«ЖАУЖҮРЕК» ЛОНДОНДА ЖҮР

«ЖАУЖҮРЕК» ЛОНДОНДА ЖҮР

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында өтіп жатқан III Қазақстан өнерінің фестивалінде Дулат Исабековтің «Жаужүрек» драмасын сахналады. Қойылымның режиссері – Қазақстанның халық әртісі, профессор Есмұхан Обаев. Қазақтың балуаны, әнші-ком­позитор, сері, халық арасын­да Балуан Шолақ атанған Нұрмағанбет Баймырзаұлының өмірінен сыр шертетін қойылымды театр ұжымы 1 қазан күні Стокуелл театрының (Stockwell Playhouse) сахнасында жиналған көрерменге ұсынды. Күрескер тұлға Балуан Шолақтың сахналық бейнесін театрымыздың талантты актері, сахна шебері Ерлан Біләл сомдады. Лондондағы бұл фестиваль бел­гілі қазақ жазушысы, драматург Дулат Исабековтің 75 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Биыл үшінші мәрте…

Толығырақ

ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

«Елдің дамуы оның білім беру жүйесі арқылы бағаланатын болады», деген Елбасының сөзі жайдан-жай айтылмаса керек-ті. Себебі мемлекеттің мерейін өсіріп, мәртебесін арттыратын адам болса, сол адамды маман қылып шығаратын, шынықтыратын мектеп. Білім мен тәрбиенің тал бесігі. Осы бесікті тербетіп, ақылын аямайтын, шәкіртін аялайтын ұстаздар десек жалған болмас. Күні кеше елорданың төрінде еңбегі еленген үздік ұстаздарды Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев марапаттады. Ұлтқа мақтаныш, ұжымға сыйлы болып, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде талмай талпынып жүрген ұстаздар қауымын марапаттау рәсімінде министрдің өзі де ақтарыла сөйлеп, ағынан жарылды. «Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған….

Толығырақ

КИЕЛІ МЕКЕННЕНБАСТАУ АЛҒАН САПАР

КИЕЛІ  МЕКЕННЕНБАСТАУ  АЛҒАН  САПАР

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс сапарымен Сыр өңіріне келді. Президентті облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Байқоңыр әуежайынан күтіп алды. Мемлекет басшысы алдымен «Байқоңыр» кешені мен жұлдызды қаланың даму жоспарымен танысты. Мемлекет басшысына Қазақстан мен Ресей арасында қабылданған «Байқоңыр» кешеніндегі одан әрі ынтымақтастық тұжырымдамасының іске асырылу барысы көрсетілді. Сондай-ақ, Президент «Бәйтерек» бірлескен жобасына қатысты атқарылып жатқан жұмыстармен де танысты. Қазіргі таңда қазақстандық кешенді өнеркәсіп пен жоғары технологияға бағытталған орталық ретінде дамыту көзделіп отыр. Ал осы бағыттағы басты шараның бірі – «Бәйтерек» жаңа зымыран кешенін салу. Бұл жаңа бастамаға Қазақстанмен…

Толығырақ

ҰСТАЗДАРДЫҢ ҰСТАЗЫ

ҰСТАЗДАРДЫҢ ҰСТАЗЫ

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – балабақша десек, бала тәрбиелер білім ошағының басты тұлғасы, жүрегі – тәрбиеші. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар,тәрбиешілердің  де рөлі зор. Себебі есін біле қоймаған бүлдіршін балабақша қабырғасынан оң-солын танып, түр-түсті ажыратып шығады. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында дейтініміз де сондықтан. Ұстаздардың ішінде де білім мен тәрбие саласында қалтқысыз қызмет етуімен қатар ізгі адами қасиеттерімен…

Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР-ӨМІРШЕҢ

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР-ӨМІРШЕҢ

Жақында Алматы қаласында Қазақконцерт залында халық композиторы, әнші-ақын, күйші-домбырашы Мұхит Мерәліұлының 100 жылдығына арналған ұлттық дәстүрлі өнер байқауы өткен-ді. Тұрмағамбет ауылындағы «Тасберген жырау» үйірмесінің жетекшісі, белгілі жырау Зәуре Кәрібаева жыраулар үйінің шәкірттері Малика Алдамжарова мен Нұрпатшайым Әділбекованы осы байқауға алып барды. Күй, ән, терме орындау сынды жанрларда өткен байқауда Малика Сантөре Пірмановтың «Қармақшыға арнау» термесін орындап, арнайы Диплом мен сыйлыққа ие болса, Нұрпатшайым Тұрмағамбет Ізтілеуовтың «Шөлмек» термесін тебірене шырқап, «Жезтаңдай әнші» номинациясын жеңіп алды. Көптің қошеметіне бөленген өнерпаздарды үкілеп додаға қосқан Зәуре Кәрібаеваны осы байқауда «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчествалық бірлестігі…

