ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ «EXPO-2017» КӨРМЕСІНДЕГІ 20 ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУҒА КІРІСТІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ «EXPO-2017» КӨРМЕСІНДЕГІ 20 ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУҒА КІРІСТІ

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өңір «EXPO-2017» көрмесінде таныстырылған 20 жобаны іске асыруға кіріскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «EXPO-2017» көрмесінен кейін өңірде түрлі салаға жаңа технологияларды енгізуге бағытталған 20 жобаны іске асыру басталды. Оның ішінде 11 жоба тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты. Облыста 2 жоба, атап айтқанда Жаңақорған ауданында қуаттылығы 50 мВт болатын күн электр станциясы мен қуаттылығы 24940 кВт болатын «Бәйтерек-25» жел электр станциясын салу жобалары бойынша келісімшарт жасалды», — деді өңір басшысы. Дәурен ЕРБОЛАТ

Толығырақ

«100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНЫҢ МӘНІ ҚАНДАЙ?

«100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНЫҢ МӘНІ ҚАНДАЙ?

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы ең соңғы аталған міндеттердің бірі «100 жаңа есім» жобасын көтеру болатын. Бұл әрине біріншіден кімдердің есімі және оларға берілетін баға қандай болмақ деген сұрақтарды туындатады. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы» міне бұл елбасы айтып отырған жобаның ерекшелігі. Мақалада көрсетілгендей жобаның атқаратын үш үлкен қызметі бар:  1. Ақылмен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту; 2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің мультимедиалық алаңын…

Толығырақ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮИИДБ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ӨНІМ ЭКСПОРТЫ 23 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮИИДБ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ӨНІМ ЭКСПОРТЫ 23 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

Үкіметтің баспасөз орталығында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Жиында аймақ басшысы экономиканың дамуына Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы тың серпін бергенін әңгімеледі. Бағдарлама аясында онда 20 жоба жүзеге асса, оның 16-сы толық қуаттылығында жұмыс істеп тұр. Қызылордада соңғы жылда ҮИИДБ кәсіпорындары өндірген өнім экспорты 23 пайызға артып, импорттаушы мемлекеттер саны 8-ден 11-ге жеткен. «Жүзеге асырылған жобалардың сапасын арттыру мақсатында біз Индустрияландыру картасына түгендеу жүргізіп, тиімсіз және экспорттық әлеуеті төмен, бәсекеге қабілетсіз жобаларды алып тастадық. Қалған жобалар бойынша нақты жұмыс атқарылуда. Мәселен, келер жылы облыста молибден үш тотығын…

Толығырақ

БОЛАШАҚ АНА ДЕНСАУЛЫҒЫНА-АЙРЫҚША НАЗАР

Мемлекет назарындағы басты мәселенің бірі-бала денсаулығы. Оның ішінде қыз бала тәрбиесі мен денсаулығы мемлекет болашағымен тығыз байланысты. Бірінші кезекте қыз бала-болашақ ана. Ол елдің, қоғамның айнасы әрі ұйытқысы саналады. Сондықтан да қыз бала тәрбиесіне ұлтымыз ежелден-ақ терең мән берген. Өткен аптада Жосалы кенті орталығындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектепте жасөспірім қыздар арасында «Ерте жүктіліктің ертеңі қауіпті!» тақырыбында семинар өтті. Семинарда аудандық Жастар денсаулығы орталығының дәрігері Ұ.Тұрмағанбетова мектеп жасындағы оқушылардың репродуктивті денсаулығы туралы және ерте жүктіліктің салдары ананың аурушаңдығы мен өлім-жітімнің көбеюіне, сондай-ақ, жас ана мен оның баласының денсаулығына қаупі…

Толығырақ

БЕЙБІТ ЗАМАННЫҢ БАТЫРЛАРЫ. ОЛАР КІМДЕР?

БЕЙБІТ ЗАМАННЫҢ БАТЫРЛАРЫ. ОЛАР КІМДЕР?

