КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ 7 ҮЛКЕН ҚАТЕЛІК

КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ 7 ҮЛКЕН ҚАТЕЛІК

Кәсіп – үлкен кіріс көзін алып келетін, адамдар арасында тығыз қарым-қатынас орнату арқылы жұмыс жасау деген сөз. Кәсіпкерлікпен айналысатын адам – кәсіпкер. Ол – алдыға сүйреп жүруші күш. Оның басты міндеті – осы кәсіпті дөңгелету. Ал сіз кәсіпкер болсаңыз, сізді құртатын үлкен 7 қателікпен таныс болыңыз. Жауапкершілікті сезінбеу  Жауапкершілікті сезінбейтін адам қауіпті. Себебі, ол жұмысына селқос қарау арқылы одан нәтиже шығар алмайды. Ал кәсіпкерлікте жауапкершілік болмаса, істің далаға кеткені деп біліңіз. Ат үсті қарау Жұмысты ешқандай ниетсіз жасау, тезірек бітіруді қалап, тезірек үйге жетуді аңсайтын адамнан үлкен кәсіпкер шықпайды. Себебі, кәсіп…

Толығырақ

ҒАЛЫМДАР ШЕМІШКЕНІҢ ҚҰПИЯСЫН АШТЫ

ҒАЛЫМДАР ШЕМІШКЕНІҢ ҚҰПИЯСЫН АШТЫ

Дәрігерлер атеросклероз, бауыр ауруына және өт шығару жолдары ауруларына шемішке пайдалы дейді. Америкалық ғалымдардың пікірінше, күнбағыс дәнегі қартаю процесін тежейді. Ол үшін шемішкені көп мөлшерде пайдаланбаса да болады. Басты талап — шемішке қуырылмаған және қабығынан тазартылмаған болу керек, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі segodnya.ua-ға сілтеме жасап. Оның құрамында көп мөлшерде фосфолипидтер шоғырланған және майда еритін дәрумендер мен стиролдар бар. Бұлар адам өмірін ұзартып, денсаулығын нығайтып және адамның жастық қалпын сақтайды. Сонымен қатар шемішкенің құрамында жүрек-қан тамырлары жүйесіне қажетті калий, магний бар. Дәрігерлер атеросклероз, бауыр ауруына және өт шығару жолдары ауруларына…

Толығырақ

Үйде мысық ұстағанның пайдасы көп

Үйде мысық ұстағанның пайдасы көп

Расында да халық арасында асыранды  үй мысығына қатысты неше түрлі пікірлер бар. Базбіреулер сырқат адамдарды аурудан мысық айықтырады десе, екіншілері қарама-қарсы тұжырым айтады. Десек те, жақында неміс ғалымдары жағымды жаңалықтың шетін шығарды, олар ғылыми негізге сүйене отырып тұжырым жасады. Мельбурн университетінің  мамандары жақында ұзақ уақыт бойы күйзелісте жүрген адамдарға сынақ жүргізген көрінеді. Оларды ауыр жағдайдан шығару үшін  жандарына мысық жіберген. Еркелеген мысықтың басынан сипаған сайын күйзелісте жүргендердің өңінде уақыт өте келе өзгеріс байқалған. Жүйкелері де тыныштала бастаған. Тіпті олар бір аптадан кейін күйзелістен тез шығып кеткен көрінеді. Тіпті бұл жаңалықтан…

Толығырақ

ГЕПАТИТПЕН АУЫРАТЫНДАРҒА 4 КЕҢЕС

ГЕПАТИТПЕН АУЫРАТЫНДАРҒА 4 КЕҢЕС

1. Емханада ол инфекционистiң, гастроэнтерологтiң немесе терапевтiң ұдайы бақылауында болуы керек. Бұл – ереженiң бiрiншi қағидасы. 2. Диетаны сақтау да өте маңызды. Науқас дәрумендерi мол тағамды тәулiгiне төрт рет қабылдауы қажет. Әсiресе, сүт ақуызы, майсыз сүзбе өте жақсы сiңедi. Ең дұрысы, тағам мәзiрiн диетологпен келiскен абзал. 3. Темiрдi қалыптан тыс қабылдау бауырға зиян келтiруi мүмкiн. Вирустық гепатиттi жұқтыру қаупi өте жоғары болғандықтан, бұл дертпен ауыратындар санитарлық-гигиеналық iс-шараларды мұқият сақтағаны ләзiм. 4. Артық салмақты қадағалау да ерекше мәнге ие. Алкогольден, шылым шегуден, күн көзiнде ұзақ болудан мүлдем бас тартқан дұрыс. Майлы…

Толығырақ

КЕНЕНІ ҚОЛМЕН ЕЗБЕҢІЗ…

КЕНЕНІ ҚОЛМЕН ЕЗБЕҢІЗ…

Кене шаққан жағдайда не істеу керек? Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы белгiлерiн қалай бiлуге болады? Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Айжан Молдабаева әңгімелеп берді. Маманның айтуынша, ең алдымен кене шаққан адамның дене қызуы 40 градусқа дейiн көтерiледi. Басы қатты ауырып, буындары сырқырайды. Жүрегi айнып, құса бастайды. Асқа тәбетi болмайды. Кене шаққаннан кейiн екiншi-бесiншi күндерi науқастың аузынан, мұрнынан, асқазанынан, iшегiнен, әйелдердiң жатырынан қан кетедi. «Қауiптi дерттiң алдын алу үшiн мынадай шараларды мұқият сақтағаны дұрыс. Ауру анықталғанда арнайы киiм кию керек. Қораны тазалағанда, табиғатта демалғанда киiмдi шешiп, мұқият…

