ҒАЛЫМДАР ШЕМІШКЕНІҢ ҚҰПИЯСЫН АШТЫ

Дәрігерлер атеросклероз, бауыр ауруына және өт шығару жолдары ауруларына шемішке пайдалы дейді. Америкалық ғалымдардың пікірінше, күнбағыс дәнегі қартаю процесін тежейді. Ол үшін шемішкені көп мөлшерде пайдаланбаса да болады. Басты талап — шемішке қуырылмаған және қабығынан тазартылмаған болу керек, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі segodnya.ua-ға сілтеме жасап.

Оның құрамында көп мөлшерде фосфолипидтер шоғырланған және майда еритін дәрумендер мен стиролдар бар. Бұлар адам өмірін ұзартып, денсаулығын нығайтып және адамның жастық қалпын сақтайды.

Сонымен қатар шемішкенің құрамында жүрек-қан тамырлары жүйесіне қажетті калий, магний бар. Дәрігерлер атеросклероз, бауыр ауруына және өт шығару жолдары ауруларына да шемішкенің пайдасы барын айтады. Сонымен қатар калий мен магний қан тамырларының жұмысын жақсартып қана қоймай, бет терісіне де оң әсер етеді екен.

Шемішкенің құрамында қартаю процесін тежейтін Е дәрумені бар. Ал мырыш шаштың өсуін жақсартады. Бірақ күнбағыс дәнегінде колория өте жоғары. 100 грамм дәнекте еттен 4 есе және наннан 3 есе көп колория бар екен.

Көрудің саны: 39  

Жаңалықтар