КЕЛІН КҮНДЕЛІГІ

Анамның маған берген тәрбиесіне күні бүгінге дейін алғыс айтамын. Ол кісінің қасында жүріп кей дүниелерді қолыммен жасамасам да, көзбен көргенімнің бәрі келін болып түскелі қажетіме жарап келеді.  «Бір жағымда жүр» деп жанынан шығармай жүріп айтқаны мені қыз бала тағдырының бір белесіне, алдағы үлкен өмірге дайындағаны болар. Иә, қыз баланың анасына қарап еліктеп өсетіні, тәрбие алатыны бесенеден белгілі. Абай атамыздың «Шешеңнің берген ақылын құтысына миыңның сындырып алмай, шақтап құй» деген қанатты сөзі менің өмірлік ұстаныма айналғандай. Сондықтан анамның әркез айтқан ақылының жадымда жатталып қалуын қалаған едім. Соның нәтижесін енді байқап келемін….

Толығырақ

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Ұлттық спорт – өнер-ойын түрлері дегеніміз не? Осыны қарапайым оқырмандарға түсіндіре кетуді жөн көріп отырмыз. Ұлттық спорт дегеніміз – жауынгерлік жаттығу. Бұған көкпар, аударыспақ, теңге ілу, садақ ату (жамбы ату), бәйге түрлерін жатқызуға болады. Қай заманда болсын дайын­дығы күшті, шеберлігі мықты сарбаздар шайқаста жеңіске жетеді. Сол себепті, байырғы көшпенді бабаларымыз бейбіт күннің өзін­де сарбаздардың жауынгерлік даярлығын жетілдіріп отырған. Яғни, шайқас кезінде жауынгер қолданатын әдіс-тәсілді бейбіт күндері ұлттық ойын ретінде үздіксіз дамытқан. Әрі қомақты бәйге тігіп, жауынгерлерді ын­таландырған. Мысалы, көкпарды ала­йық. Бұл жауынгердің ат үстін­дегі еп­тілігі мен тақымын шынық­тыратын жаттығу. Шайқас…

Толығырақ

23 ҚАЗАНДА ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ГОЛЫ АНЫҚТАЛАДЫ

23 ҚАЗАНДА ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ГОЛЫ АНЫҚТАЛАДЫ

Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (ФИФА) 2017 жылдың ең үздік, ең әдемі голына берілетін Ференц Пушкаш атындағы cыйлыққа үміткерлер үштігін жариялады. Бұл үштікке «Арсенал» шабуылшысы Оливье Жиру, Колумбияның жасөспірім қыздар құрамасының ойыншысы Дейн Кастельянос және «Барока» командасының (ОАР) қақпашысы Оскарине Масулукенің голдары енген. Оливье Жиру жанкүйерлер жадында жүрген тамаша голды осы жылдың 1 қаңтары күні «Кристал Пэлас» командасының қақпасына соққан еді. Масулуке өз голын «Орландо Пайретс» қақпасына 2016 жылдың 1 қарашасында соққан. Бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жетіп, қайшылай теуіп қарсылас қақпашысын қапы қалдырған. Дейн Кастельянос болса алаң ортасынан басталған бетте-ақ допты қарсыластар қақпасына бірден бағыттап, гол соққан. Үздік гол…

Толығырақ

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН. «ӘКЕ МЕН БАЛА» (ӘҢГІМЕ)

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН. «ӘКЕ МЕН БАЛА» (ӘҢГІМЕ)

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: —Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп. Бала әкесіне: — Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем — бірем алып жеп, баласына…

Толығырақ

БЕС КҮНДІК ОҚЫТУ — БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

БЕС КҮНДІК ОҚЫТУ — БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Мемлекет басшысы­ Нұр­сұлтан Назарбаевтың «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық сананы жаңғыртудың нақты жолдары көрсетілді. Елбасы тапсыр­маларының ішіндегі ең бір жауапты үлкен міндет – жас­тарды жеке тұлға, азамат дең­гейінде тәрбиелеу және сапа­лы білім беру. Жастардың бойын­да имандылық, патриот­тық­ қасиеттерді тиімді қалып­тастыруға 12 жылдық білімге кө­шу факторы да қомақ­ты үлес қосуы тиіс. Бұл бағытта бү­гінде республика деңгейінде нақты жұмыстар жүргізілуде. Осы жоба іске асырылса, онда орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектеп­теріндегі оқыту деңгейіне жет­кізу және мектептердің мате­риалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесі түбегейлі шешілер еді. 12 жылдық білімге…

