ҚҰНДЫ ҚАҒАЗ КІМДЕРГЕ ҚОЛЖЕТІМДІ?

ҚҰНДЫ ҚАҒАЗ КІМДЕРГЕ ҚОЛЖЕТІМДІ?

Халық арасында биржаға қатысты түрлі түсініктер қалыптасқан. Бірі «инвестор болу тым қиын» десе, енді бірі «инвестиция құмар-ойын секілді» деп ат-тондарын ала қашады. Тіпті кейде «құнды қағаздарды сатып алу орасан зор ақшаны қажет етеді» деп ойлайтынымыз да жасырын емес. Бірақ бұл түсініктердің көбісі биржадағы шындықпен жанаса бермейді. Сол себепті, бүгін Freedom Finance компаниясының бас инвестициялық кеңесшісі Бауыржан Сыдықовпен бірге қор нарығындағы аңыз әңгімелердің рас-өтірігіне көз жеткізетін боламыз. Бауыржан мырзаның күні таңертең на­рық жаңалықтарын оқудан басталады. Қор биржасында кез келген динамиканы қалыптастыратын ақпарат екенін біріміз білсек, біріміз бейхабармыз. Брокер клиенттің жағдайына қарап…

Толығырақ

ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС АУРУЛАР АЛҒА ШЫҚТЫ

ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС АУРУЛАР АЛҒА ШЫҚТЫ

Денсаулықты күтуге қатысты түсініктеріміз бен көзқарастарымызды түбегейлі өзгертетін кез келді. Бұрын халық көбінесе жұқпалы дерттерден мезгілсіз көз жұматын болса, қазіргінің адамы қимылдың аздығынан, күйзелістен, қан айналымының бұзылуынан, дұрыс тамақтанбаудан айықпас кеселдерге душар болады. Қымбат-қымбат дәрілер ішеді, бірақ құлан-таза жазылып кетпейді. Әйтеуір бір дерт өкшелеп қалмайды. Неге? Осындай өзекті сауалдар төңіре­гін­де «Аман-саулық» қоғамдық қо­ры БАҚ өкілде­рімен брифинг өт­кізді. Жиын денсаулыққа зиянды факторлардың «зияндылығын төмендету» қағидаттарына арналды. Осы арада мына бір сәйкестікке мән берген жөн секілді. Осы баспасөз мәслихатынан бір күн бұрын ғана Алматыдағы академик Б.Жар­босы­нов атындағы урология ғылыми орта­лы­ғының бастамасымен «Ерлер…

Толығырақ

ЖАҢАРУ – ЖАЗУДАН БАСТАЛАДЫ

ЖАҢАРУ – ЖАЗУДАН БАСТАЛАДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген көкей­кесті мәселенің бірі – латын әліпбиіне көшу. Естеріңізде болса, бұл жөнінде 2012 жылы Елбасының халыққа Жолдауында да қозғалған болатын. Ендігі кезекте Президентіміз латын әліп­биіне көшудің нақты жолдарын айтып, осы мәселе зиялы қауым арасында кеңінен талқы­лануы қажет екенін алға тартты. Сондық­тан, күн тақыры­бында өткір тұрған, бүгінде қоғамда қызу талқыланып жатқан латын әліпбиіне көшу мәселесіне байланысты ой қозғауды жөн көрдім. Тарихтан белгілі, өткен ғасырдың 30-40 жыл­дары латын әліпбиі елімізде қаріп ретінде қол­даныста болды. Сол жылдары ғылым-білім туындылары, жалпы іс-қағаздар латын…

Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІМІЗДІ САҚТАУ ЖОЛЫ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІМІЗДІ САҚТАУ ЖОЛЫ

Елбасы «Болашаққа бағ­дар: ру­хани жаңғыру» атты мақаласында елдігі­мізді, тәуел­­­сіз­дігімізді нығай­ту мен ұлт­­тық құнды­лық­тары­мыз­­ды қастерлеуге қа­тыс­ты, адам санасын бү­гін­гі күн­­­нің алға тартып отыр­ған жаһан­дық өзгеріс­теріне бейім­деу қажет­тігін нақты атап көрсетті. Мемлекет басшысы осы бағдар­ламалық мақаласында ұлттық жазуымызды латын әліпбиіне көшіруді бастау қажеттігін көтер­ді. Бұл игі істен шет қалмай, бел­сен­ділік таныту әрбір ұлтжан­ды азаматтың парызы болуы тиіс. Тәуелсіздігіміздің елең-ала­ңында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Әбдуәли Қайдар латын әліпбиіне көшу мәселесін тұңғыш көтеріп, Елбасына хат жолдаған еді. Сол жылдардағы ахуалды, халықтың құрамын ескерген Президентіміз асықпай, міне, тәуелсіздігімізге 25 жылдан астам уақыт өткенде…

Толығырақ

ТҮЙЕ СҮТІН ӨНДІРУДІ ЕҢ ЖАҚСЫ МЕҢГЕРГЕН ХАЛЫҚ

ТҮЙЕ СҮТІН ӨНДІРУДІ ЕҢ ЖАҚСЫ МЕҢГЕРГЕН ХАЛЫҚ

Қазақстандық шаруаларды кәсіпке оқыту және үйрету ісімен шұғылданатын «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Біліктілік орталығының шақыруымен келіп, елімізде жұмыс істеп жатқан БҰҰ Азық-түлік ұйымында қызмет ететін неміс сарапшысы Марио Юнанмен жолығып, әңгімелескен едік. Ол әлем елдеріндегі түйе шаруашылықтарының даму жағдайын зерттеп жүр екен. – Марио Юнан мырза, әлем­де қанша ел түйе өсіру ісімен айна­лысады? – Әлемде 48 мемлекет түйе өсіреді. Соның ішінде Африка­дағы бірқатар мемлекеттер мен араб елдері осы іспен көбірек шұғыл­данады. – Олардағы түйе шаруашы­лықтарының жағдайы қалай? Біздің Қазақстанға қарағанда қандай артықшылықтары бар? – Жалпы, бәлендей артықшы­лықтары бар деп айтуға…

