АЗАМАТТАРДЫ КҮЗГІ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ

Қазақстанның барлық өңірлерінде  Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес,  азаматтарды мерзімді күзгі әскери қызметке шақыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. 2017 жылдың күзінде әскери қызметке кейінге шақырылуға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар, 18 бен 27 жас аралығындағы жастар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жасы 27-ге толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген жастар шақырылуға жатады. Азаматтар шақыру учаскелеріне тіркелу сәтінен бастап, әскерге шақырылғанға дейін, жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері мерзімді әскери қызметке жататын азаматтарды жүйелі түрде зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Дәрігер мамандарымыз әрбір шақырылушының әскери қызметке…

Толығырақ

ПӘТЕРІҢІЗДІ ҚАУІПСІЗ ЕТІҢІЗ

ПӘТЕРІҢІЗДІ ҚАУІПСІЗ ЕТІҢІЗ

Осындай тақырыппен аудандық ішкі іштер бөлімінің мәжіліс залында Қызылорда ОІІД КПБ-ның АМІЖ аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі И.Мырзаев және КҚБб ЕТЖ аға инспекторы, полиция подполковнигі С.Жүсіпова Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Бөтен мүлікті ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған бағдарлама» талаптарын іске асыру мақсатында басқосу өткізді. Басқосуға учаскелік полиция қызметкерлері мен кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлік бөлімі мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Аудандық ішкі істер бөлімінің 9 айда ұрлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында жүргізген жұмыстарына тоқталып, күзет қызметін күшейту, бөтен мүліктің қауіпсіздігін сақтауға байланысты жадынамалар мен ескерту хаттар таратылды….

Толығырақ

«Сауда үздігі» республикалық байқауында қызылордалықтардың мерейі үстем болды

«Сауда үздігі» республикалық байқауында қызылордалықтардың мерейі үстем болды

«Сауда үздігі — 2017» республикалық байқауында қызылордалық 3 компания ең үздік компания ретінде танылды, деп хабарлады ҚазАқпарат  тілшісі облыстық кәсіпкерлер палатасына  сілтеме жасап. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен «Атамекен» ҰКП мен Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығының бірлесіп өткізген байқауы биыл Атырау қаласында өткен болатын. «Сауда үздігі» байқауының мақсаты — кәсіпкерлердің кәсіби қызметіне жоғарғы баға берумен қатар Қазақстанның сауда кәсіпорындарының үздік басшыларын анықтау, сервис деңгейін және қызмет көрсету сапасын көтеру, еліміздегі сауда саласына заманауи формаларды енгізу болып табылады. Аталмыш байқауға қатысқан Қызылорда облысының кәсіпкерлері бірнеше номинациялар бойынша І орынды жеңіп алды. Атап…

Толығырақ

Елбасы астық жинау науқанын аяқтаған еңбеккерлерді құттықтады

Елбасы астық жинау науқанын аяқтаған еңбеккерлерді құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев астық жинау науқанының табысты аяқталуына байланысты еңбеккерлерге құттықтау жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Астық жинау — диқандар үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін айтулы науқанның бірі. Егін ору нәтижелері мемлекеттегі азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты айқындайды. Сіздердің маңдай терлеріңіздің арқасында Қазақстан өзінің жетекші астық державасы екенін тағы да дәлелдеді. 21 миллион тоннадан аса астық жиналды. Соның үштен екісінен астамы әлемдік стандарттарға сай келетін жоғары сапалы өнімге жатады. Майлы дақылдар егілетін егістік алқабы айтарлықтай көбейді. Жалпы, астық жинау науқанының қорытындысы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің әлеуеті…

Толығырақ

Головкин-Альварес кездесуі жылдың ең танымал жекпе-жектері тізіміне енді

Головкин-Альварес кездесуі жылдың ең танымал жекпе-жектері тізіміне енді

Enca.com сайты 2017 жылдың ең танымал жекпе-жектерінің тізімін жариялады, хабарлайды Sports.kz. Тізімге АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 16 қыркүйекте өткен қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек енгізілген. Бұдан тыс, тізімнен орын алғандар қатарында: Энтони Джошуа — Владимир Кличко және Кит Турман — Дэнни Гарсия жекпе-жектері де бар. Сондай-ақ сайттың айтуынша, украиналық Василий Ломаченко мен кубалық Гильермо Ригондоның 9 желтоқсанда өтетін жекпе-жегі жанкүйерлер жадында көп сақталады деу қиын. Еске сала кетсек, Головкин — «Канело» айқасында жеңімпаз анықталмаған болатын, енді тараптар 2018 жылғы 5 мамырда реванш өткізу жөнінде…

