ҚОРҒА ҚАРАЖАТ ЖИНАҚТАУДЫ ТОҚТАТПАҒАН ДҰРЫС

ҚОРҒА ҚАРАЖАТ ЖИНАҚТАУДЫ ТОҚТАТПАҒАН ДҰРЫС

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу елімізде қарқынды жүргізіліп, биылғы шілде айынан бастап жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер қорға қаржы құя бастаған еді. Алайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда қолға алынған бұл реформаның әлі жетілмеген тұсы бар екенін айтып, мәселені жан-жақты саралағаннан кейін ғана нақты шешім қабылдауды тапсырды. Мемлекет басшысының сөзінен кейін медициналық сақтандырудың жайы не болып жатыр? Осы жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жоспарлау және медициналық қызметтерді сатып алу жөніндегі басқарушы директоры Ерік БАЙЖҮНІСОВПЕН әңгімелескен едік. – Ерік Әбенұлы, Елбасы міндетті әлеуметтік медицина­лық сақтандыру жүйесін енгізу­ге асықпауды тапсырды. Қазір…

Толығырақ

ІСКЕ КІРІСУ КЕРЕК

ІСКЕ КІРІСУ КЕРЕК

Күні кеше ғана латын әліпбиінің соңғы нұсқасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырғаны баршамызға аян. Содан бері елдің қызу талқысына түсіп, әркім өз ойларын ортаға салып жатыр. Осыған орай мен де пікірімді білдіруді жөн деп таптым. Мәңгілік Елге айналу үшін алдымен тіліміз, дініміз, діліміз мықты болуы керек. Сондықтан Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген тапсырмаларды орындауға білек сыбана кірісіп кеттік. Соның бірі латын әліпбиіне көшу туралы. Нұрсұлтан Әбішұлы: «2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп…

Толығырақ

БАЛҚЫ БАЗАР МЕН БАЛА ЖЫРАУ ТҰРЫМБЕТ

немесе қос Сыр сүлейінің Ұлытауға сапары «Сыр-Алаштың анасы» деп Елбасымыздың өзі анық бағасын берген елдің ұрпағы екенімізді қай жерде жүрсек те мақтан тұтатынымыз рас.Жүректің қан тамырларын тулататын, қиял-арманыңынды көкке самғататын бірауыз қанатты сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұзын аққан  сұлу Сырдың толқынды иірімдеріне терең үңілсеңіз, байыпты ой кешсеңіз, ықылым замандардың бірде көмескі, бірде бедерлі көне суреттері,  тарих тарланның сарғыш тартқан, сарғайып ұмыт бола бастаған көне беттері айқындалып, ашыла түскендей болады.Өмір де терең ағысты ұлы өзен секілді құбылыс.емес пе?! Одан алар тәлім де, өнеге, ғибрат та көп.Сыр-ананың парасатты пішімі сан ойларға…

Толығырақ

САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

Жақында аудандық Жыраулар үйі мен №26 мектепте өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған аудандық мәслихат депутаттарын сайлайтын №4 «Сырдария», №6 «Теміржол» сайлау округтеріне тіркелген аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Д.Буханов, Л.Балатаева, А.Жұмахмет, Б.Нысанбаев, А.Ермаханова, А.Ермахановтардың сайлаушылармен кездесуі өтті. Кандидаттардың сенімді өкілдері олардың өмірбаяндарымен таныстырып, ауданның әлеуметтік, экономикалық өркендеуіне қосып жүрген елеулі еңбектеріне тоқталды. Бұдан кейін кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, кенттегі және елді мекендердегі өзекті мәселелердің шешімін табуда ізденісті жұмыстар жасай беретініне сендірді. Сайлаушылар атынан шығып сөйлеген Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жәкеев, теміржолшы Е.Есмамбетов, №26 мектептің мұғалімі Т.Түркешовалар  кандидаттарға сәттілік тілеп, тұрғындарды…