Толығырақ

«ДАРЫН» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕР САНЫ 2 ЕСЕ АРТҚАН

«ДАРЫН» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕР САНЫ 2 ЕСЕ АРТҚАН

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде министр Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен «Дарын» жастар сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Жалпы алғанда, беделді марапатқа үміткерлерден 213 өтініш келіп түскен. Бұл өткен жылғы келіп түскен өтінімдер санынан (өткен жылы -126 өтініш) екі есе артық. Өтінімдердің ең көп саны «Ғылым» номинациясы бойынша — 53, екінші және үшінші орындарда — «Спорт» және «Қоғамдық қызмет» номинациялары бойынша 35 және 31 өтініш келген. Сондай-ақ, «Театр және кино», «Халық шығармашылығы», «Эстрада», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика» және «Классикалық музыка» номинациялары бойынша бірнеше…

Толығырақ

ХАНГЕЛДІ ӘБЖАНОВ: ӘР ДЫБЫС ДЕРБЕС ТАҢБАСЫН АНЫҚТАДЫ

ХАНГЕЛДІ ӘБЖАНОВ: ӘР ДЫБЫС ДЕРБЕС ТАҢБАСЫН АНЫҚТАДЫ

Күні кеше ғана Ақордада латын әліпбиіне көшудің жай-жапсары егжей-тегжейлі айтылып, келешекте жасайтын қадамы қарастырылған басқосуда тіл төңірегіндегі мамандар Президентімізге байыппен жасалған тағы бір жобаны таныстырды. Көпшіліктің көңіл толмастығы мен ел наразылығының ескерілгені, Президентіміздің әр әріптің, әр дыбыстың тағдырын ойлап, жіті назар аударып, бақылап отырғанына жұрт куә болды. Менің көңіліме жаққаны – әр қазақы төл дыбысымызға өзінің дербес таңбасын анықтағаны. Шынында да, әр дыбыстың артында ғасырлар тиянақтаған тағдыры тұр. Тілдің қасиеті мен кепиеті бар, оны ұмытуға да, оған обал жасауға да болмайды. Бастапқыда талқыланған жобадағы қосарлы дыбыстардың кемшілігі көп ұзамай көрініп…

Толығырақ

ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЙТА ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ

ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЙТА ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ

Келер жылы еліміздегі мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қайта жетілдіру  көзделіп отыр. Мұндай жаңғырту қадамдары азаматтарға қызмет көрсететін тиімді еңбек институттарын қалыптастыруды көздейді. Бұл дегеніміз  – енді жеке сектор да жұмыссыз азаматтарды оқытуға және кәсіби даярлауға, жұмысқа тартуға үлес қоспақ. Үкіметтің кезекті отырысында осы мәселені баян еткен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова енді аталған орталықтар мемлекеттік мекемеден шаруашылық жүргізу құқындағы кәсіпорындарға айналатынын мәлім етті. Осылайша ұйымдастыру-құқықтық жүйені толығымен жергілікті атқарушы органдар анықтайтын болады. Бұл ұсынылып отырған өзгерістер еңбек нарығындағы жұмыспен қамтуды ұйымдастырушы институттардың қызмет аясын кеңейтпек. Бәсекелестікті…

Толығырақ

РУХАНИ БОСТАНДЫҚ

РУХАНИ БОСТАНДЫҚ

Бүгінгі жастар легінің мінез қа­лыбы қатары сетіней бастаған аға ұрпақ өкілінен көп өзгешелеу. Ар­маншыл алып-ұшқан жаратылыстан гөрі ұстамды кейіптерінде өмірдің өтпелілігіне әлден-ақ бойлап үлгеріп, дүниенің мәнін терең түсінген сабырлы қариядай. Аға ұлттың алдында именшектеп, айбынынан жас­қанатын жағдайларды бастарынан көп өткерген сол уақыттың  ұл­дары мен қыздары жат орталардың қысылтаяң ахуалдарына сыр бермей төтеп бергенін кейде ойласаң – ерлікке барабар ерекшелік пе дейсің. Қазақтың қалың ортасынан шығып, орта мектепті ана тілінде бітірген бойда орысша оқуға тап келіп, мамандық атаулыны сол тілде игерудің машақаты өз алдына, тәкаппар да үстем назарға ілігіп, мойындатудың өзі…

Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЕНДІ БІРЫҢҒАЙ ЖӘРДЕМАҚЫ ТҮРІНДЕ БЕРІЛЕДІ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЕНДІ БІРЫҢҒАЙ ЖӘРДЕМАҚЫ ТҮРІНДЕ БЕРІЛЕДІ

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипаты енгізіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті. Біріншіден, бүгінде көпбалалы аз қамтылған отбасыларға берілетін жәрдемақының 3 түрі, атап айтқанда арнайы мемлекеттік жәрдемақы, балалар жәрдемақысы және атаулы әлеуметтік көмек енді Бірыңғай жәрдемақы түрінде берілмек. Бұл орайда, оның мөлшері қазіргі үш түрлі төлемнің жалпы сомасынан жоғары болады. Екіншіден, атаулы әлеуметтік көмекке қосымша еңбекке қабілетті әр азаматқа кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, оқуы және кәсіп алуы, жеке ісін ашуы және оны жүзеге асыруы үшін шағын несие беру арқылы мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Үшіншіден,…

Толығырақ