Әженің айтар ақылы

Әженің айтар ақылы

Шаңырақта ата мен әженің рөлі қашанда зор. Олар немересінің жақсы адам боп қалыптасуына бірден бір себепкер жандар десек артық айтқандық емес. Ата-әженің тәрбиесін көрген бала жаман болмайды. Атаның өсиеті мен әженің ақылын тыңдаған баладан ел тұтқасын ұстар үлкен азамат шығады. Бала бүгін бала болғанымен, ертеңгі шаңыраққа ие адам сол. Оның қаншалықты шаңырақты ұстап қалуы бүгінгі берілер тәрбиеге байланысты. Әже немересіне қандай ақыл айтады? 1. Жар қылып алар қызыңның шешесіне қарарсың. Шеше көргенді ал. Алма ағашынан алысқа түспейді. 2. Сонан соң әкесіне қара. Әке қатал, әрі мейірімді болуы керек. Билігі еркекте…

Толығырақ

ЕЛІҢ ҚУАТТЫ БОЛСА, БАҒЫҢ ТҰРАҚТЫ БОЛАДЫ

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің қайта түлеудің маңызды екі процесі — саяси реформа мен экономикалық жаңғыруға бастайтын ауқымды бастамаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келе жатқанымыз баршамызға белгілі. «Нұр Отан» партиясы өзінің құрылған күнінен бастап осы ауқымды істердің көш басында келеді. Қазір «Нұр Отан» жұмылдырушы, біріктіруші, нағыз елдік партияға айналды. Партияның ұйымдық негізін бастауыш партия ұйымдары құрайды. Солардың бірі — «Аэропорт» бастауыш партия ұйымы. Бастауыш партия ұйымына №30 орта мектебі, КРЭК мекемесі, «Жұлдыз», «Айсұлу», Айгөлек», «Сардарбек» балабақшалары және аудандық жалпы білім беретін кешкі мектеп кіреді. Аталған партиялық топтарда 267…

Толығырақ

ҚҰНДЫ ҚАҒАЗ КІМДЕРГЕ ҚОЛЖЕТІМДІ?

ҚҰНДЫ ҚАҒАЗ КІМДЕРГЕ ҚОЛЖЕТІМДІ?

Халық арасында биржаға қатысты түрлі түсініктер қалыптасқан. Бірі «инвестор болу тым қиын» десе, енді бірі «инвестиция құмар-ойын секілді» деп ат-тондарын ала қашады. Тіпті кейде «құнды қағаздарды сатып алу орасан зор ақшаны қажет етеді» деп ойлайтынымыз да жасырын емес. Бірақ бұл түсініктердің көбісі биржадағы шындықпен жанаса бермейді. Сол себепті, бүгін Freedom Finance компаниясының бас инвестициялық кеңесшісі Бауыржан Сыдықовпен бірге қор нарығындағы аңыз әңгімелердің рас-өтірігіне көз жеткізетін боламыз. Бауыржан мырзаның күні таңертең на­рық жаңалықтарын оқудан басталады. Қор биржасында кез келген динамиканы қалыптастыратын ақпарат екенін біріміз білсек, біріміз бейхабармыз. Брокер клиенттің жағдайына қарап…

Толығырақ

ТҮЙЕ СҮТІН ӨНДІРУДІ ЕҢ ЖАҚСЫ МЕҢГЕРГЕН ХАЛЫҚ

ТҮЙЕ СҮТІН ӨНДІРУДІ ЕҢ ЖАҚСЫ МЕҢГЕРГЕН ХАЛЫҚ

Қазақстандық шаруаларды кәсіпке оқыту және үйрету ісімен шұғылданатын «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Біліктілік орталығының шақыруымен келіп, елімізде жұмыс істеп жатқан БҰҰ Азық-түлік ұйымында қызмет ететін неміс сарапшысы Марио Юнанмен жолығып, әңгімелескен едік. Ол әлем елдеріндегі түйе шаруашылықтарының даму жағдайын зерттеп жүр екен. – Марио Юнан мырза, әлем­де қанша ел түйе өсіру ісімен айна­лысады? – Әлемде 48 мемлекет түйе өсіреді. Соның ішінде Африка­дағы бірқатар мемлекеттер мен араб елдері осы іспен көбірек шұғыл­данады. – Олардағы түйе шаруашы­лықтарының жағдайы қалай? Біздің Қазақстанға қарағанда қандай артықшылықтары бар? – Жалпы, бәлендей артықшы­лықтары бар деп айтуға…

