ЖИЕНБАЙ ЖЫРАУ

Бұл үш жүзге мәлім болған алшын, кете тайпасының құлыс ата­лығынан Жиенбай жырау Дүз­бенбетұлы(1864-1929) жайлы ұстазым, Машарап Әлиев­тен(1916-1987) естіген әңгімем еді: Қыстың айы. Арқадан Бұхараға мал айдаған байлар керуен салып, салтанатын жоғалтпаған заман. Сыр­дарияның мұзынан өтіп жатақ, егінші елдің үстімен өтетін жолмен Қызылдың құмына келіп ілігеді. Қызылқұмды қыстаған ел төбенің шуақ бетінен жеркепе қазып, астығын ұраға сақтап, өткен-кеткен саудагерлермен дән-талқанын алмастырып керек-жарағын түгендеп отыратын кез. Бағанағы бай, мырзалар алдын ала хабар салмай Жиенбай жыраудың үйіне келіп түседі. Ойлары «Осы Жиенбайға айлап жырлатып, үйір-үйір жылқы, қора-қора мал айдатып жібереміз. Сол сыйымыздың бір…

Толығырақ

БҮГІН SILK WAY STAR ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ШОУЫ БАСТАЛАДЫ

БҮГІН SILK WAY STAR ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ШОУЫ БАСТАЛАДЫ

Бүгін Qazaqstan ұлттық арнасында Silk Way Star халықаралық телевизиялық шоуы басталады. Жобаға 9 елдің өкілдері қатысады. Бұл туралы байқаудың басталуына орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында «Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин мәлімдеді.  Алматыда өтетін шоу 12 кезеңнен тұрады, жоба үш ай көлемінде өтеді деп жоспарлануда. Түсірілімге Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Грузия, Башқұртстан, Татарстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен әншілер қатысады. «Заманауи қазақстандық өнерге басымдық беріп отырмыз. Оларға үздік қазақстандық хиттарды орындау тапсырмасы беріледі. Өз тілдерінде, ағылшын тілінде орындай алады», — деп түсіндірді спикер. Телешоудың трансляциясы барлық қатысып жатқан әншілердің елдерінде де көрсетілетін болады. Silk Way…

Толығырақ

АШХАБАД-2017. ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНА 3 АЛТЫН МЕДАЛЬ ТҮСТІ

АШХАБАД-2017. ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНА 3 АЛТЫН МЕДАЛЬ ТҮСТІ

Бұл күндері Түркіменстан елінің астанасы Ашхабадта жабық кешендегі спорт түрлерінен Азия ойындары өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы екі күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 алтын 3 күміс 6 қола медальмен 5-орында келеді. Бүгін қазақстандық жеңіл атлеттер жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ядро лақтырудан – Иван Иванов, сырықпен секіруден – Сергей Григорьев, ұзындыққа секіруден Ольга Рыпакова жарыс жеңімпазы атанды. Иван мен Сергей жарыс жеңімпазы атанып қана қоймай, жабық кешендегі Азия ойындарының рекордын жаңартты. Екі күндік жарыс қорытындысы бойынша түрікмен спортшылары командалық есепте қара үзіп тұр. Олар 29 алтын 21 күміс 12 қола медаль еншілеп үлгерген. Екінші орында…

Толығырақ

ТЕРІСКЕН ШЫҚСА

ТЕРІСКЕН ШЫҚСА

Теріскен деген не және ол қайдан пайда болады? Теріскен – қабақтың шырышты қабатының қабынуы әсерінен пайда болатын, пішіні кішкене дәнге сәйкес келетін іріңді жара. Ол бір уақытта бір көзде бірнешеуі пайда болуы немесе екі көзге бірдей шығуы мүмкін. Бірақ, бұл жағдайлар сирек кездеседі. Қабынудың белгілері: – Көздің қызаруы; – Жиі жас ағу; – Қышу; – Жарықтан көздің тітіркенуі; – Көздің ішкі бөлігі ісінеді. Теріскен ішке және сыртқы болып жіктеледі. Теріскенді тудыратын бактериялар – стафилококктер. Ол әрбір адамның денесінде өмір сүреді. Көп жағдайда тыныш өмір сүргенімен, кейде белсенді болып, ірінді аурулар…

Толығырақ

АРДАГЕРЛЕР КӨЛГЕ ҚАРМАҚ САЛДЫ

АРДАГЕРЛЕР КӨЛГЕ ҚАРМАҚ САЛДЫ

Сенбі күні жылдағы дәстүрмен Иіркөл ауылында аудан ардагерлері арасында балық аулаудан сайыс ұйымдастырылды. Сайыстың ашылу барысында аудан әкімі Сұлтан Мақашов сөз сөйлеп, қарттарымызды халықаралық  мерекемен құттықтады. Қорытындысында «Ең көп балық ұстаған» аталымын Сәдуақас Шалабаев, «Ең үлкен балық ұстаған» аталымын Жақан Тоқтаров ағаларымыз жеңіп алса, «Дәмді балық сорпасы» аталымына аудандық «Жастар ресурстық орталығы» басшысы, аудандық мәслихат депутаты Мұхтар Ибраев ие болды. Аталым жеңімпаздарына аудан әкімінің алғыс хаты мен сияпаттары тарту етілді. -Бұл жарыс бізде дәстүрлі түрде бұрыннан өткізіліп келеді. Өзім биыл бірінші рет қатысып отырмын. Сайысқа жан-жақты дайындықпен келдім десем болады….

