ЖИЫН БОЛЫП ӨТТІ

ЖИЫН БОЛЫП ӨТТІ

Қармақшы аудандық Ү.Томанов атындағы №№ 183 орта мектепте 11 қазан күні мектеп директорының қатысуымен латын әліпбиіне көшу туралы жиын болып өтті. Жиында мектеп директры Кенжеева Алтынша сөз алып «Латын әліпбиіне көшу мәселесі Тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай көтеріліп келеді. 2006 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп,…

Толығырақ

«ОНЫҢ КӨЗҚАРАСЫ ӨТКІР, АЛ ЖҮРІСІ САЛИҚАЛЫ» — АРМЯНДЫҚ ФОТОГРАФ НАЗАРБАЕВТЫҢ СУРЕТІ ТУРАЛЫ

«ОНЫҢ КӨЗҚАРАСЫ ӨТКІР, АЛ ЖҮРІСІ САЛИҚАЛЫ» — АРМЯНДЫҚ ФОТОГРАФ НАЗАРБАЕВТЫҢ СУРЕТІ ТУРАЛЫ

Армения басшысы Серж Сагсянның жеке фотографы Давид Агопян Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше суретін жариялады. Давид Агопян суретті Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатқан ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі басталар алдында түсірген. Фотограф бұл суреттің ешқандай өңдеуден өтпегенін айтты. «Бұл бөлмеге кірген кезде, жарық жоғарыдан адам басына түседі. Фотоаппарат диагфрагмасын жапсаң, суретте ортада тұрған адам ғана көрінеді. Сочи уақыты бойынша 20:30-да түсірдім», дейді Агопян. Сонымен қатар, фотограф бұл суретті түсіруге бір жыл бойы дайындалғанын жеткізіп, ортада Серж Саргсянды бейнелегісі келгенін айтты. «Армения президентін түсіру үшін арнайы күтіп тұр едім. Сөйтіп Нұрсұлтан Назарбаевты түсірдім….

Толығырақ

КӘСІПКЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨП

КӘСІПКЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨП

Сәрсенбі күні аудандық К.Рүстембекұлы атындағы жыраулар үйінде Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласындағы филиал директорларының кәсіпкерлер алдындағы есепті кездесуі болып өтті. Кездесу жиынын Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қожахмет Әбілқайырұлы ашып, жүргізіп отырды. Есепті кездесуде алғаш сөз тізгінін аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов алды. — Еліміз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде қалыптасқаннан соң нарықтық экономикаға бет бұрғанымыз белгілі. Жаңа жүйеге орай кәсіпкерлерге де мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетіліп келеді. Ауданымызда да кәсіпкерлердің саны артып, кәсібін дөңгелентіп отырғандары жетерлік, -деді. Келесі кезекте аудандық прокуратураның аға прокуроры Мұхтар…

Толығырақ

АНТ АУДАНЫМЫЗДА БОЛДЫ

АНТ АУДАНЫМЫЗДА БОЛДЫ

1992 жылы 18 қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Рухани келісімнің бірінші әлемдік конгресі өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні, қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу күні, татулықты іздеу күні, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп қабылдаған болатын. Содан бері жыл сайын елімізде осы айтулы күн аясында түрлі шаралар атқарылып келеді. Осыған сәйкес Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында 18 қазан «Рухани келісім» күніне орай сәрсенбі күні аудан әкімдігінде арнайы құрылған облыстық ақпараттық насихат мүшелерінің қатысуымен жиналыс болып өтті. Жиналысты аудан әкімінің орынбасары Мәжит…

Толығырақ

ҮЛКЕН АРМАНДАР-ҮЛКЕН ІСТЕР БАСТАУЫ

ҮЛКЕН АРМАНДАР-ҮЛКЕН ІСТЕР БАСТАУЫ

Сыр елі халқы қашан да жыр десе ішкен асын жерге қойған. Иісі түркіге ортақ тұлға-Қорқыт абыздың жамбасы жерге тиіп, мәңгілік байыз тапқан Қармақшы жұртшылығының жырға деген пейілі мен көңілі алабөтен. Өткен ай қармақшылық өнерсүйер қауым үшін есте қаларлық болды. Мәдениет үйінің киелі сахнасында республикаға танымал жыршы, жыраулардың шығармалары орындалып, бір сәт ғажайып өнер мерекесіне айналды. Осы жыр фестиваліне Астанадан арнайы келген «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», әйгілі жырау, Сыр сүлейлерінің сұңғыла жалғасы Алмас Алматовпен сұқбаттасудың сәті түскен еді. -Алмас аға, киелі мекенге қош келдіңіз. Қазақтың ғана емес,…

