ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ТИІМСІЗ БЕ?

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ТИІМСІЗ БЕ?

Ақтөбедегі барлық медициналық мекеме халықты тұмауға қарсы жаппай иммундауға кірісті. Өңір халқының биыл 10 пайызына екпе салынады. Ол үшін жергілікті бюджеттен 28 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Алайда, аймақ тұрғындары тұмауға қарсы екпенің тиімсіздігін айтып отыр. Қымбат вакцинаны салдырғандар былтыр бірнеше рет ауырған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.  Ақтөбеде дәстүр бойынша тұмау және өткір респираторлық вирустық инфекцияларға қарсы жаппай егу басталды. Биыл 84 320 ақтөбелік екпе алады. Ол үшін жергілікті бюджеттен 28 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Алайда, кей тұрғын «бұл ақшаны желге ұшыру» деп отыр. «Жыл сайын тұмауға қарсы егеді….

Толығырақ

АСТАНАДА ЖОЛАҚЫ 3800 ТЕҢГЕ БОЛУЫ МҮМКІН БЕ?

АСТАНАДА ЖОЛАҚЫ 3800 ТЕҢГЕ БОЛУЫ МҮМКІН БЕ?

Өткен аптада Астана қаласының әкімдігінде өткен жиналыста қоғамдық көліктегі жолақы құнын 3 800 теңгеге дейін көтеру мәселесі қаралған. Алайда ОКҚ-де өткен брифингте қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов аталған мәселеге қатысты сұрақтарға жауап бере алмады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Бекмырза Игенбердинов БАҚ өкілдерінің сұрағына нақты жауап бере алмады. Брифинг біткеннен кейін журналистер «3800 теңге деген қайдан шықты?» деп өз сауалдарын жолдады. «Бұл дөңгелек үстел барысында айтылған концептуалды тұжырым. Онда бізге қоғамдық көліктерді қаржыландырудың моделі мен цифрларын қараңдар деп тапсырма берілді. Қазіргі таңда жұмыс…

Толығырақ

НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН ЖАПОНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІН ҚАБЫЛДАДЫ

НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН ЖАПОНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІН ҚАБЫЛДАДЫ

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабатаны қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.  Қос тараптың алғашқы ресми кездесуінде екіжақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдетудің өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар биыл екі ел арасында дипломатиялық байланыстың орнағанына 25 жыл толғанына айрықша назар аудара келіп, осы уақыт ішінде жеткен жетістіктерді одан әрі еселей түсудің маңыздылығына назар аударды. Н. Нығматулин атап өткендей, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ арасындағы достық қатынастың арқасында екі ел арасындағы ынтымақтастық бүгінгі күні барлық салада кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне жетті. Сонымен бірге,…

Толығырақ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚАН АЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫ КӨБЕЙГЕН

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚАН АЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫ КӨБЕЙГЕН

Қызылорда облысында қан айналым жүйесі ауруларымен күрес күшейтілді. Себеп бар. Жыл санап науқастар қатары артып келеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі khabar.kz-ке сілтеме жасап Инсульт пен инфаркт әсіресе жастар арасында жиі кездесе бастаған. Осыдан кейін аймақта бұл аурулармен күрестің арнайы жол картасы әзірленді. Қазір ерте тексеруге ерекше көңіл бөлінеді. Жыл басынан бері жүргізілген скринингтерден соң 4 мыңнан астам адам диспансерлік есепке алынған. Қазір жергілікті дәрігерлер күрделі операцияларды өздері жасайды. Қажет техника да бар. «Инсульт кезінде ең маңыздысы ол – бірінші алты сағатқа дейін жасалынатын көмек. Сонда адамды құтқаруға, болмаса мүгедектіктен…

Толығырақ

АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ «IRONMAN 70.3 ASTANA» ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ

АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ «IRONMAN 70.3 ASTANA» ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ

2018 жылдың 17 маусымында біздің астанамызда бірегей IRONMAN 70.3 ASTANA жарысы өтеді. Естеріңізде болса, бұл туралы 30 шілдеде ҚР триатлон бойынша Чемпионаттың ашылуында Қазақстанның Триатлон Федреациясының президенті Кәрім Мәсімов айтқан болатын, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.IRONMAN 70.3 ASTANA-ны ұйымдастыру Қазақ Географиялық Қоғамының идеясы болып мақсаттарының бірі. «Соңғы кезде Қазақстанда спорттың жас түрі – триатлон қарқынды дамып жатқандықтан, біз де шетте қалмайық деп шештік. Біз триатлоннан «IRONMAN 70.3» жарысын Астанада өткізу үшін ресми келісімшартқа қол қойдық. 2018 жылдың жазында, астанамыздың 20-жылдығын атап өткенде IRONMAN 70.3 ASTANA ұйымдастырылсын деген ойды ұсынған болатынбыз….

