, цифрлық күн тәртіп Қазақстанның цифрлы кеңістігінің дамуын тежегенін қаламаймыз. Осы орайда біздің елдерде (ЕАЭО-ға мүше елдер) цифрландыру әртүрлі деңгейде екенін ұмытпауға тиістіміз, сондықтан да мемлекеттер бірін-бірі күтіп тұра алмайды», — деп атап тоқталды Д. Абаев. Осы орайда…

Толығырақ

БАС ПРОКУРАТУРА ЖОҒАЛҒАН 3500 ҚЫЛМЫСТЫҚ IСКЕ ҚАТЫСТЫ ТҮСIНIКТЕМЕ БЕРДI

БАС ПРОКУРАТУРА ЖОҒАЛҒАН 3500 ҚЫЛМЫСТЫҚ IСКЕ ҚАТЫСТЫ ТҮСIНIКТЕМЕ БЕРДI

Жуырда ҚР Бас прокуратурасы 2,5 жылда 3500 қылмыстық iстiң жоғалғанын, осыған орай қызметкерлердiң жұмыстан босатылғанын хабарлаған болатын. ОКҚ брифингi барысында ҚР Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Рашид Жақыпов бұл жайтқа қатысты түсiнiктеме бердi. Вице-мнистрдің айтуынша, жоғалған 3500 қылмыстық істің біразы табылған. Ол алдағы уақытта құжаттардың жоғалуының алдын алу үшін электрондық қылмыстық iстi дамыту керек екенін айтты. «Шынымен де, 3500 қылмыстық iстiң ресми тiркелмегенi түгендеу кезiнде анықталды. Бiрқатар қылмыстық iс қалпына келтiрiлсе, бiразы табылды. Жоғалғандар қатарына да бiразы тiркелдi. Себебi, оларда нақты процессуалдық үкiм шығарылмаған болып шықты. Бұл әртүрлi санаттағы қылмыстық iстер….

Толығырақ

СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВҚА

Түскен соң тағдыр тезіне, Арманың қалыс қалмасын. Өрмелеп шығып көгіне Күн бола алған — арда Ақын!   Қилы да қилы кешкен жол, Сұлтанмахмұттай бір дарын. Жарқ еткен жасын көктемгі ол Көгертіп Алаш жырларын.   … Сезініп сергек күз демін, Ұйқымды салқын түн бұзды. Мұңдылау күйде іздедім Ерте ағып түскен жұлдызды.   Қалыпқа сыймай жаны дүр, Солды ерте, әттең, келбеті… … Құтқармас еді бәрібір 37-нің жендеті. Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ.

Толығырақ

МАҒЖАН АҚЫНҒА

Жабылған жала желім боп, Кім кімдерменен жауықты? Еңіреген ер де елім — деп Қоғамға мынау «қауіпті».   Болуға тиіс — сол құрбан, Шыңына шықса шыңдардың. Жанғыш деп отқа салдырған Мағжанның отты жырларын.   … Шақ өткен сондай дүрлігер, Қайтпады ол, рас, айдаудан. Өзге ұлттан озық біздің ел Оғланын оққа байлаудан.   Білгім келеді менің де, Жерленген қайда сол ақын? Кезіп жүр рухы көгінде Таңданып… таппай моласын… Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ.

Толығырақ

МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫНА

«Ұйқысы» ұзақ ұлдан қаш, Себебі ол — соры талайдың. «Баяғы жартас — бір жартас» Айтқаны айдай Абайдың.   Уақытты алтын ұрлатып, Кеш қалсақ кімді тілдерміз? «Оян!» дегенде Міржақып Ояна алмаған біздерміз.   Сонан соң… аман басымыз, Бекерге бас жоқ тігілген. Бүгінгі замандасымыз «Бес қаруланған» біліммен.   Ортаға ой тастап… Байқағам, Әлдекім көзбен тұр атып. … Міржақып туса қайтадан Құтылалық па?… құзға құлатып. Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ.

Толығырақ