Толығырақ

ЫСТЫҚ ТАМАҚ САПАСЫ БАҚЫЛАНДЫ

Орта мектептерде әрбір оқушы отбасына әлеуметтік куәлік жасалады. Онда оқушының отбасы жағдайы, отбасы мүшелерінің саны анықталады. Осыған сәйкес, балалар бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып, оның сапасы басты назарда ұсталады. Бала денсаулығы бәрінен қымбат. Сондықтан да оқушыларға берілетін ыстық тағам сапасына бақылау жасаудың орны ерекше. Жақында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы А.Үсенов, К.Раева, аудандық білім бөлімінің инспекторы А.Серікбаева және өзге де партия белсенділері ауданның білім беру мекемелерінде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына…

Толығырақ

ЕЛІҢ ҚУАТТЫ БОЛСА, БАҒЫҢ ТҰРАҚТЫ БОЛАДЫ

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің қайта түлеудің маңызды екі процесі — саяси реформа мен экономикалық жаңғыруға бастайтын ауқымды бастамаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келе жатқанымыз баршамызға белгілі. «Нұр Отан» партиясы өзінің құрылған күнінен бастап осы ауқымды істердің көш басында келеді. Қазір «Нұр Отан» жұмылдырушы, біріктіруші, нағыз елдік партияға айналды. Партияның ұйымдық негізін бастауыш партия ұйымдары құрайды. Солардың бірі — «Аэропорт» бастауыш партия ұйымы. Бастауыш партия ұйымына №30 орта мектебі, КРЭК мекемесі, «Жұлдыз», «Айсұлу», Айгөлек», «Сардарбек» балабақшалары және аудандық жалпы білім беретін кешкі мектеп кіреді. Аталған партиялық топтарда 267…

Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ МӘСЕЛЕСІ ЖӨНІНДЕГІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ МӘСЕЛЕСІ ЖӨНІНДЕГІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ  ОТЫРЫСЫ

Бүгін аудандық білім бөліміне қарасты оқушылар үйінде латын әліпбиіне көшу мәселесі туралы дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелді аудандық оқушылар үйінің директоры Әбдібекова Индира   Жанайдарқызы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды…

Толығырақ

БОЛАШАҚТА KAZLATYN.KZ ПОРТАЛЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

БОЛАШАҚТА KAZLATYN.KZ ПОРТАЛЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің жаңа нұсқасы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Конференция жұмысына Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Әлімхан Жүнісбек қатысты. Жиын барысында Ербол Тілешов қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын жасауға жетекші ұйым А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты екенін атап өтті. «Одан бөлек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетте, Абай атындағы Қазақ Педагогикалық университетте, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде осы саланың мамандары бар. Сонымен қатар Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығымен ашылған…

Толығырақ

БЕСҚАЛА МҰРАСЫ

БЕСҚАЛА МҰРАСЫ

Әдебиеттанушылар жырау мен жыршыны екі бөлек қарас­тырады. Бұл көп таралған қағида бол­ғанымен, Рахманқұл Бердібай Ор­талық Азия елдерінде жыр­шылар­ды да жырау деп атай беретінін айтыпты. Тарихта Бес­қала атауымен белгілі Қара­қалпақ өңірінде жыршыларды жы­рау деген. Бұл өңірде қазақтың төл өнері – жыршылық дәстүр ерекше сақталып, бүгінгі күнге дейін аман жеткен. Жақында «Қара­қал­пақстандағы қазақ ақын-жырау­ларының мұрасы» деген атпен мар­құм Қаржаубай Жұмажанов пен Тұрсынай Төрткүлбаеваның оқулық-хрестоматиясы «Дәстүр» баспасынан жарық көрді. Қарақалпақстандағы қазақ бауырларымыздың әдеби мұрасы – бүтін қазақ әдебиетінің шалқар айдынына қосылар арналы өзен. Сонау алпысыншы жылдары М.О.Әуезов атындағы Әде­биет және өнер институтының қыз­меткерлері…

Толығырақ