Ертең, 19 қазан Құтқарушылар күні. Қазақстан үшін маңызы зор мереке құрметіне орай, құтқарушы мамандар туралы сөз қозғауды жөн санаймыз. Құтқарушылар – қысылтаяң шақтарда адам жанынан алғаш боп табылатын Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты қызметкерлер. Бұл мамандыққа бірнеше іс иелері жатады: өрт сөндіруші, жоғары өрмелегіш, сүңгуір, жүргізуші, жедел жәрдем және басқалары. Сұрапыл апат, техногендік зілзала, лаңкестік әрекеттер кезінде бір сәтте бірнеше адам жапа шегеді. Олардың әрқайсысына шұғыл көмек қажет. Егер кісі көп қан жоғалтса не бір нәрсенің астында қалып қойса, айналдырған бірнеше минут ішінде адам тағдыры шешіледі. Жедел түрде оқиға болған жерге…

Толығырақ

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ТАЛҚЫЛАУДЫҢ ЖАРҚЫН НӘТИЖЕСІ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп, бұл өзекті мәселені жеделдетіп іске асыру жөнінде атап айтқан болатын. Келешегі кемел, болашағы сәтті қадамға жол тартқан ауқымды құжатта елдік пен ұлттық идеологияның, рухани жаңғырудың өзекті де маңызды тұстарды қарастырылған. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі…

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ 18 074,1 МЫҢ АДАМҒА ЖЕТТІ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ 18 074,1 МЫҢ АДАМҒА ЖЕТТІ

Қазақстан халқының саны 2017 жылғы 1 қыркүйектегі көрсеткіш бойынша 18 074,1 мың адамға жетті. Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті мәлім еткендей, халық саны 2017 жылғы 1 қыркүйектегі көрсеткіш бойынша 18 074,1 мың адамға жеткен. Соның ішінде қалалықтар – 10 367,4 мың (57,4%), ауылдықтар – 7 706,7 мың адамды (42,6%) құрады. Биыл 2016 жылғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда халық саны 232,5 мың адамға, яғни 1,3% өсті. АХАТ органдары ұсынған мәліметтерге сәйкес 2017 жылғы қаңтар-тамыз айында 257,5 мың нәресте дүниеге келген, бұл 2016 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 6,5% аз. Сондай-ақ, республика халқының табиғи өсімі…

Толығырақ

ЛАТЫНҒА ОРАЛУ ЗАМАН ТАЛАБЫНАН ТУЫНДАП ОТЫРҒАН ҚАЖЕТТІЛІК

ЛАТЫНҒА ОРАЛУ ЗАМАН ТАЛАБЫНАН ТУЫНДАП ОТЫРҒАН ҚАЖЕТТІЛІК

Тәуелсіз Қазақстанның тарихи­ кезеңіндегі жаңа белеске қадам бас­қалы тұрған латын әліпбиіне көшу – бұл жазуды жаңғырту, тілді жаңғырту, елді жаңғырту болмақ. Егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тегеурінді болып, әлемдік тәжірибені игеруіміз үшін санамызға тың серпін керек. Осындай серпіліс арқылы бүкіләлемдік кеңістікке ене аламыз. Келешек ұр­пақ өз кезеңінде тарихи мәселенің ұлы­лығын мойындайтын болады. Ендігі жұ­мыс – халық арасында аса маңызды қадамды дұрыс насихаттап, ұғынықты жеткізе білу. 2017 жылдың 9 қазанында Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне кө­шіру жөніндегі жобаны іске асыру­ үшін құрылған жұмыс тобының мү­шелерімен кездесті. Қазақстан Пре­­зиденті мемлекеттік тілді реформалау рухани жаңғыру…

Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ӘЛІПБИ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ИГІЛІГІ

ҰЛТТЫҚ ӘЛІПБИ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ИГІЛІГІ

2017 жылдың 18 қазанында Қармақшы ауданы, Төретам кенті №269 орта мектеп латын әліпбиіне көшуге байланысты «Ұлттық әліпби халқымыздың игілігі» тақырыбында жиын болып өтті. Жиында мектеп директоры Аманова Фарида:- Елбасының латын әліпбиіне көшу туралы шешімі өте құптарлық. Әрине, бұл жолда түрлі кедергілерге кездесетіні түсінікті жайт. Сондықтан «шешінген судан тайынбас» деген қағиданы бетке ұстап, нар тәуекелге барғанымыз жөн. Қарапайым ғана мысал келтірер болсақ, қазір ұялы телефонда латын қарпінде жазу оңай, ал крииллицада қазақша тере алмай қиналып жатамыз. Себебі, латын әліпбиінің базасы қалыптасқан әрі ауқымы кең. Біз де өз тілімізді байытып, ұлттық құндылықтарымызды…

Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕ

Қазақ елінің басты жаңалығының бірі – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы және онда көтерілген мәселе – қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру идеясы. Қазіргі таңда бұл мәселе ел ішінде қолдау та­уып, тілші-ғалымдардың қатысуымен қызу талқылануда. Бұл мәселеде академик Ә.Қайдар алғаш рет 1993 жылдың 24 қазанындағы «Ана тілі» газетінде «Латын әліпбиінің болашағы зор» атты мақала жарияласа, 2006 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және…

Толығырақ