КҮЗ КӨРІНІСІ

Күз… Үнсіз дала… Қасиетті күн ана ұясына баяулап батыңқырап, қоңырқай, қызыл ала кеш түсе бастаған шақ. Жетім қозыдай жаутаңдаған, зар мұңын ішінде сақтаған құм қойнау сары дала да үнсіз. Анау жерден сары құмның бораған дыбысы естілмесе, басқа тіршіліктің бәрі да баяулап ұйқыға еніп барады. Ал аспан әлемінде кіршіксіз ашық көгілдір бұлт түстері ене бастаған сәттен-ақ, жарқ-жұрқ еткен түймедей жұлдыздар. Жарты қырынан домбекшей айналып сәуле сеуіп,теңіз бетімен шағылысқан Ай бейнесі. Кеш түсе сабылысып құс жолымен ұясына қарай қанат қағып керуен тартқан әнші құстар. Қайнаған, шұжымалы тіршілік. Үнсіздікке толасыған көл жағасы, толқыны…

Толығырақ

СІРКЕ СУЫН ТҰРМЫСТА ҚОЛДАНУ

СІРКЕ СУЫН ТҰРМЫСТА ҚОЛДАНУ

Сірке суы көп жағдайда қауіпті. Бірақ ебін тауып, дұрыс қолданса, біраз нәрседе пайдасы бар. Мысалы… Тұрмыс техникасын қақтан тазалау Ыдыс жуғыш не кір жуғыш машина қаққа толып қалса, алаңдамаңыз. Оны 1-2 стақан сірке суы тазалай алады. Бар жоғы машинаны бос күйінде іске қосыңыз да, 3-4 минуттан соң, 2 стақан сірке суын жуғыш ұнтақ салатын жерге құйып жіберіңіз. Бұл әдіспен  тек қақты тазалап қана қоймай, 2 аптада бір рет тазалық үшін жасап тұруға болады. Гүлдердің өмірін ұзарту үшін Туған күніңізге сыйға тартқан гүл шоқтарының сізге ұзақ қызмет еткенін қаласаңыз, құмыраға 2…

Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ТҮРЛЕНДІРУЛЕР

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ТҮРЛЕНДІРУЛЕР

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы сарапшыларының мәліметінше, 2050 жылға қарай халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін азық өнімі қазіргіден әлдеқайда өседі. Демек күллі әлемнің ауыл шаруашылық  компаниялары алдында қоршаған ортаны сақтай отырып, мол өнім алу міндеті тұр. Ал бұл міндетті орындап, мақсатқа жету үшін не істеу керек? Мұның бір жолы — цифрлық технологияны оңтайлы пайдалану. Ауыл шаруашылығына цифрлық түрлендірулер енгізу әлем елдерінде әлдеқашан басталып кетті. Қазақстан бұл тұрғыдан қалыс қалып отырған жоқ. Осы сала бойынша сымсыз технологиялар, малды радиожиілік арқылы сәйкестендіру, үдерістерді және іс-қағаздарды автоматтандыру, ғаламтор қосымшалары, геоақпараттық жүйелер…

Толығырақ

ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. Ыбырай Алтынсарин Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  мейірімді абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  секілді. Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі-бәрі  ұстаздан  білім, …

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДА 2018 ЖЫЛ «ӨЗБЕКСТАН ЖЫЛЫ» ДЕП ЖАРИЯЛАНДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА 2018 ЖЫЛ «ӨЗБЕКСТАН ЖЫЛЫ» ДЕП ЖАРИЯЛАНДЫ

Еліміз 2018 жылды «Өзбекстан жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кездесуі кезінде осындай шешім қабылдаған. Бұл туралы centralasian.org сайты хабарлады.  Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың маңызды екенін айтты. – Біздің тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз достық қарым-қатынастарымыздың маңызды факторы болып саналады. Біз 2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылын өткізуге келістік. Өзбекстанда Қазақстан жылын өткізу де күн тәртібінде тұр. Осы бастамалар аясында өткізілетін түрлі іс-шаралар бауырлас халықтарымыздың жақындастығын одан әрі тереңдетуге септігін тигізеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Баспасөз мәліметтеріне қарағанда,…

Толығырақ

АЙФОН ЖОЙҒАН ҚЫЗМЕТТЕР

АЙФОН ЖОЙҒАН ҚЫЗМЕТТЕР

Осыдан он жыл бұрын алғашқы iPhone қолданысқа енді. Ол біздің күнделікті өмірімізге түрлі өзгеріс алып келді. Таптаурын әдеттеріміздің барлығы жаңа әдеттермен алмасты. 1. Карта мен жолсілтеме нұсқаулықтар Бұрында адамдар үлкен қағаз карталар мен жол сілтейтін нұсқаулықтардың көмегіне сүйенетін. Қазір оның барлығы керек емес. iPhone  смартфондарында «Карта» қызмет жүйесі қондырылған. App Store интернет дүкенінен жол сілтейтін түрлі бағдарламаларды жүктеп алуға болады. 2. Таксофондар Таксофондар арнайы үйшіктерде, мекемелерде ілініп тұратын. Оларға ұсақ тиын салып, кейін карточка көмегімен іске қосуға болатын еді. Жедел жәрдем, полиция мен өрт сөндірушілерге тегін хабарласауға мүмкіндік бар болатын….