Толығырақ

ҚОЙ БАСТЫ

Қазақтың текемет басуы, кілем тоқуының өзіндік әдет-ғұрыптары болған. Киіз басуға ауыл әйелдері жиналып, жүнді бояудан бастаған. Сосын үй иесінің әйелі оны жайып, арасында түйіншектелген мата қиындысын жасыратын. Қазақ халқының ырым-сенімінде жүнді ширатып ажырату кезінде ол кімнің етегіне ілінсе, сол әйелдің жолы болады деп сенген. Әйел болса, бұған алғыс ретінде арнайы дастарқан жаюға тиісті болған. Текемет тепкенде ауыл арасында домалата жүріп, бір үйдің тұсына келгенде «Қой басты, қой басты!» деп айқайлап шулаған. «Үйін қой басып бара жатқан» үй иесінің әйелі сыртқа шығып, тебушілерге дәмді тағамдар ұсынған немесе қой сойған. Киізді біраз…

Толығырақ

ЖЫЛУ ЖИНАУ

Егерде бір қазақтың үйі өртеніп кетсе, я ауылын бөгде біреулер шауып, мүліктері тоналса немесе елдері аштыққа ұшыраса, онда бүкіл халықтан көмек жиналатын болған. Бұл дәстүрді жылу жинау деп атаған. Мұндайда көмек сұраған адам алдымен ру басыларына қонаққа шақырып, әңгіме бастай отырып, әдет-ғұрып бойынша адамдардың басына іс түскенде бір-біріне көмек беретіндігін айтқан. Содан соң бұйымтайын, «Қасықтап алғанмен көл таусылмас, бергенмен мүсәпірге ел таусылмас» секілді мақал-мәтелдерді аузына алып, жәрдем сұраған. Билер бұған: «Бір түскенде бір болар, көп түкірсе көл болар» деп жауап берген. Осылайша жалпы халықтық көмек беру мәселесі шешілген. Бұдан кейін…

Толығырақ

ДЕҢГЕНЕ

Деңгене-бұрынғы заманда ел көңілін көтеретін қызықты дәстүрлердің бірі. Оны жасау үшін екі немесе үш жігіт бас қосып, өз ауылының, я көрші отырған ауылдың бір үйінің есігін қағып: «Деңгене! Деңгене жеуге келдік!» деп дауыстаған. Үй иесі бұл сөзді естіген соң қонақтарды ішке кіргізіп, оларға арнап бір семіз қой сойып, қазан көтерген. Содан кейін үй иесі түгелімен пісірілген етті дәметіп келген жігіттердің алдына тартқан соң қонақтар сол қойдың етін жеп, сорпасын ішіп тауысуға тиіс болған. Егер олар қойды жеп кетсе, онда қойдың кұны сұраусыз қалып, ал егер олар етті тауыса алмаса қонақтар…

Толығырақ

FACEBOOK-те АЛАЯҚТЫҢ АРБАУЫНА ТҮСІП ҚАЛМАУ ҮШІН НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

FACEBOOK-те АЛАЯҚТЫҢ АРБАУЫНА ТҮСІП ҚАЛМАУ ҮШІН НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

Интернетте жасалатын қылмыс саны жыл сайын артып келеді. Фейсбукті 2 млрд-тан астам адам қолданатындықтан қылмыскерлер мұнда да көптеп кездеседі. Ең сорақысы, алаяқтықтың жаңа түрлері әлеуметтік желілерде тез таралып кетеді! Қазіргі таңда алаяқтар жаңа айла-тәсілдің көмегімен миллиондаған Фейсбук қолданушының мәліметін ұрлап жатыр. Қалай дейсіз ғой? Сіздің поштаңызға базбіреулер Facebook-тің атынан хат жібереді. Онда алаяқтар сіздің қауіпсіздігіңіз үшін деген желеумен қолданушының аты-жөні мен құпия сөзін жазып жіберуін өтінеді. Әдетте ол мынадай үлгіде келеді Егер мәліметті енгізсеңіз, тұзаққа түстім дей беріңіз! Айтпақшы, хаттың көрінісі сәл басқаша болуы да мүмкін, алайда онда да құпия…

Толығырақ

ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ ҮШІН КҮНІНЕ ҚАНША СУ ІШУ КЕРЕК?

ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ ҮШІН КҮНІНЕ ҚАНША СУ ІШУ КЕРЕК?

Әркім денсаулығының мықты болғанын қалайды. Адамдар салауатты өмір салтын ұстануға тырысып бағатыны сондықтан болса керек. Дәрігерлердің айтуынша, денсаулықты сақтауда судың да алатын орны ерекше, деп жазды Маркетиум сайты. Су –тіршілік көзі. Сондықтан қалай дегенде де су ішу адам ағзасына тек қана пайда әкеледі. Егер ағзада су тапшылығы болмаса, сіз өзіңізді сергек сезінесіз. Сонымен, адам тәулігіне қанша су ішу керек? Ғалымдар күн сайын ерлерге 3 литр, әйелдерге 2,2 литр су ішу жеткілікті екенін айтады. Алайда бұған таза газдалмаған су ғана емес, өзге де сусындар кіреді. Орташа алғанда күніне 240 миллиграмнан 8…

Толығырақ