ЕЛБАСЫНА ЛАТЫН ҚАРПІНДЕГІ ӘЛІПБИДІҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ЕЛБАСЫНА ЛАТЫН ҚАРПІНДЕГІ ӘЛІПБИДІҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелерін қабылдады. Отырыс барысында Мемлекет басшысына латын әріптері түріндегі қазақ әліпбиінің қоғамдық талқылау кезіндегі ұсыныстарды ескере отырып әзірленген бірыңғай стандартты жобасы таныстырылды. Қазақстан Президенті мемлекеттік тілдің реформасы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасындағы маңызды сұрақтардың бірі екенін атап өтті. «Осы күндері қазақ тілінің жаңа алфавитіне қатысты сауал көптің талқысына түсіп жатыр. Көптеген адамдар осы жұмысқа араласты. Латын әліпбиіне көшу туралы идея сонау тәуелсіздік алған жылдары туған еді. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы жұмыс менің ерекше бақылауымда болатын»,…

Толығырақ

Үйде мысық ұстағанның пайдасы көп

Үйде мысық ұстағанның пайдасы көп

Расында да халық арасында асыранды  үй мысығына қатысты неше түрлі пікірлер бар. Базбіреулер сырқат адамдарды аурудан мысық айықтырады десе, екіншілері қарама-қарсы тұжырым айтады. Десек те, жақында неміс ғалымдары жағымды жаңалықтың шетін шығарды, олар ғылыми негізге сүйене отырып тұжырым жасады. Мельбурн университетінің  мамандары жақында ұзақ уақыт бойы күйзелісте жүрген адамдарға сынақ жүргізген көрінеді. Оларды ауыр жағдайдан шығару үшін  жандарына мысық жіберген. Еркелеген мысықтың басынан сипаған сайын күйзелісте жүргендердің өңінде уақыт өте келе өзгеріс байқалған. Жүйкелері де тыныштала бастаған. Тіпті олар бір аптадан кейін күйзелістен тез шығып кеткен көрінеді. Тіпті бұл жаңалықтан…

Толығырақ

ЖАНСАЙ СМАҒҰЛОВ – ГРАН ПРИ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

ЖАНСАЙ СМАҒҰЛОВ – ГРАН ПРИ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

6-8 қазанда Өзбекстан астанасы Ташкенте дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі өтті. Ташкент татамиінде әлемнің 27 елінен 181 дзюдошы бақ сынады. Қазақстан құрамасынан 23 татами шебері қатысып, оның 4-еуі жүлделі орыннан көрінді.  1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдемен 27 ел ішінде медаль саны бойынша 5-орынға тұрақтадық. Жарыстың алғашқы күнінде жеңіл салмақ бойынша белдескен балуандар ел қоржынына қос қоланы салды. Қазақстан құрамасынан алғашқы қоланы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Абылайхан Шаратов жеңіп алса, қыздардан 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысқан Севара Нышанбаева да қоламен жанкүйерлерін қуантты. Абылайхан Шаратов алғашқы…

Толығырақ

ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚТАР СҰРАНЫСҚА ИЕ

ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚТАР СҰРАНЫСҚА ИЕ

Алматыда Springer Nature Awards – 2017 марапаттау рәсімі өтті. Халықаралық дәстүрлі жиынды Білім және ғылым министрлігі мен Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы ұйымдастырды. Шараның мақсаты – Қазақстан және Орталық Азиядағы ғылыми журналдардың жұмысын жандандыру, авторларға қолдау көрсету, бағыт-бағдар беру. Springer Nature баспасының ғылыми журналдары таралымы жөнінен әлемде көш бастап тұр. Болашақта Орта Азия елдерінің ғалымдарын қолдау арқылы ғы­лым саласында жаңа есімдерді әлем таныту арқылы өрісін ке­ңейтпек. Springer Nature – 1869 жылы негізі қаланған әлемде 50 мекемесі, 3000 қызметкері, 13 000 авторы бар күн­делікті жарық кө­ретін халықаралық жетекші басылым. Жиында Ұлттық…

Толығырақ

Келесі ЭКСПО-ның қайда өтетіні қарашада анықталады

Келесі ЭКСПО-ның қайда өтетіні қарашада анықталады

2017 жылғы 6 қазанда «ЭКСПО-2017» Комиссары       Рәпіл Жошыбаев және Ұлттық компания Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов бастаған қазақстандық делегация Париж қаласындағы Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Атқарушы комитетінің кезекті отырысына қатысты. Өз сөзінде Р.Жошыбаев Астана қаласында өткен Халықаралық көрменің қорытындылары, ресми қатысушылар мен көрмеге келушілердің саны, өткізілген халықаралық іс-шаралар және олардың нәтижелері туралы хабарлады. –Бұл жоспар орындалды. Көрмеге 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйымдар қатысты, – атап өтті комиссар. Оның айтуынша, бастапқыда ЭКСПО-2017 тіркеу құжаттамасында 100 мемлекет және 10 халықаралық ұйымның қатысуы жоспарланған еді. Өз кезегінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма…

