КӘСІПКЕРЛЕР ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛЕДІ

Екі ел арасындағы келісімге өзгерістер енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы мен Байқоңыр қаласының  салық төлеушiлерінің  өзара саудадағы  жанама салық  төлеу тәртібіне өзгерiстер енгізілді. Осыған орай, біздің тілшіміз қармақшы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қалдыбек Сүлейменовпен сұқбаттасқан еді. —  Байқоңыр қаласына байланысты салық салымы бойынша  қандай өзгерістер болды? —Байқоңыр қаласының мәртебесi және ондағы  атқарушы органдарын құрудың тәртібі  мен олардың мәртебесі  туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы  Келісімге енгізілген өзгерiстерге байланысты хаттама 5.07.2017 жылы күшіне енді. Осы Келісімнің 12-1 бабына сәйкес, Байқоңыр қаласының салық органында тіркелген дара…

Толығырақ

ТІЛ-МЕМЛЕКЕТ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ТІРЕГІ

Елбасының алға қойған міндеттерінің ьбірі-үштұғырлы тіл саясаты елімізде сәтті жүзеге асырылуда. Оған жалпы бюілім беру ұйымдары да біркісідей атсалысуда. Осы орайда, ЕНлбасы тапсырмаларын орындауда білім басқармалары мен бөлімдерінің белсенді жұмыстары маңызды рөл атқармақ. Біз жақында аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлназ Жалғасбайқызымен тілдердің үштұғырлылығына байланысты бөлімнің атқарып жатқан жұмыстары жайында сұқбаттасқан едік. -Аудандық білім бөлімінің 2016-2017 оқу жылында үштілділік және ағылшын тілі пәні бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтасың? -Бөлімге қарасты білім беру мекемелерінде барлығы 129 ағылшын тілі пәні мұғалімі жұмыс жасайды. Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 2015-2017 жылдары аралығында облыстық…

Толығырақ

СҰРАҢЫЗ, ЖАУАП БЕРЕМІЗ!

Қармақшы ауданының тұрғыны Ильясов Сапар: — ҚР зейнетақымен қамсыздандырудың өзгерістері туралы қысқаша түсіндіріп берсеңіз? —Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында базалық, міндетті және ерікті деңгейлерден тұратын көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі қызмет етеді. Базалық деңгейде зейнеткер жасына жеткен адамдарға (ынтымақты (01.01.1998ж. дейін) және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқанын ескере отырып) базалық зейнетақы төлемі (БЗТ) төленеді. Ол еңбек өтіліне және бұрын алған табысына қарамастан, баршаға бірдей мөлшерде белгіленеді. Міндетті деңгейде зейнеткерлерге бюджеттен ынтымақты (еңбек) зейнетақы және жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақтаушы зейнетақы төленеді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өткен кезде (1998 ж.) еліміздің азаматтары үшін оларда 01.01.1998 ж. жағдай…

Толығырақ

БАЛА – БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ

Аурудың қай қайсысы да қоғамға зиян әкелері сөзсіз. Оның ішінде әсіресе, бала денсаулығын сақтай білуде аға ұрпақ өкілдеріне үлкен аманат жүктері анық. Осыған сәйкес бүгінгі таңда еліміз бойынша дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес айлығы жүргізілуде. Жалпы гепатит қандай ауру, оған кімдер жиі шалдығады, оның жұғу жолдары жайында аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Мөлдір Бержановадан айтып беруін сұраған едік. -Ауданымызда 24 шілде-22 тамыз аралығында дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес айлығы аясында «Гепатитті жою» атты айлық өткізілуде. Онда аурудың қауіптілігі, оның алдын алу шаралары туралы насихаттық жұмыстары жүргізілуде. Бірінші кезекте гепатит А…

Толығырақ

СУДЬЯ – ӘДІЛДІК ЕЛШІСІ

СУДЬЯ – ӘДІЛДІК ЕЛШІСІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  «Судья-халықтың айрықша таза әрі кіршіксіз ары» деп  әділдіктің үлкен жауапкершілігін арқалаған  ел судьяларына  баға беруінің негізі судьяларға артқан сенімі еді. Осы ретте, өзінің өнегелі өмір жолымен, әділдіктің антымен туған еліне қызмет етіп жүрген жерлестеріміздің бірі- Қызылорда облыстық сотының судьясы Клара Қаниевамен жолығысып, сот жүйесінде атқарылып жатқан жаңалықтармен таныстыруды сұраған болатынбыз. -Клара Бөгенбайқызы, сұқбатымыздың алдында оқырмандарға өзіңізді таныстырып  өтсеңіз? -Мен  көптеген дарын иелері өсіп-өнген киелі Қармақшы өңірінде дүниеге келдім.  Осы елде білім алып, алғашқы еңбек жолымды құрылыс мекемесінде сылақшы болып бастадым. Кейіннен Алматы қаласындағы  ҚазМУ-ды  бүгінде өзім…

Толығырақ

ГАУХАР АХМЕТОВА-АТЕРТОН: «БІЗДІҢ ӨМІРІМІЗ ЖҮГІРІСКЕ ҚҰРЫЛҒАН»

ГАУХАР АХМЕТОВА-АТЕРТОН: «БІЗДІҢ ӨМІРІМІЗ ЖҮГІРІСКЕ ҚҰРЫЛҒАН»