Толығырақ

САЙЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

Қармақшы  аудандық  мәслихатының өкілеттігі мерзімінен бұрын  тоқтатылған № 4, 6 округтері бойынша  депутаттарының орнына  2017 жылғы  29 қазанға  сайлау  тағайындалып, заңдылыққа сай  жұмыстар жасалуда.     Аталған сайлауды  өткізудегі  дайындық  жұмыстары аудандық, округтік және  учаскелік  сайлау  комиссиялары  тарапынан  жоспарға сәйкес  жүргізілуде. Бүгінгі күнде  ұйымдастыру  және  сайлауды  өткізуге  дайындық  жұмыстарының  алғашқы  кезеңіндегі  міндеттер  негізінен  атқарылу  үстінде. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен  Қазақстан  Республикасының  Сайлау  туралы заңы және Орталық  сайлау   комиссиясының  жадынамасы талабы тұрғысында  округтік, учаскелік  сайлау  комиссияларының  шекаралары, олардың  орналасқан  мекен-жайы, құрамдары  және аудандық  мәслихаттың  депутаттығына  кандидаттарды  тіркеу  туралы  ақпарат  мерзімді  уақытында  аудандық …

Толығырақ

ЖАРҚЫРАП ӨТКЕН БІР ЖҰЛДЫЗ

ЖАРҚЫРАП ӨТКЕН БІР ЖҰЛДЫЗ

22 жыл ғана ғұмыр кешкен Рабиға апамыз туралы сыр Халқымызда: «Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас лақтырады» деген көрегенді сөз бар. Қазақ халқы қаншама азапты тарих жолынан өтті. Сөйте тұра ол оған мойымады да, өз тұғырынан түспеді де. Ар-намыс, табандылық бойын билеген жастар жалыны қашан да қоғамның қозғаушы күші саналған. Мұндай жастар кешегі сұрапыл Ұлы Отан соғысы жылдарында да елде басшылық қызметтер атқарып, оның дамуына үлкен  үлес қосқандары белгілі. Сондай жастың бірі, киелі топырақтың төл баласы, фәни дүниеде аз ғана ғұмыр кешіп, артына өшпестей із қалдырған қайраткер апамыз Рабиға Шалабаева….

Толығырақ

ҚАРТТАРЫМ АМАН – САУ ЖҮРШІ

ҚАРТТАРЫМ  АМАН – САУ  ЖҮРШІ

«Ауылыңның маңында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең, Ауылыңда ақылгөй қария болса, жазып қойған хатпен тең»,- дегендей қариясы бар ел қазыналы емес пе? Қайраты мен жігерін Отаны мен отбасына арнаған ақсақалдарымызға құрмет көрсету үлгенге құрмет, кішіге ізет деп бойына сіңдірген қазақ ұрпағы үшін борыш. Осындай самайы аққа боялып, бір-бір шаңырақтың ақылшысы болған қарттарға 1 қазан-қарттар күніне орай №16 «Перизат» балабақшасы құрмет көрсетті.   «Күн нұры» тобында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» деген тақырыпта тәрбиеші Айнұр Аралбаева мен Райхан Садықова ертеңгілік ұйымдастырды. Ертеңгілікке ауыл әкімі О.Мұнарбаев, ауыл ақсақалдары М.Сулеев, С.Жантасов, Ө.Сәденов, К.Байғараев, А.Ахметов,…

Толығырақ

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР-МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР-МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Жуырда аудандық Жастар ресурстары орталығында аудан мекемелері мен жастарға арнап «Ашық есік күні» өтті. «Ашық есік күнін» аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры, аудандық мәслихат депутаты Мұхтар Ибраев ашып, оның өткізілу мақсатымен таныстырды. Сондай-ақ, аталмыш мекемеде есепті кезең бойынша атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы уақытқа мақсатталған жұмыс жоспарларымен таныстырды. Шара барысында «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы директоры Абзал Шоқбаров, «Тұрғын үй-құрылыс жинақтау банкі» АҚ-ның өкілі Айнұр Ермаханова, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің маманы Индира Пірназарова, аудандық аграрлық-техникалық колледждің аға шебері Әбдікәрім Жұбанышев, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Арман Ноғаев, аудандық Жастар ресурстық орталығының…

Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛЕДІ

Екі ел арасындағы келісімге өзгерістер енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы мен Байқоңыр қаласының  салық төлеушiлерінің  өзара саудадағы  жанама салық  төлеу тәртібіне өзгерiстер енгізілді. Осыған орай, біздің тілшіміз қармақшы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қалдыбек Сүлейменовпен сұқбаттасқан еді. —  Байқоңыр қаласына байланысты салық салымы бойынша  қандай өзгерістер болды? —Байқоңыр қаласының мәртебесi және ондағы  атқарушы органдарын құрудың тәртібі  мен олардың мәртебесі  туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы  Келісімге енгізілген өзгерiстерге байланысты хаттама 5.07.2017 жылы күшіне енді. Осы Келісімнің 12-1 бабына сәйкес, Байқоңыр қаласының салық органында тіркелген дара…

Толығырақ