ЕЛБАСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

ЕЛБАСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда қаласының бас жоспарымен және оны толық жоспарлау жобасымен танысты, деп хабарлайды akorda.kz. Қазақстан Президентіне сол жағалаудағы құрылыс алаңы 1532 гектар жерді құрайтыны, соның ішінде аумағы 500 гектар жерге бірінші кезекте құрылыс жүргізілетіні жөнінде баяндалды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы сол жағалаудағы құрылыстың эскиздері мен инвестициялық жел телімдерінің сызбасын көрді. *** Жоспар бойынша 800 пәтерді құрайтын тұрғын үй кешендерін, әлеуметтік-мәдени және білім беру нысандарын салу көзделген. Сонымен қатар, 100 адамды қабылдай алатын емханасы бар, 300 адамға арналған көпсалалы аурухана, 320 балаға арналған балабақша, музей мен студенттер қалашығы салынады. Егемен Қазақстан

Толығырақ

АСТАНАДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

АСТАНАДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

Астанада 27-29 қазан аралығында қазақ күресінен 40 мемлекеттің қатысуымен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды «Қазақ күресі халықаралық федерациясы». Еліміздің ұлттық ойынына әлемнің түкпір-түкпірінен 40 мемлекеттің спортшылары қатысады. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Австралия, Үндістан, Литва, Ресей, Бельгия, Камерун бастаған елдердің ең таңдаулы балуандары бар. Қазақ күресі ежелгі спорт түрлеріне жатады. Бүгінгі таңда оның күн өткен сайын танымалдығы артып келеді. Тіпті, қазақ күресі түрлі той мен салтанатты іс-шараларда өткізіліп жүр. 2016 жылдан бастап ЮНЕСКО оны материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізген. Чемпионат 8 салмақ дәрежесі және абсолюттік дәреже бойынша өтеді. 27 қазанда «Хан…

Толығырақ

ЕРНҰР РЫСМАҒАМБЕТОВ: ӘР АДАМ ЗАМАНЫНА САЙ БОЛУЫ КЕРЕК

ЕРНҰР РЫСМАҒАМБЕТОВ: ӘР АДАМ ЗАМАНЫНА САЙ БОЛУЫ КЕРЕК

Астана қаласындағы «Қазмедиа» орталығында өтіп жатқан «Astana Media Week» апталығы аясындағы сессияда Халықаралық қаржы орталығының басшысы Ернұр Рысмағамбетов өміріндегі ең қызықты мотивациялық оқиғаларымен бөлісті. «Бала күнімде домбырада ойнауға қатты қызығатын едім. Бірақ менің туып-өскен жерім қалалы жерден шалғай орналасқандықтан, үйірмелерге өзім бара алмайтынмын. Сәл есейгеннен кейін осы мақсатыма жету үшін домбыра мектебіне барып жазылдым. Біраз күйді үйрендім. Бірақ жетекшілерім ансамбльдерге қатыстырмайтын. Себебі, мен әріптестеріме қарағанда жылдам шертіп, шатасып қалатынмын. Сол кезде мен өміріме қажет бірнәрсені түйдім. Ешқашан оза шаппай әрі көштің соңында қалып қоймау қажет екен. Бір сөзбен айтқанда әр…

Толығырақ

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҮЙЫМДАР ДЕРЕКҚОРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Тарқата айтар болсақ, таяуда ҮЕҰ-ның қызметі туралы ақпа­раттың қолжетімділігін қамта­масыз ету мақсатында үкімет­­тік емес ұйымдардың дерек­тер базасы құрылған-ды. Азамат­тар ҮЕҰ дерекқоры арқылы осы ұйымдардың қызметіне қатыс­ты қажетті ақпаратты ала алады. Сонымен қатар бұл дерек­қор­дың көмегімен ҮЕҰ-лар бір-бірімен ақпарат алмасып, өзара байланыс орнататын болады. ҮЕҰ дерекқоры үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және олардың жұмысымен халықты ақпараттандыру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеу­меттік келісімшарттарды орна­лас­­тыру, гранттар беру және жүл­­­­делерді тағайындау шең­бе­рін­­де қолдану үшін құрыл­ған ақ­па­рат­­тық алаң болып табылады. Қазіргі таңда ҮЕҰ дерек­қорында қазақстандық және шетел­­дік 3 мыңдай ұйымның тәжіри­­белері туралы ақпарат көр­се­тілген….

Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ТҮРКІ ӘЛЕМІН ТАБЫСТЫРАДЫ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ТҮРКІ ӘЛЕМІН ТАБЫСТЫРАДЫ

Президент Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының екінші бөлімінде қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап ететінін алға тарта отырып, таяу жылдары атқарылуы тиіс міндеттерді белгілеп берді. Осыған байланысты алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынды. «Біріншіден, – деп жазды Елбасы, – қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттілігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият…

Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚОРҚЫТ АТА» МЕМОРИАЛДЫ КЕШЕНІН АРАЛАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚОРҚЫТ АТА» МЕМОРИАЛДЫ КЕШЕНІН АРАЛАДЫ

Қазақстан Президенті Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында әйгілі ойшыл, ұлы қобызшы Қорқыт Атаға арналған сәулет кешенін аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысына мемориалды кешенде жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесі жөнінде баяндалды. Мұнда салтанатты іс-шаралар өткізетін алаң жасалып, орталық аллеяда жаяу жүргіншілерге арналған қосымша жол салынған, сондай-ақ монумент маңы абаттандырылған. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әкімшілік ғимаратты және «Қасиетті арқар» атты мүсінді көрді. Бұдан бөлек, Елбасы кешендегі музейде Қорқыт Атаның өмірі мен мұрасына арналған сирек экспонаттармен танысты. «Қорқыт Ата» мемориалды кешен

Толығырақ

Интернетте қазақ тілді аудитория ұлғайып келеді

Интернетте қазақ тілді аудитория ұлғайып келеді

«WikiBilim» қоғамдық қорының негізін қалаушылардың бірі Нұртай Әшімнің айтуынша, қазақша Википедияны пайдалану көрсеткіші жылдан жылға артып келеді. «Бастапқыда Википедияға кіретін қазақстандық трафиктің 96 пайызы орыс тілінің үлесінде болды. Халықтың 4,3 пайызы ағылшын, тек 0,2 пайызы ғана қазақ Википедиясына кіретін. Қазіргі кезде аталған көрсеткіштер түбегейлі өзгерді. Тұтынушылардың 30-35 пайызы қазақ Википедиясына кіріп жүр. Ол нені көрсетеді? Демек, мектеп оқушысы Google-де, я болмаса, басқа жүйеге іздеу салғанда Википедияның ақпараты шығады. Егер ол қажетті мәліметті өз тілінде тапса, сол тілдің аясында қалады. Ал таппаған жағдайда басқа тілде іздей бастайды», – деді Әшім бүгін…

Толығырақ

БОЛАШАҚТА ҚОҒАМҒА ҚАЖЕТ МАМАНДЫҚТАР

БОЛАШАҚТА ҚОҒАМҒА ҚАЖЕТ МАМАНДЫҚТАР

Мамандық таңдау – қазіргі түлектердің басты мәселесі. Оларды толғандыратыны – қай мамандық қоғамда тапшы. Болашақта кей мамандықтар жоғалып, жаңа маман иелеріне деген сұраныс арта түседі. Бұл қоғам мен техниканың әсерінен болуы мүмкін. Сонымен, назар аударайық: 10 жылда қоғамға қажет 10 мамандық тізімі. Басы Күн электростанциясының инженері Күн, жел, судың көтерілуі мен төмендеуі – энергияның өзегі. Күннен энергия алу қазіргі кезде жүзеге асып келе жатыр. Сол үшін де осы бағытта жұмыс жасай алатын энергетика саласында білімі бар техникалық мамандар қажет. Үлкен ақпараттармен жұмыс жасайтын менеджер Компьютерлік технологияны жетік меңгерген адам бұл…

Толығырақ

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: ЖАҢА БІЛІМ МОДЕЛІНЕ САЙ ПЕДАГОГ КАДРЛАР

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: ЖАҢА БІЛІМ МОДЕЛІНЕ САЙ ПЕДАГОГ КАДРЛАР

Мемлекеттің кадрлар дайындау саясатының басты мақсаты — елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті интеллектуалды және кәсіби ресурстарды құру, бұны қазақстандықтардың сапалы білімінсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Нәтижеге бағдарланған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысуға орай психологиялық-педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауды ұйымдастырудың мақсаттары, мазмұны мен технологиялары туралы мәселе өзекті бола түсті. Осы мәселенің әдістемелік шешімдерінің бірі құзыреттілік тәсілдеме болып табылады. Оған сәйкес кәсіптік оқыту мақсаты мұғалім мен мектеп психологының кәсіби және жеке құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады. 12 жылдық білім беру жаңа моделіне сай педагог кадр бірқатар құзыреттердің жоғары деңгейіне…

Толығырақ

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ: ОТАНДЫ ҚОРҒАУ

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ: ОТАНДЫ ҚОРҒАУ

Отанды сүю отбасынан басталады. Отбасына қамқор болған азаматтың Отанын сүюі, қорғауы заңдылық. Сіз бен біз айтып жүрген патриоттық тәрбиенің де негізі сол Отанды қорғауда жатыр. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы Отан алдындағы борышын өтеу арқылы ғана Отанды қорғауға міндетті емес. Әрбір ел азаматы, әскер қатарына белгілі себептермен болсын жарамай қалған жандар да елін және жерін қорғауға міндетті. Себебі ол сол елдің тумасы, сол елдің заңды азматы ретінде бәріне дайын болу керек. Елімізде 18 миллион халық бар болса, соның 8-9 миллионға жуығы алда-жалда қауіпті жағдай туса қолдарына қару алып, жауға қарсы тұруға…

Толығырақ