Цирк дю Солейге қабылданған алғашқы қазақ қызымен сұхбат. Елімізде өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында әйгілі Цирк дю Солей (Cirque du Soleil) труппасы Астанаға үлкен тартуымен келді. Күзге дейін 70-тен астам қойылым қоюды жоспарлаған цирктің шоу-бағдарламасы орта шеніне жетіп қалды. Бұрын-соңды еш жерде қойылмаған қазақ халқының ерлікке толы өмірінің тұтас бір кезеңін суреттейтін «Reflekt» шоу-бағдарламасын тамашалаған жұрт қайталанбас мазмұндық бірегейлігіне таңдай қағысты. Шоу барысында көрініс тапқан сақ тайпасының жас көсемі алтын адам, семантикалық және тарихи түп-тамыры терең, маңызды типологиялық образ саналатын қанатты тұлпарлар дүбірін айнытпай қайталауда ерекше шеберлігімен көзге түскен композитор…

Толығырақ

САЙЛАУШЫ СЕНІМІНЕ СЕЛКЕУ ТҮСПЕЙДІ

САЙЛАУШЫ СЕНІМІНЕ СЕЛКЕУ ТҮСПЕЙДІ

Депутат  өз сайлаушыларының мұң-мұқтажы мен талап-тілектерін жоғарғы органдарға жеткізуші халық  елшісі. Ол әрдайым өз сайлаушыларымен етене араласып, ел мүддесі үшін атқарылатын жұмыстардың сапалы әрі  тиянақты атқарылуын қадағалап, елге жеткізуші. Міне, бұған дейін де бірнеше рет аудандық мәслихат депутаты болып сайланған Әнуарбек Дәуленбаев өз сайлаушылары тарапынан көтерілген мәселелерді жоғары атқарушы органдарға жеткізіп, оның орындалуына сүбелі үлесін қосқан халық қалаулысы. 2015 жылы Әнуарбек Дәуленбаев №8 Төретам сайлау округі бойынша  алтыншы шақырылған облыстық мәслихатқа  депутат болып сайланып, аудан экономикасын нығайтуға өз үлесін қосып келеді. Осы ретте, Әнуарбек Дәуленбаевпен жолығысып,  халық сеніп тапсырған  міндетін …

Толығырақ

АЛЫПҚАШПА СӨЗ ЕШКІМГЕ АБЫРОЙ БЕРМЕЙДІ

АЛЫПҚАШПА СӨЗ ЕШКІМГЕ АБЫРОЙ БЕРМЕЙДІ

Біраз уақыттан бері аудан тұрғындары арасында «Қорқыт ата ескерткіш кешені Қазалы ауданына беріліпті» деген алыпқашпа әңгіме естіліп қалып жүр. Соңғы кездері бұл қауасетке «Төретам кенті мен Ақай ауылдық округтері де Қазалы ауданының құрамына қосылады екен..» дегендей пікірлер де қоса айтылуда. Бірден ашығын айтайық — ешқандай негізі жоқ бекер сөз. Сонда да болса біз аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Серік Айдаровқа жолығып, алыпқашпа әңгіме қайдан шыққаны жайлы ойын білмекке бірнеше сауалдар қойдық. — Ел аузында Қорқыт кешені, Төретам кен­ті мен Ақай ауылдық округі Қазалы ауданына қосылыпты деген алыпқашпа сөз жүр. Мұның…

Толығырақ

ҚАЗІР МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТЕГІН БОЛҒАНДЫҚТАН ЕШКІМ ТЕКСЕРУДЕН ӨТКІСІ КЕЛМЕЙДІ – БАС ДӘРІГЕР

ҚАЗІР МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТЕГІН БОЛҒАНДЫҚТАН ЕШКІМ ТЕКСЕРУДЕН ӨТКІСІ КЕЛМЕЙДІ – БАС ДӘРІГЕР

Мемлекет биыл медициналық сақтандыру реформасын қайта қолға алғаны белгілі. Қазір жаңашыл жүйені түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізіліп отыр. Осы жүйенің арқасында енді елімізде медициналық қызмет көрсету сапасы жақсара түспек. Ал бұл дегеніңіз медициналық мекеме, ондағы қызметкерлер мен қызметті енді бастаған ақ халатты абзал жандардың еңбегін шынайы бағалауға алып келері сөзсіз. Осылайша әрбір аурухана, емхана мен жеке клиникалардағы сапа мәселесі өздігінен бірінші орынға көтеріліп, халық өзі таңдаған әрі дұрыс деп тапқан емхана табалдырығынан аттай алады. Және бұрынғыдай буат-буат ақшасын кетірмей, жарна жиынтығында тұрған қаражаты есебінен еркін емделеді. Бұл Қазақстан билігінің ел-жұрттың сапалы…

Толығырақ

ТӘЖІРИБЕЛІ ПСИХОЛОГ БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ ҚҰРУДЫҢ ҚҰПИЯСЫМЕН БӨЛІСТІ

ТӘЖІРИБЕЛІ ПСИХОЛОГ БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ ҚҰРУДЫҢ ҚҰПИЯСЫМЕН БӨЛІСТІ

Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, елімізде некелескен жұптар саны азайып, ажырасқан отбасылар саны өсіп келе жатыр екен. Мысалы, 2016 жылы Қазақстанда 140 840 неке тіркелген. Алайда, оның 51 775-і ажырасып кеткен. Осы сандарға қарап, отбасының жиі ойран болуыне не себеп деген сұрақ туындайды ? Үйленгенше есіл дертін алған сүйгенінен жыл өтпей-ақ суық жылан көргендей неге жерінеді? Бауырында бала қалған жалғызбасты әйел мен соқа басы сопайған ер-азаматтың артуы қоғамды алаңдатарлық жайт. Осы мәселеге байланысты Baq.kz тілшісі тәжірибелі психотерапевт, отбасы психологы Гүлшат Хасеновамен сұқбаттасты. -Гүлшат Жәмелқызы, сіз тәжірибелі мамансыз. 25 жыл психология саласында…

Толығырақ