НАМАЗДЫҢ БЕРЕКЕСІ

Мұсылманның бес парызының бірі-намаз оқу. Алла разылығы үшін оқылатын бес уақыт намаз адамды жан, тән және рух тазалығына, адалдыққа, адамгершілікке, бауырмалдылыққа тәрбиелейді. Жан-жағыңдағы адамдармен, отбасы ауызбірлігі, қоғаммен қарым-қатынаста да имандылықтың пайдасы көп. Мен бүгін өзіме сырлас, сыйлас құрбымның намаз берекесі жайындағы әңгімесін ортаға салмақпын. 1990-жылдардың аяғы мен 2000-жылдардың басында еліміздегі дағдарыс-Кеңес одағының шекпенінен шыққан Қазақстанға да жеңіл болмағаны айқын. Жоспарлы экономикаға еті үйренген біздің қоғамда дамудың жаңа сатысына қадам баса бастаған жылдар. Отбасын асырап отырған ер адамдардың дені екі қолға бір күрек таба алмай, жұмыссыз деген атаққа ілінген ауыр кез….

Толығырақ

БАТЫР ТЕКЕЙ ҚАРПЫҚҰЛЫНЫҢ ТАРИХИ-ӘДЕБИ БЕЙНЕСІ

БАТЫР ТЕКЕЙ ҚАРПЫҚҰЛЫНЫҢ ТАРИХИ-ӘДЕБИ БЕЙНЕСІ

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихының қазіргі кезеңдегі рухани жаңғыру аясында ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 16 наурыздағы №73 бұйрығымен бекітілген 2017-2018 жылдары өткізілетін мерейтойлар мен атаулы кезеңдердің тізбесіндегі Қазақ тарихының көрнекті қайраткер тұлғаларының аталып өтіліп жатқаны – бәрімізді қуантып отыр. Атап айтқанда, Қазыбек би Келдібекұлының, Тама Есет Көкіұлының, Текей Қарпықұлының 350, Ескелді би Жылкелдіұлының, Қабанбай батырдың 325, Сырым Датұлының 275 жылдық мерейтойларының Қазақстанның өңірлерінде аталып өткізіліп жатқаны – бүгінгі жаңа буын ұрпақтардың ұлттық-отаншылдық рух ұстанымын нығайта түсетіні ақиқат. Қазақ хандығы кезеңіндегі тарихи қайраткерлердің (хандардың, би-шешендердің, батырлардың) халықтық-ұлттық тұтастыққа негізделген…

Толығырақ

Алматылықтар Бәйкен Әшімовтің 100 жылдығын атап өтті

Алматылықтар майдангер, танымал қоғам қайраткері, 1970-84 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1984-85 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы, Социалистік Еңбек Ері (1977 жылы) болған Бәйкен Әшімұлы Әшімовтің 100 жылдығын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Абай атындағы Опера және балет театрында қоғам қайреткерінің 100 жылдығына арналған ауқымды салтанатты шара ұйымдастырылды. Кеш Б.Әшімовтің өмірі мен еңбек жолына арналған деректі фильммен басталды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Бәйкен Әшімовтің 100 жылдығымен құттықтап, оның өнегелі өмір жолына тоқталды. «Бүгін аса көрнекті, мемлекет және қоғам қайраткері, бүкіл саналы ғұмырын еліне арнаған…

Толығырақ

Екібастұз қаласында жаңа драма театры ашылады

Екібастұз қаласында құрылып жатқан «Алау» драма теарының алғашқы қойылымы қазан айының соңында болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz аталмыш театрдың негізін қалаушы және Екібастұздағы «Өнер» мәдениет орталығының режиссері Қайрат Болатұлына сілтемемен. «Біздің қалада бұған дейін мұндай халықтық бағытта өнер көрсететін театр болған жоқ. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін драма театрын жаңадан ашуды қолға алдық. Өнер ұжымының құрамында жеті әртіс бар. Олардың төртеуі ер адам болса, үшеуі — әйел. Барлығы 30-дан асқан адамдар. Театрға қабылданатын үміткерлердің жас мөлшеріне шектеу қойылмаған, — дейді Қайрат Болатұлы. Жаңа театрдың тағы бір ерекшелігі, қабылданып жатқан әртістерінің ешқайсысы…

Толығырақ

БАЛҚЫ БАЗАР МЕН БАЛА ЖЫРАУ ТҰРЫМБЕТ

немесе қос Сыр сүлейінің Ұлытауға сапары «Сыр-Алаштың анасы» деп Елбасымыздың өзі анық бағасын берген елдің ұрпағы екенімізді қай жерде жүрсек те мақтан тұтатынымыз рас.Жүректің қан тамырларын тулататын, қиял-арманыңынды көкке самғататын бірауыз қанатты сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұзын аққан  сұлу Сырдың толқынды иірімдеріне терең үңілсеңіз, байыпты ой кешсеңіз, ықылым замандардың бірде көмескі, бірде бедерлі көне суреттері,  тарих тарланның сарғыш тартқан, сарғайып ұмыт бола бастаған көне беттері айқындалып, ашыла түскендей болады.Өмір де терең ағысты ұлы өзен секілді құбылыс.емес пе?! Одан алар тәлім де, өнеге, ғибрат та көп.Сыр-ананың парасатты пішімі сан ойларға…

