ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

Жанат Жақиянов пен Райан Барнеттің жекпе-жегін «Qaqzsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 21 қазаннан 22-ші қазанға қараған түні қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында өтетін ең басты жекпе-жекте жеңіл салмақтағы WBA Super және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов (27 жеңіс, 18 нокаут, 1 жеңіліс) пен IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы солтүстік ирландиялық Райан Барнетт (17 жеңіс, 9 нокаут, жеңіліс жоқ) жұдырықтасады. Әлемдік бокс рейтингі бойынша Жақиянов 12-ші орында, ал Барнетт–5-ші болып тұр. Жанат Жақиянов WBA Super және…

Толығырақ

ЖЕЛАЯҚ ҚЫЗ БИІК ӨКШЕЛІ ТУФЛИМЕН 42 ШАҚЫРЫМ ЖҮГІРІП, РЕКОРД ОРНАТТЫ

ЖЕЛАЯҚ ҚЫЗ БИІК ӨКШЕЛІ ТУФЛИМЕН 42 ШАҚЫРЫМ ЖҮГІРІП, РЕКОРД ОРНАТТЫ

Ирен Сьюэлл биік өкшелі туфлимен марафонға қатысып, 7 сағат 28 минутта мәреге жеткен. Сөйтіп ол Гиннестің рекордтар кітабына енді. «Менің қолымнан келді. Өзім де таңғалдым, бірақ бұл шынымен орындалды», — деп жазған Сьюэлл Instagram парақшасында. Ол Чаттануга қаласы Теннесси штатының тұрғыны. Подиатристің ұсынысы бойынша Сьюэлл негізінен спорттық аяқ киім киіп дайындалған көрінеді. Тек анда-санда ғана биік өкшелі туфлимен жаттығып жүріпті. Ал марафонға ол әртүрлі өлшемдегі 7,5-ден (37 өлшем) 9-ға (38,5 өлшем) дейінгі 6 жұп аяқ киімді дайындаған. Сонымен қатар, ол жабыстырғыш, ұлтарақ, аяқты буатын бандажды пайдаланған.

Толығырақ

ФУТБОЛШЫЛАР САЙЫСЫ

ФУТБОЛШЫЛАР  САЙЫСЫ

Жуырда Сүлеймен Есқараев атындағы №27 орта мектептің спорт алаңында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын аудан жастары арасында кеңінен насихаттау, сонымен бірге жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және өңірімізде бұқаралық спортты дамыту мақсатында аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен, аудан жастарының ұйымдастыруымен Ғалымжан Алмаханов пен Өркен Жетпісбаевты еске алу мақсатында шағын футболдан аудандық жарыс биылғы жылы үшінші рет өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатында аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбол Мырзабаев ауданда бұқаралық спортты дамыту және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар, сонымен бірге биылғы…

Толығырақ

ЖАС ЖЕҢІЛАТШІЛЕР ЖАРЫСЫ

ЖАС ЖЕҢІЛАТШІЛЕР ЖАРЫСЫ

Жуырда Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдің спорт алаңында аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан облыстық жарысқа іріктеу жарысы өтті. Жарысқа аудан орталығындағы және елді мекендердегі барлық мектеп спортшылары қатысты. Жарыс қорытындысымен қыздар арасында 300 метр қашықтыққа жүгіруде І орынды №105 мектеп-лицейдің оқушысы Айнұр Өмірзақова, ал ұлдар арасында №85 мектептің спортшысы Наурызбек Сәндібеков жеңіп алса, қыздар арасында 600 метр қашықтыққа жүгіруде №105 мектеп-лицейдің оқушысы Гүлназ Бекқұлова, ұлдар арасында өткен аталмыш қашықтықтағы жарыста ІІІ Интернационал ауылындағы №108 мектептің спортшысы Бегасыл Изгов жеңімпаз атанды. Ал, ұлдар…

Толығырақ

ГОЛОВКИН – АЛЬВАРЕС ЖЕКПЕ-ЖЕГІ НАУРЫЗ АЙЫНДА ӨТУІ МҮМКІН

ГОЛОВКИН – АЛЬВАРЕС ЖЕКПЕ-ЖЕГІ НАУРЫЗ АЙЫНДА ӨТУІ МҮМКІН

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесу 2018 жылдың мамырынан ерте өтуі мүмкін. Бұл туралы мексикалық боксшының келісімшарттарымен айналысатын, Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес айтты. Қос боксшы арасындағы екінші кездесудің қашан өтетіні нақты белгіленген жоқ. Алайда бүгінде көптеген бокс мамандары бұл жекпе-жек 5 мамырда өтеді деп айтып жүр. — Екінші кездесудің нақты қашан өтетіні әлі белгісіз. Бұл мәселе де келіссөздер кезінде шешіледі. Мүмкін жекпе-жек мамырдан бұрын да…