Толығырақ

ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ШАЛДЫҒУ МҮМКІНДІГІ ЖОҒАРЫ ӘЙЕЛ БІТІМІ

ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ШАЛДЫҒУ МҮМКІНДІГІ ЖОҒАРЫ ӘЙЕЛ БІТІМІ

Жаңа зерттеуге сүйенсек, дене бітімі алмаға ұқсайтын әйелдерде сүт безі ісігінің асқынған түріне шалдығу қатері жоғары. Ал керісінше, денедегі майдың көп бөлігі мықыны мен бөксесінде орналасқандар бұл аурудың емделетін түрлеріне бейім көрінеді. Ғалымдар семіздіктің салдары, әсіресе, сүт безі қатерлі ісігі туралы көптен ескертіп келеді. Қытай ғалымдары семіздік пен қатерлі ісіктің өзара байланысына қатысты терең зерттеу жүргізген. Сөйтсек, дене салмағының индексі жоғары әйелдерде эстроген-рецепторлы сүт безі ісігі жиі кездесетінге ұқсайды. Атауы-ақ айтып тұрғандай, аурудың пайда болуына ісік клеткаларының ақуызына қосылып, олардың өсуіне септесетін эстроген әсер етеді. Ал майдың дені бөксе бөлігінде…

Толығырақ

БАЛА ТӘРБИЕСІ: ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА ӨЗІН ҰСТАУҒА ҮЙРЕТУ

БАЛА ТӘРБИЕСІ: ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА ӨЗІН ҰСТАУҒА ҮЙРЕТУ

Бала болған соң тентек болмай, жыламай тұрмайды. Алайда автобуста, пойызда жұрт ұйықтап жатқанда еркелеп жылап, мазаны алатын балалар ешкімге ұнамайды. Дүкенде айтқан затын алып бермей қойса, жата қалып жылайтын балалар да бар. Оларды қалай тәртіпке салуға болады? Балаға әр жерде әртүрлі тәртіппен жүру керегін түсіндіріңіз. Үйде айқайлап, шулап ойнауына рұқсат ететін болсаңыз, ал сыртқа шыққанда қатты дауыс шығаруға болмайтынын, басқа адамдар ренжитінін түсіндіріп айтыңыз. Ата-ана баланы сыпайылыққа үйретуі тиіс. Мұны ойын түрінде жүзеге асыруға да болады. Бұл оңай ережелерді тез үйреніп алуға арналған арнайы ойын әдістері, балаларға арналған кітаптар бар….

Толығырақ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗДІ

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Қалиев Ғанижан Піртазаұлы, кадр және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Шуанов Мақсат Айтбайұлы кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жосалы кентінің тұрғындары Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Ә.Құлдүйсенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов, «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы Ә.Шатанов, «Қармақшы-Даму» аудандық кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты А.Қаржаубаевтардың сұрақтарына заң аясында кеңестер берді. «Қт»…

Толығырақ

САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ- СЫБАЙЛАСТЫҚ ЖОЛЫН КЕСЕДІ

Сыбайластықты болдырмаудың басты бағыттарының бірі – халыққа көрсетілетін қызмет сапасын мейлінше арттыру, бүкіләлемдік стандарттарға жеткізу. Бұл барлық мемлекеттік органдарға тән құбылыс. Яғни, сапасыз қызмет сыбайластыққа алып келуге тікелей алып келетін жол екендігі түсінікті болуы қажет. Бұл тұрғыда салық саласында айтарлықтай ілгерілеушілік бар екендігі тұрғындарға аян. Халыққа сапалы қызмет көрсетуді барынша арттыру, төлемгерлер үшін барлық жағдайды жасау деңгейі артып келеді. Бұған салық төлемгерлері мен халықтың куә екенін атауға болады. Сыбайластықпен күресуді барынша ауқымды түрде жүргізу арқылы ғана аталған кеселден құтылатынымыз анық, яғни қызмет сапасы жақсара түскен сайын сыбайластыққа жол берілмейді. Қ.ШАЛОВ,…

Толығырақ