Толығырақ

Н.НАЗАРБАЕВ СОЧИДЕ ӨТКЕН ТМД-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Н.НАЗАРБАЕВ СОЧИДЕ ӨТКЕН ТМД-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесінде бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Қара теңіздің жағасындағы бас­қо­суға Қазақстан Республикасының Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Феде­ра­циясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Прези­денті Александр Лукашенко, Армения Рес­публикасының Президенті Серж Саргсян, Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам Әлиев, Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон, Тәжікстан Рес­публикасының Президенті Эмомали Рах­мон, Өзбекстан Республикасының Пре­­зиденті Шавкат Мирзиёев, Тү­рік­мен­стан Республикасының Прези­денті Гурбангулы Бердымұхамедов, Қырғыз Республикасының Премьер-Ми­нис­трі Сапар Исақов, сондай-ақ ТМД Ат­қа­ру комитетінің төрағасы – Ат­қа­рушы хатшысы Сергей Лебедев  келді. Молдова мен Өзбекстан елдерінің пре­зиденттері ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне алғаш рет қатыс­қанын айта кетейік. Мемлекеттер…

Толығырақ

ТҰТЫНУШЫ ӨЗ ҚҰҚЫҒЫН БІЛЕ МА?

Жақында «Жосалы кенті ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігі алқа мүшелерінің отырысы өтті. Онда соңғы уақытта халықты қыстық отынмен қамтамасыз етуде орын алып отырған кедергілер мен көмірдің дұрыс өлшеніп берілмейтіндігі, көмір өлшейтін таразының тұтыну стандарттарына сәйкес еместігі, тұтынушыларға алған көмірдің салмағы мен бағасы көрсетілген чек ұсынылмайтындығы, ал оны тұтынушы талап етпейтіндігі бұл мәселелердің бірнеше рет ескертілуіне қарамастан нақты нәтиженің болмай отырғандығы сөз болды. Тұтынушылар құқығын қорғау, халыққа сапалы қызмет көрсету жұмыстарын жолға қою, тиісті көмек көрсету, халықты нақты, ашық ақпаратпен қамтамасыз етіп, билік пен халық, кәсіпкерлер мен тұтынушылар арасында түсіністік орнату ісіне…

Толығырақ

АУДАНДЫҚ СОТТА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА

Есепті мерзімде аудандық сотта аталған санатта 2 адамға қатысты 2 қылмыстық іс қаралып, нәтижесінде 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімімен бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалса, 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК-нің 65-бабының 1-бөлігі негізінде жауаптылықтан босатылып, іс өндірістен тоқтатылған. Айыптау үкімі қабылданған 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 361-бабының 2-бөлігімен яғни, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген лауазымды адам бола тұра, өзінің қызметтік өкілеттіктерін өзі және басқа адамдар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қызмет мүдделеріне қайшы пайдаланып, азаматтың және мемлекеттің заңмен қорғалатын…

Толығырақ

СОТ ПРОЦЕССІ ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ӨТТІ

10 қазан 2017 жылы Қармақшы аудандық сотында  онлайн режимінде «скайп» бағдарламасы арқылы алимент өндіру жайлы азаматтық іс бойынша сот процесі өткізілді. Аталған сот процесіне  Қармақшы аудандық сотының судьясы Л.Алибекова төрағалық етті, сот отырысының хатшысы Қ.Есханов, жауапкер Қ. талап қоюшының сенімхат негізіндегі өкілі Г. қатысты. Жалпы сот процесі Қазақстан Республикасының АПК-нің нормаларына сай өткізілді. Процеске қатысушылар бірін-бірі көруге, естуге толық мүмкіндік алды, процессуалдық құқықтары мен міндеттерін еш кедергісіз жүзеге асыра алды.

Толығырақ

КЕНТ КӨРКІНЕ ӘРБІР ТҰРҒЫН ЖАУАПТЫ

КЕНТ КӨРКІНЕ ӘРБІР ТҰРҒЫН ЖАУАПТЫ

Аудан әкімінің өкімімен өңірімізде күзгі көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығы жүріп жатқанына да бір айдан асты. Тазалық айлығы басталғалы бері ауданымызда біршама жұмыстар атқарылды. Нақтырақ айтқанда, осы уақытқа дейінгі өткізілген сенбіліктерде 1511 метр шарбақ сырланса, 51,1 шақырым арық іші қоқыстан аршылып, тазаланды. Сонымен бірге, 1500-ге жуық тұрғын үй сырты және 2000-ға жуық түп түрлі ағаштар әктелсе, 968 текше метр күл-қоқыс шығарылды. Осы сенбіліктерге 4154 адам және 31 техника тартылған екен. Негізінен   сенбіліктерге шыққан денсаулық сақтау, білім, спорт саласы және аудан әкімдігіне қарасты кәсіпорындар мен дербес бөлімдер қызметкерлері түске дейін…

Толығырақ