Толығырақ

Бұрымды боксшыларымыз Азия чемпионатына қатысады

Бұрымды боксшыларымыз Азия чемпионатына қатысады

окстан Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнам елінің Хошимин қаласында өтетін Азия чемпионатына дайындық үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазір боксшы қыздарымыз елорда төрінде Азия чемпионатына соңғы дайындықтарын шыңдап жатыр. Олар осы айдың соңына қарай Вьетнамға жол тартпақ. 22 елден 118 спортшы қатысқалы отырған Хошиминдегі Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы толық құрамда бармақ. Әзірге бас бапкер ел намысын қорғайтын боксшы арулардың тізімін жариялаған жоқ. Айта кетейік, Азия чемпионаты 2-8 қараша аралығында өтеді. http://www.inform.kz/kz/burymdy-boksshylarymyz-aziya-chempionatyna-katysady_a3075888

Толығырақ

Головкин-Альварес кездесуі жылдың ең танымал жекпе-жектері тізіміне енді

Головкин-Альварес кездесуі жылдың ең танымал жекпе-жектері тізіміне енді

Enca.com сайты 2017 жылдың ең танымал жекпе-жектерінің тізімін жариялады, хабарлайды Sports.kz. Тізімге АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 16 қыркүйекте өткен қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек енгізілген. Бұдан тыс, тізімнен орын алғандар қатарында: Энтони Джошуа — Владимир Кличко және Кит Турман — Дэнни Гарсия жекпе-жектері де бар. Сондай-ақ сайттың айтуынша, украиналық Василий Ломаченко мен кубалық Гильермо Ригондоның 9 желтоқсанда өтетін жекпе-жегі жанкүйерлер жадында көп сақталады деу қиын. Еске сала кетсек, Головкин — «Канело» айқасында жеңімпаз анықталмаған болатын, енді тараптар 2018 жылғы 5 мамырда реванш өткізу жөнінде…

Толығырақ

ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында 18 қазан «Рухани келісім» күніне орай «Дін бірлігі – ел тұтастығының кепілі!» атты шағын футболдан жарыс өтті. Жарыста «Нұр» мешітінің бас имамы Үркімбаев Марат Дайрабайұлы сөз сөйлеп, «Рухани келісім» күніне орай және дін бірлігі – ел тұтастық кепілі тақырыбында қысқаша мәлімет беріп жастарға ыстық лебіздерін білдіріп, жарыста сәттілік тіледі. Жарысқа 5 команда қатысып, І орынды «Орда» әскери-патриоттық командасы, ІІ орынды «Жамағат 1» командасы, ІІІ орынды «Қармақшы» командасы иеленді. «Қармақшы…

Толығырақ

«АЛТЫН ДОПТЫ» ИЕЛЕНГЕН ФУТБОЛШЫ ПРЕЗИДЕНТ БОЛДЫ

«АЛТЫН ДОПТЫ» ИЕЛЕНГЕН ФУТБОЛШЫ ПРЕЗИДЕНТ БОЛДЫ

1995 жылы «Алтын доп» иегері атанған футболшы Джордж Веа Либерия елінің президенті болып сайланды. 51 жастағы азамат президент сайлауына екінші рет қатысып, басты бәсекелесі Джозеф Бокайды жеңіп шықты. Футболшы 2005 жылы да президент сайлауына қатысқан болатын. Дауыс беру қорытындысы бойынша Элен Джонсон-Серлифке жол берген еді. Нәтижесінде бәсекелесі Африка құрлығындағы алғашқы әйел президент атанған еді. Джордж Веа футболдағы мансабында «Монако», ПСЖ (Франция), «Милан» (Италия), ағылшынның «Манчестер Сити» және «Челси», «Марсель» (Франция), «Әл-Жазира» (Сауд Арабиясы) клубтарында ойнаған. Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (ФИФА) футболшыны ХХ ғасырдағы Африка құрлығының үздік футболшысы деп таныған. Айта кетейік, Либерия…

Толығырақ

ГОЛОВКИН WBC ЧЕМПИОНДАРЫ АРАСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ

ГОЛОВКИН WBC ЧЕМПИОНДАРЫ АРАСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ

WorldBoxingNews.net сайты Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) нұсқасы бойынша чемпиондық титул иегерлерінің рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап. Бірінші орынды қазақстандық боксшы, орта салмақта WBC чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) иеленіп отыр. «Андре Уорд кеткеннен кейін Геннадий Головкин сөзсіз бірінші орынға шықты. Ол қазір 2018 жылы «Канело» Альвареспен өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр», — деп жазды басылым. Екінші орында америкалық боксшы, бірінші орта салмақтағы дивизионда WBC чемпионы Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО) тұр. Үшінші орынды Теренс Кроуфордтың отандасы жеңіл салмақтағы Майки Гарсия (37-0, 30 КО) түйіндеген. World…

Толығырақ