АУДАНДЫҚ СОТТА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА

Есепті мерзімде аудандық сотта аталған санатта 2 адамға қатысты 2 қылмыстық іс қаралып, нәтижесінде 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімімен бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалса, 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК-нің 65-бабының 1-бөлігі негізінде жауаптылықтан босатылып, іс өндірістен тоқтатылған.

Айыптау үкімі қабылданған 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 361-бабының 2-бөлігімен яғни, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген лауазымды адам бола тұра, өзінің қызметтік өкілеттіктерін өзі және басқа адамдар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қызмет мүдделеріне қайшы пайдаланып, азаматтың және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Ал қаулы қабылданған 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 361-бабының 2-бөлігі, 369-бабының 2-бөлігімен яғни, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген лауазымды адам бола тұра, өзіне пайда мен артықшылық алу мақсатында өз қызметтік өкілеттігін қызмет мүдделеріне кереғар пайдалынып, сондай-ақ өзі үшін пайда мен артықшылық алу мақсатында көрінеу жалған құжат беру арқылы қызметтік жалғандық жасап, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің елеулі түрде бұзылуына әкеп соқтырған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Осы мерзімде қаралған 2 адамға қатысты 2 қылмыстық іс бойынша сотталушылардың атқарған қызметтік лауазымдарына тоқталсақ, 1-уі Қармақшы АІІБ-нің бастығының орынбасары, 1-уі Қармақшы аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы болған.

Бұл сот актілері бүгінгі күнде заңды күшіне енген.

 

Е.Құтыбаев,

Қармақшы аудандық сотының судьясы.

Көрудің саны: 12  

Жаңалықтар