Толығырақ

ҰСТАЗ АТЫ БИІК ӘРІ МӘҢГІЛІК

ҰСТАЗ АТЫ БИІК ӘРІ МӘҢГІЛІК

Мектеп табалдырығын имене аттап, алғаш білім әлеміне қадам басқанда жас шәкіртін күлімдей қарсы алып, жүрегінің мейірім шапағатын төгетін жан-ол ұстаз. Ұстаз аласармайтын ұлы тұлға. Ұлттың  ұрпағын сол халықтың рухында өсіріп, әрбір кішкентай мемлекет-отбасының тыныштығын, береке мен бірлігін сақтап, жылылық пен жан шуағына бөлеп, сол арқылы елдің, мемлекеттің діңін ұстап отырған ұстаздар мәртебесі қашан да биік әрі мәңгілік. Елімізде қазан айының бірінші аптасында аталып өтілетін Қарттар мен Ұстаздар мерекесіне орай өткен жұма күні аудан әкімі Сұлтан Мақашов ауданның бірқатар білім саласы ардагерлері мен ұстаздарын қабылдады. Қабылдауда аудан басшысы ардагер ұстаздар және…

Толығырақ

МЕРЕЙІ БИІК ҰСТАЗ

МЕРЕЙІ БИІК ҰСТАЗ

Ұстаздық-елден ерек,өзгелерден өзге, абыройы асқақ, мәртебесі биік мамандық. «Кісінің бойындағы үйрену құмарлығын оятқан адам-ең жақсы мұғалім» деген сөз бар. Ал, жақсы ұстаз болу үшін адам жан-жақты білімді, шәкірттерінің алғыр, саналы болуына үздіксіз еңбек ету қажет. Осындай өмір жолын білім саласына арнаған тәжірибелі ұстаздарымыздың бірі-Тұрымтаева Гүлбану Қазиханқызы. Үнемі ізденіс үстінде жүретін Гүлбану 1991 жылдан бері Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқарады. «Ерінбей жүрегің мен еңбегіңді балаға берсең, бар құрметтің өзі-ақ келеді» деген қағиданы ұстанған ол өте еңбекқор жан. Тәжірибелі ұстаз 2014-2015 оқу жылдарында ҚР Білім және ғылым…

Толығырақ

ЖИЕНБАЙ ЖЫРАУ

Бұл үш жүзге мәлім болған алшын, кете тайпасының құлыс аталығынан Жиенбай жырау Дүзбенбетұлы(1864-1929) жайлы ұстазым, Машарап Әлиевтен(1916-1987) естіген әңгімем еді: Қыстың айы. Арқадан Бұхараға мал айдаған байлар керуен салып, салтанатын жоғалтпаған заман. Сырдарияның мұзынан өтіп жатақ, егінші елдің үстімен өтетін жолмен Қызылдың құмына келіп ілігеді. Қызылқұмды қыстаған ел төбенің шуақ бетінен жеркепе қазып, астығын ұраға сақтап, өткен-кеткен саудагерлермен дән, талқанын алмастырып керек-жарағын түгендеп отыратын кез. Бағанағы бай, мырзалар алдын ала хабар салмай Жиенбай жыраудың үйіне келіп түседі. Ойлары «Осы Жиенбайға айлап жырлатып, үйір-үйір жылқы, қора-қора мал айдатып жібереміз. Сол сыйымыздың…

Толығырақ

ТӨРЕТАМДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕ

Төребай би ауылы бақшашылары үшін биылғы жылғы күзгі маусым мол өнім жинау жылы болды. Ауыл диқандарының ала жаздайғы тер төге күтіп-баптаған бақша дақылдарын аудан орталығы мен Байқоңыр және Қызылорда, тіпті Астана  қалалары тұрғындары да сатып алып, отбасылық дастархан мәзірлерін толтыруда. Өткен сәрсенбі күні төребайбилік бақшашылардың ұйымдастыруымен Төретам кентінде ауылшаруашылығы жәрмеңкесі болып өтті. Жәрменкеде диқандар төретамдықтар мен Байқоңыр қаласы тұрғындарына қауын-қарбыз, асқабақ және картоп пен сәбіз, сонымен бірге көкөністерді базар бағасынан арзанға сатты. Қауын-қарбыздардың бір данасы 200-250 теңгеден,  ал қиярдың келісі 100-150 теңгеден, қызанақтың келісі 100-120 теңгеден берілсе, асқабақтардың данасы 100-120…

Толығырақ

ҚАРМАҚШЫДАҒЫ КҮРІШ ТАУЛАРЫ

ҚАРМАҚШЫДАҒЫ КҮРІШ ТАУЛАРЫ

Қармақшылық диқан-механизаторлар қазір күріш дақылын төкпей-шашпай жинап алуда аянбай еңбек етуде. Редакция тапсырмасымен даладағы дүбірдің бүгінгі тынысымен танысу мақсатындаегіншілердің хал-ахуалдарымен танысуда жолға шықтық. Алдымен білікті сала маманы Орынбасар Төлепов басқаратын «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқармасына ат басын тіредік. Серіктестік кеңсесіне келгенімізде шаруашылық басшысы қызметкерлермен жиналыс өткізіп, күнделікті тапсырмаларын беріп жатыр екен. Іс сапарымыз мақсатын айтқаннан кейін ол сөзін бастады:-Сонау ерте көктемнен бастап, шіліңгір шілденің аптабындағы ыстыққа шыдап, балаша мәпелеп өсірген ақ күрішімізді жинап алуда еңбек етудеміз. Диқаншылар да биылғы күріштің шығымына риза. Көңілдері көтеріңкі. Алла қаласа өнім де жоғары болады…

Толығырақ