Толығырақ

ӘКІМШІЛІК ҚАМАҚҚА АЛЫНДЫ

Қармақшы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен азамат З-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс құжаттарына сай, азамат З., 24 тамыз 2017 жылы жергілікті уақыт бойынша сағат 19.30 минут шамасында Жосалы кенті, Балқы базар көшесі бойында қоғамдық орынды бүлдіріп, айналасындағыларға сыйлаумашылық білдіріп, аталған әрекетті бір жыл көлемінде қайталап, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігінде қаралған құқық бұзушылықты жасаған. Сот отырысында азамат З-ның әрекеті өзінің мойындау түсінігімен, істегі өзге де құжаттармен толық дәлелденді. Сот қаулысымен азамат З. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Қаулы заңды…

Толығырақ

«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ

Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, 2017 жылдың 12 қазан күні Қармақшы аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қармақшы аудандық сотының судьясы Е.Құтыбаев қабылдады.   «Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.   Сонымен бірге, шараның міндеті сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдері мен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.   Бұл жолғы «Ашық есік күніне» Жосалы кенті тұрғыны азамат М. келіп, көршісі қарызға ақша алғандығын,  алайда…

Толығырақ

ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Жаңақорған ауданы әкімдігінің қолдауымен, Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен жақында Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде театр тарланы, режиссер, драматург Əмір Мажитовтың 80 жылдығына орай «Театр тарланы» атты халық театрлары мен драма ұжымдарының фестивалі өткізілді. Қазақ өнерінің шоқжұлдызы Тұңғышбай Жаманқұлов, Қалила Омаров, Оңталап Нұрмахановтар қазылық жасаған байқауда Қармақшы аудандық мәдениет үйінің «Халық театры» Әмір Мәжитовтың «Мың асқанға бір тосқан» қойылымын сахналап, үздіктер қатарынан табылып, ІІ дәрежелі диплом мен бағалы сыйлық иеленіп қайтты. Қойылымдағы үздік режиссерлік шешім мен шеберлік үлгісін көрсеткен,…

Толығырақ

ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында 18 қазан «Рухани келісім» күніне орай «Дін бірлігі – ел тұтастығының кепілі!» атты шағын футболдан жарыс өтті. Жарыста «Нұр» мешітінің бас имамы Үркімбаев Марат Дайрабайұлы сөз сөйлеп, «Рухани келісім» күніне орай және дін бірлігі – ел тұтастық кепілі тақырыбында қысқаша мәлімет беріп жастарға ыстық лебіздерін білдіріп, жарыста сәттілік тіледі. Жарысқа 5 команда қатысып, І орынды «Орда» әскери-патриоттық командасы, ІІ орынды «Жамағат 1» командасы, ІІІ орынды «Қармақшы» командасы иеленді. «Қармақшы…

Толығырақ

ТЕКЕЙ БАТЫР

ТЕКЕЙ БАТЫР

Барлық   қазақ жүздері мен руларының тарихында  әскери істі кәсібіне айналдырған кісілер  аз болмаған. Және олар жай  ғана  батырлар емес,   тұтастай бір ержүрек сарбаздар  мен әскери қолбасшылардың  әулеті   болуымен ерекшеленеді. Батырларымыздың  қай-қайсысы  да   жаумен  жан аямай   күресіп,  халқына  адал қызмет еткенін білеміз. Әсіресе, олардың абырой-беделінің  барынша   өскені ХYІІІ  ғасырдың   басындағы Тәуке хан  билік   құрған  тұста айтарлықтай  көзге түседі. Бұл қазақ  халқының  жоңғар басқыншыларына  қарсы азаттық күресімен байланысты. Сондықтан  бұл уақытты   халқымыздың ерлік  шежіресіндегі  жарқын беттерінің  біріне   жатқызуға әбден болады. Аймақтық  бытыраңқы  көшпенділік  пен ұлаңғайыр дала  жағдайында  Тәуке  ханның алдында  жоңғарлармен күресте …

Толығырақ

ЖЕРЛЕСІМІЗДІҢ ЖЕҢІСІ

Жақында Жаңақорған аудандық Мәдениет үйінде ақын, жазушы Адырбек Сопыбековтің 80 жылдығына арналған «Сырдың азаматы-өнердің қазанаты» атты жазба ақындар мүшәйрасында жерлесіміз Тұрар Бекмырзаев І орынмен марапатталды.

Толығырақ