АЛМАТЫДА ЖАҢБЫРДАН КЕЙІН БІРНЕШЕ КӨШЕНІҢ АСФАЛЬТІ ОПЫРЫЛЫП ТҮСТІ

Алматыда кеше алғашқы қар жауған болатын. Қардың соңы жаңбырға ұласып, ол жаңбыр жаңа төсеген асфальтқа біраз зақым келтірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. sputniknews.kz агенттігінің мәлімдеуінше Алматыда жаңадан төселген асфальт жаңбырға төтеп бере алмады. Жол төсемесі қаланың бірқатар көшесінде опырылып түсті. Бұрын Алматы көшелерін жаңбырдан кейін су басатын болса, ендігі кезде жаңбыр жол төсемесіне зақым келтіріп жатыр.

Мысалы, Қалқаман-2 шағын ауданында Бәйкен Әшімов көшесінде төселген асфальт КамАЗ» автокөлігінің астында опырылып түсті. Сондай-ақ автокөлік иелері Яссауи көшесінің бір бөлігін айналып өтуге мәжбүр. Бұл жерде де асфальт бірнеше жерде төмен түсіп кеткен. Бұған дейін осындай оқиға Асқаров көшесінде болғаны хабарланған болатын.

Ескерту! Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

Көрудің саны: 81  

Жаңалықтар