Толығырақ

Биыл қыс ерте түседi – Қазгидромет

Биыл қыс ерте түседi – Қазгидромет

Ұзақ мерзiмдi болжамдарға сәйкес, Қазақстанда қыс ерте түседi және ол қарлы болады. Қарашаның соңында аяз күтiледi. Бiрақ, қыс былтырғыдан суық болмайды. «Қазгидромет» РМК директоры Марина Шмидт ОКҚ брифингi барысында осылай айтты, деп хабарлады Baq.kz тiлшiсi. Маманның айтуынша, ұзақ мерзiмдi болжамдарға сәйкес, Қазақстанда қыс ерте түседi және ол қарлы болады. Елiмiзде 17-21 және 25-28 қазанда ауа райы тұрақсызданып, жаңбыр мен қар жаууы ықтимал. Түнгi уақыттарда ауа температурасы 0 градустан төмендеп, көктайғақ болуы мүмкiн. «Дегенмен, биылғы қыс өткен жылғы қыстан суық болмайды. Бiз 1-2 градусқа ғана айырмашылық болады деп болжап отырмыз. Сондықтан,…

Толығырақ

Әлмерек батырдың батасы

Әлмерек батырдың батасы

Бірде Әлмерек батыр алыс сапарға шығады. Ұзақ жол жүреді. Бір күні кештете қазақ салты бойынша алдынан кездескен ауылға атының басын бұрады да, еңселі ақ боз үйдің алдына барып тоқтайды. Құдайы қонақты көрген бір жігіт жолаушының атын ұстап, мама ағашқа байлайды да, есік ашып үйге кіргізеді. Үй иесі қонақпен амандасып, төрге шығарады. Мал сойғызып, ықыласпен сыйлайды. Таңертеңгісін орнынан тұрып қараса, қонақтың арқандаулы аты қара терге шомып, есеңгірегеннен тәлтіректеп тұр екен. Сөйтсе, ат дертке шалдыққан. Қонақ сондағы оташыға атын қаратып, бұл үйде жатып қалады. Сонда барып Әлмерек байқап қараса, бұл үйдегі адамдардың…

Толығырақ

ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК-ҚЫЗМЕТТІК МАҚСАТТА

ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК-ҚЫЗМЕТТІК МАҚСАТТА

Жақында аудан әкімдігі жанындағы алаңда «Қызметтік көлік-қызметтік мақсатта» атты акция болып өтті. Акцияны аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов ашып, аталған шараның мақсатын түсіндірді.Шара аясында қызметтік автокөліктерге арнайы логотиптік белгілері бар  жапсырмалар жабыстырылды.Акцияның аты айтып тұрғандай,  мемлекеттік қызметшілер қызметтік көлік құралдарын тек жұмыс бабымен ғана пайдалануы тиіс. Ал, жеке мақсатта пайдалануға тыйым салынады. Өкінішке орай, өңірімізде мұндай кемшіліктер ара-тұра кездесіп жатады. Осы кемшіліктің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған бұл акция негізінде аудан тұрғындары қызметтік көліктің басқа мақсатта пайдаланылғанын байқаса, тиісті органдарға қоңырау шалып, бейнежазбалар жолдауына болады. Ақнұр САҒЫНТАЙ.

Толығырақ

САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

Жақында аудандық Жыраулар үйі мен №26 мектепте өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған аудандық мәслихат депутаттарын сайлайтын №4 «Сырдария», №6 «Теміржол» сайлау округтеріне тіркелген аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Д.Буханов, Л.Балатаева, А.Жұмахмет, Б.Нысанбаев, А.Ермаханова, А.Ермахановтардың сайлаушылармен кездесуі өтті. Кандидаттардың сенімді өкілдері олардың өмірбаяндарымен таныстырып, ауданның әлеуметтік, экономикалық өркендеуіне қосып жүрген елеулі еңбектеріне тоқталды. Бұдан кейін кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, кенттегі және елді мекендердегі өзекті мәселелердің шешімін табуда ізденісті жұмыстар жасай беретініне сендірді. Сайлаушылар атынан шығып сөйлеген Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жәкеев, теміржолшы Е.Есмамбетов, №26 мектептің мұғалімі Т.Түркешовалар  кандидаттарға сәттілік тілеп, тұрғындарды…

Толығырақ

КӘСІПКЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨП

КӘСІПКЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨП

Сәрсенбі күні аудандық К.Рүстембекұлы атындағы жыраулар үйінде Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласындағы филиал директорларының кәсіпкерлер алдындағы есепті кездесуі болып өтті. Кездесу жиынын Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қожахмет Әбілқайырұлы ашып, жүргізіп отырды. Есепті кездесуде алғаш сөз тізгінін аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов алды. — Еліміз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде қалыптасқаннан соң нарықтық экономикаға бет бұрғанымыз белгілі. Жаңа жүйеге орай кәсіпкерлерге де мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетіліп келеді. Ауданымызда да кәсіпкерлердің саны артып, кәсібін дөңгелентіп отырғандары жетерлік, -деді. Келесі кезекте аудандық прокуратураның аға прокуроры Мұхтар…

Толығырақ