Толығырақ

«АСТАНАЛЫҚ» САЯБАҚ ТМД БОЙЫНША ҮЗДІК АТАНДЫ

«Астаналық» саябақ ТМД бойынша 2017 жылдың ең үздік ашық ойын-сауық саябағы атанды, деп хабарлайды әкімдіктің медиаорталығы.  Сочи қаласында өткен XV «Хрустальное колесо» байқауында қалалық саябақ осындай құрметті атаққа ие болды. Аталмыш байқау барысында жыл сайын ойын-сауық пен демалыс индустриясындағы көшбасшылар анықталады. Жалпы байқауға 162 саябақ қатысты. «Астаналық» саябақ жеңіп шыққан «Келушілер саны жылына 500 мыңнан — 1 млн адамға дейін жететін үздікашық ойын-сауық саябағы» номинациясы ең ірі аталым. ТМД аумағында 2014 жылы қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында ашылған Сочи-саябағынан басқа барлық саябақтар осы санатқа жатады. Үздік саябақ атағы үшін Мәскеу, Санкт-Петербург,…

Толығырақ

ЕЛБАСЫНЫҢ САПАРЫ

Елбасы Сыр еліне жұмыссапарымен келеді екен дегенді естігеннен бастап ерекше толқығаным рас. Себебі, Президентіміз «Сыр-Алаштың анасы» деп атап кеткен Сыр өңірі халқына әркез қолдау көрсетіп, оның гүлденіп-көркеюіне өлшеусіз еңбек сіңіріп келеді. Елбасы сапар барысында күллі түркі әлемінің абызына айналған «Қорқыт ата» мемориалды кешеніне аялдап, ондағы тарихи жәдігерлермен танысты. Төрткүл дүниені дүр сілкіндірген кешегі «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесінде Ұлы даланы қобыз сарынына бөлеген-«Қорқыт ата» кешенінің орны бөлек болғаны сөзсіз. Туризм мен татулықтың құт мекені болған кешен бүгінде өз  отандастарымызбен қатар, шетелдік мейман, қонақтардың да маңдай тіреп, қызыға тамашалайтын жеріне айналғаны баршамызды…

Толығырақ

СЫР ЕЛІНЕ СОНЫ СЕРПІН БЕРЕДІ

Өткен аптада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс сапарымен аймағымызда болды. Ғарыш айлағы саналатын Байқоңырға табан тіреп, ғарыш кешені мен қаланың даму жоспарымен танысты. Қала іргесіндегі газды тұрғындар игілігіне жарату жұмыстары биыл басталмақ. Көпқабатты үйлердің құрылысын салу көзделіп отырғандығы, жалпы қаланың болашағы үшін қолға алынып жатқан жұмыстар  Елбасының тікелей тапсырмасы  екені аян. «Бәйтерек» жаңа зымыран кешенін салу сынды жаңа бастама арқылы Байқоңыр қаласы жан-жақты дамитынына күмән жоқ. Елбасы қайта жаңғыртылып,  қайта абаттандырылған, қаншама туристі көз  тартар көркімен таңқалдырған «Қорқыт ата» мемориалды кешінде болса, Қызылорда қаласының сол жағалауынан бой көтеретін…

Толығырақ

ОРТАША ӨНІМ 56.5 ЦЕНТНЕР

ОРТАША ӨНІМ 56.5 ЦЕНТНЕР

Биылғы жылы ауданымыздың 6 ірі және 12 шағын ауылшаруашылығы құрылымдары өздеріне бекітілген 14209 гектар егістік алқапқа күріш дақылын орналастырса, бұл күндері, оны жинап алуда аянбай еңбек етуде. Қазіргі таңда аудан диқан-механизаторлары күріштің соңғы гектарларын бастыруда, бүгінде орташа өнім гектарына 56,5 центнерді көрсетуде. Сыр салысын төкпей-жинап алуда білікті маман Орынбасар Төлепов басқаратын «Жаңажол» ЖШС-нің егіншілері алда келеді. Олар 3200 гектар күріштік алқаптың әр гектарынан 67 центнерден өнім алуда. Нұрлан Іздібаев басшылық жасайтын «Ақтөбе и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диқан-мехиназаторлары өздеріне бектіліген 1510 гектар Сыр салысының әр гектарынан 66 центнерден, Нұржан Пірмантаев…

Толығырақ

СЫР ӨҢІРІНДЕ СОҢҒЫ ТӨРТ ЖЫЛДА 258 БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

СЫР ӨҢІРІНДЕ СОҢҒЫ ТӨРТ ЖЫЛДА 258 БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

Сыр өңірінде соңғы 4 жылда мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында 258 балабақша ашылды, деп хабарлады 24.kz. Қазір аймақтағы 791 мектепке дейінгі мекемеде 53 мыңдай балғын тәрбие алады. Салаға құйылған жеке инвестиция 70,8% құрап отыр. Тиімді әріптестік тетігін қолдану арқасында «Балапан» бағдарламасы мерзімінен бұрын орындалды. Енді алда 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндер мен өңірдегі мүмкіндігі шектеулі мың жарымдай балғынды бөбекжаймен қамту міндеті тұр. Мүгедектігі бар балалардың тек 24%-ы ғана инклюзивті балабақшаларға тартылған. Бұл мәселе 2020 жылға қарай толығымен шешіледі деп жоспарланып отыр. — Біздің алдағы міндетіміз жекеменшік балабақшалардың үлесін арттыра отырып, бір…

Толығырақ