Толығырақ

КЕНТ КӨРКІНЕ ӘРБІР ТҰРҒЫН ЖАУАПТЫ

КЕНТ КӨРКІНЕ ӘРБІР ТҰРҒЫН ЖАУАПТЫ

Аудан әкімінің өкімімен өңірімізде күзгі көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығы жүріп жатқанына да бір айдан асты. Тазалық айлығы басталғалы бері ауданымызда біршама жұмыстар атқарылды. Нақтырақ айтқанда, осы уақытқа дейінгі өткізілген сенбіліктерде 1511 метр шарбақ сырланса, 51,1 шақырым арық іші қоқыстан аршылып, тазаланды. Сонымен бірге, 1500-ге жуық тұрғын үй сырты және 2000-ға жуық түп түрлі ағаштар әктелсе, 968 текше метр күл-қоқыс шығарылды. Осы сенбіліктерге 4154 адам және 31 техника тартылған екен. Негізінен   сенбіліктерге шыққан денсаулық сақтау, білім, спорт саласы және аудан әкімдігіне қарасты кәсіпорындар мен дербес бөлімдер қызметкерлері түске дейін…

Толығырақ

ЖАС ДАРЫН

ЖАС ДАРЫН

Жыл сайын елімізде республикамыздың барша азаматтары Қазақстан халқының тілдері күні мерекесін атап өтеді. Осынау атаулы күн қарсаңында Қызылорда облысының «Азаматтық Альянс» қауымдастығының қолдауымен және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігінің Байқоңыр филиалы төрайымының ұйымдастыруымен тіл мерекесіне орай «Тіл – ұлттың жаны, халықтың үні» атты аймақтық іс-шара өткізілді. Бұл шараның мақсаты — мемлекеттік тілге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтіп, дамыту және мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, дарынды жастарға қолдау көрсету.           Аталған тіл мерекесіне арналған іс-шара аясында көптеген байқаулар, поэзиялық кештер мен салтанатты жиындар өткізілді. Аймақтық шараға…

Толығырақ

ГАЗ ӘЛДЕ БЕНЗИН?

ГАЗ ӘЛДЕ БЕНЗИН?

Мұнай бағасының өсуіне байланысты еліміздегі бензин бағасы күрт көтеріліп кеткені белгілі. Жергілікті жерлердегі, қала мен аудандардағы жанар жағарамай бекеттерінде бензин тапшылығы да орын алды. Көлікпен қатынайтын жандар мен жүргізушілер үшін бұл үлкен мәселе. Ал газ пайдаланатын көлік жүргізушілерінің ұйқысы тыныш. Неге? Газбен жүретін көліктердің бензинге қарағанда шығын жағынан пайдасы екі есеге аз. Газбен жүретін көліктердің қозғаушы күші бір қалыпты жұмыс істейді. Қозғалтқыш майына келген кезде газдың үш бірдей пайдасы тиеді: – Майдың шығыны азаяды; – Үнемі ауыстырудан құтыласыз, тек анда-санда ғана ауыстырып отырасыз; –  Майды айналдырушы қозғалтқыш цилиндрі ұзақ уақыт жұмыс істейді….

Толығырақ

ІШКІ СҰЛУЛЫҚ ПЕН СЫРТҚЫ СҰЛУЛЫҚ

ІШКІ СҰЛУЛЫҚ ПЕН СЫРТҚЫ СҰЛУЛЫҚ

Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік әрі аузы сасық екен, ал екіншісі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі аузынан хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып:  – Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де, қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер, – дейді. Құл болса, жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да, мақтаудан басқа…

Толығырақ

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН. «ӘКЕ МЕН БАЛА» (ӘҢГІМЕ)

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН. «ӘКЕ МЕН БАЛА» (ӘҢГІМЕ)

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: —Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп. Бала әкесіне: — Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем — бірем алып жеп, баласына…

Толығырақ

РУХАНИ БОСТАНДЫҚ

РУХАНИ БОСТАНДЫҚ

Бүгінгі жастар легінің мінез қа­лыбы қатары сетіней бастаған аға ұрпақ өкілінен көп өзгешелеу. Ар­маншыл алып-ұшқан жаратылыстан гөрі ұстамды кейіптерінде өмірдің өтпелілігіне әлден-ақ бойлап үлгеріп, дүниенің мәнін терең түсінген сабырлы қариядай. Аға ұлттың алдында именшектеп, айбынынан жас­қанатын жағдайларды бастарынан көп өткерген сол уақыттың  ұл­дары мен қыздары жат орталардың қысылтаяң ахуалдарына сыр бермей төтеп бергенін кейде ойласаң – ерлікке барабар ерекшелік пе дейсің. Қазақтың қалың ортасынан шығып, орта мектепті ана тілінде бітірген бойда орысша оқуға тап келіп, мамандық атаулыны сол тілде игерудің машақаты өз алдына, тәкаппар да үстем назарға ілігіп, мойындатудың өзі…

Толығырақ