Толығырақ

ТЕКЕЙ БАТЫР

ТЕКЕЙ БАТЫР

Барлық   қазақ жүздері мен руларының тарихында  әскери істі кәсібіне айналдырған кісілер  аз болмаған. Және олар жай  ғана  батырлар емес,   тұтастай бір ержүрек сарбаздар  мен әскери қолбасшылардың  әулеті   болуымен ерекшеленеді. Батырларымыздың  қай-қайсысы  да   жаумен  жан аямай   күресіп,  халқына  адал қызмет еткенін білеміз. Әсіресе, олардың абырой-беделінің  барынша   өскені ХYІІІ  ғасырдың   басындағы Тәуке хан  билік   құрған  тұста айтарлықтай  көзге түседі. Бұл қазақ  халқының  жоңғар басқыншыларына  қарсы азаттық күресімен байланысты. Сондықтан  бұл уақытты   халқымыздың ерлік  шежіресіндегі  жарқын беттерінің  біріне   жатқызуға әбден болады. Аймақтық  бытыраңқы  көшпенділік  пен ұлаңғайыр дала  жағдайында  Тәуке  ханның алдында  жоңғарлармен күресте …

Толығырақ

АНАЛАР-ОТБАСЫ ТІРЕГІ

Сәрсенбі күні аудандық Жастар ресурстық орталығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай облыс әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің қатысуымен  аудан әйел-аналар жамағаты, қыз-келіншектер және жастармен дөңгелек үстел отырысы өтті. Оны Қызылорда қаласындағы №257 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, топ мүшесі Майра Қойшыбаева жүргізді. Басқосуда әйел-аналардың қоғамдағы рөлі, отбасы құндылықтары, тағы басқа да мәселелер қызу талқыға түсті. Пікір алаңында аудандық мәслихат депутаты Күлжауһар Раева келген топ мүшелеріне басқосуға қатысушыларды таныстырды. Дөңгелек үстел отырысының алғашқы сөзі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, АНТ мүшесі Сәндігүл Дәрібаеваға берілді….

Толығырақ

ҚАРТҚА ҚОЛКӨМЕК КӨРСЕТТІ

ҚАРТҚА ҚОЛКӨМЕК КӨРСЕТТІ

Бүгінде жастар арасында қарттарға қолкөмек беру жақсы дәстүрге айналып келеді. № 105 мектеп-лицейдің оқушылары үшін мұқтаж қарттарға көмек беру әдетке айналған. Үлгілі мектептің ұстаздары мен оқушылары бұл бастаманы бұрыннан қолға алған. Жақында мектеп тәлімгері Айгерім Айтбаева мен жетекшісі Сәулет Игенбаевпен  бірге 9 «а» сынып оқушылары ардагер ұстаз, 85 жастағы зағип жан Қатша Қараеваның үйіне барып, қол көмек берді. Қыз балалар үй ішін тазартса, ер балалар ауласын ретке келтіріп, отынын жарып, суын тасыды. — Игі істің жақсы дәстүрге айналып келе жатқаны қуантады. Балалардың тарапынан да қызығушылық зор. Мұндай көмекке зәру жандардың…

Толығырақ

КЕЛІН КҮНДЕЛІГІ

Анамның маған берген тәрбиесіне күні бүгінге дейін алғыс айтамын. Ол кісінің қасында жүріп кей дүниелерді қолыммен жасамасам да, көзбен көргенімнің бәрі келін болып түскелі қажетіме жарап келеді.  «Бір жағымда жүр» деп жанынан шығармай жүріп айтқаны мені қыз бала тағдырының бір белесіне, алдағы үлкен өмірге дайындағаны болар. Иә, қыз баланың анасына қарап еліктеп өсетіні, тәрбие алатыны бесенеден белгілі. Абай атамыздың «Шешеңнің берген ақылын құтысына миыңның сындырып алмай, шақтап құй» деген қанатты сөзі менің өмірлік ұстаныма айналғандай. Сондықтан анамның әркез айтқан ақылының жадымда жатталып қалуын қалаған едім. Соның нәтижесін енді байқап келемін….

Толығырақ

АҒА ТУРАЛЫ ҮЗІК СЫР

Ілгергіден қалған сөз «Бір нәрсені ұмыт — біреуге істеген жақсылығыңды ұмыт. Бір нәрсені ұмытпа — біреуден көрген жақсылығыңды ұмытпа»- деп отырар еді шежіреші ақсақал Ләтіп қожа Мірәшімұлы (1912-2001). Ол сөзді әрі қарай «тәпсірлеп»; жақсы менен жаманның, обал мен сауаптың, ақ пен қараның ара жігін безбендеп, бір ауыз сөздің қауызына сыйғызып, жіктеп жеткізгенде -«ойпырмай, біз не оқып жүрміз?» -деп ойланып қалатынмын. Ол кісі «Тауелібайға» «Бұлбұл Ләтіп» атанған сөз зергері еді. «Күреспей тұрып айқайлаған жығылып тынадының» кебі. «Ұрандап» жүріп, ұлағатты сөзден бос қалатын түріміз бар. Әсіресе, әкемнің өмірден өтуі (Нұрмахан қожа 1900-1975)…

Толығырақ