Толығырақ

АЛМАТЫДА ЖАҢБЫРДАН КЕЙІН БІРНЕШЕ КӨШЕНІҢ АСФАЛЬТІ ОПЫРЫЛЫП ТҮСТІ

АЛМАТЫДА ЖАҢБЫРДАН КЕЙІН БІРНЕШЕ КӨШЕНІҢ АСФАЛЬТІ ОПЫРЫЛЫП ТҮСТІ

Алматыда кеше алғашқы қар жауған болатын. Қардың соңы жаңбырға ұласып, ол жаңбыр жаңа төсеген асфальтқа біраз зақым келтірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. sputniknews.kz агенттігінің мәлімдеуінше Алматыда жаңадан төселген асфальт жаңбырға төтеп бере алмады. Жол төсемесі қаланың бірқатар көшесінде опырылып түсті. Бұрын Алматы көшелерін жаңбырдан кейін су басатын болса, ендігі кезде жаңбыр жол төсемесіне зақым келтіріп жатыр. Мысалы, Қалқаман-2 шағын ауданында Бәйкен Әшімов көшесінде төселген асфальт КамАЗ» автокөлігінің астында опырылып түсті. Сондай-ақ автокөлік иелері Яссауи көшесінің бір бөлігін айналып өтуге мәжбүр. Бұл жерде де асфальт бірнеше жерде төмен түсіп кеткен. Бұған дейін осындай оқиға…

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАНЫМАЛ СУРЕТШІ ӨЗ АУЫЛЫНДА 20 БАЛАҒА СТИПЕНДИЯ ТАҒАЙЫНДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАНЫМАЛ СУРЕТШІ ӨЗ АУЫЛЫНДА 20 БАЛАҒА СТИПЕНДИЯ ТАҒАЙЫНДАДЫ

Суретші Ерболат Төлепбай Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданындағы орта мектептің 20 оқушысына арнап, шәкіртақы тағайындады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 24.kz арнасының хабарлауынша ол өзі де кезінде осы оқу ордасында білім нәрімен сусындаған. Сыйақы оқуда озат, белсенді балаларға беріледі. Осы бір жомарт жан Тоқболат Тоғысбаев атындағы мектепті өз қаражатына күрделі жөндеуден де өткізіпті. Мемлекеттік сыйлықтың иегері осылайша Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына үн қосқысы келген. Жиырмаға жуық қылқалам шебері өмірге келген Тасарық ауылында Ерболат Төлепбайдың демеуімен жаңа мешіт салынған.»Өзіміздің елге деген, Отанымызға, тәуелсіз мемлекетімізге деген үлесімізді білдіргіміз келді. Өзім…

Толығырақ

ТРАМП: СОЛТҮСТІК КОРЕЯМЕН КЕЛІССӨЗ — УАҚЫТТЫ ТЕККЕ ӨТКІЗУ

ТРАМП: СОЛТҮСТІК КОРЕЯМЕН КЕЛІССӨЗ — УАҚЫТТЫ ТЕККЕ ӨТКІЗУ

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонға Пхеньянмен ядролық бағдарлама туралы келіссөз өткіземін деп уақытты текке жоғалтып жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BBC-ға сілтеме жасап. «Рекс, күшіңді сақта. Біз не қажет болса, соны істейміз», — делінген Трамптың Twitter-дегі жеке парақшасында. Өткен сенбіде Рекс Тиллерсон Вашингтон Пхеньянмен келіссөз өткізу жөнінде тікелей байланыс орнатуға мүмкіндігі бар екенін айтқан. Бірақ ол КХДР-дің диалог өткізуге аса құлықты емес екенін де алға тартқан болатын. Соңғы айларда АҚШ пен КХДР-дің арасындағы қарым-қатынас ушыға түскен. АҚШ Пхеньяннан ядролық және ракеталық қаруды жасауды тоқтатуды талап…

Толығырақ

СЕМЕЙДЕ ДИАМЕТРІ БІР ЖАРЫМ МЕТРДЕН АСАТЫН АЛЫП АСҚАБАҚ ӨСІРІЛДІ

СЕМЕЙДЕ ДИАМЕТРІ БІР ЖАРЫМ МЕТРДЕН АСАТЫН АЛЫП АСҚАБАҚ ӨСІРІЛДІ

Семейдегі биологиялық орталықта салмағы 40 келі, диаметрі 160 сантиметр болатын асқабақ өсірілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Semeyainasy.kz-ке сілтеме жасап. «Жаз бойы біздің қызметкерлер бау-бақша өнімдеріне жақсы күтім жасады, оларды жақсылап суарып тұрды», — дейді Биологиялық орталықтың мамандары. Бұл жерде асқабақтан басқа қызанақ, асбұршақ, қызылша, қырыққабат, бұрыш та өсірілді. Жинап алынған көкөністердідің жартысын қоймада сақталмақ. Ескерту! Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.  

Толығырақ

АНАР ФАЗЫЛЖАН: ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДЕ «БІР ӘРІП — БІР ДЫБЫС» ПРИНЦПІ БҰЗЫЛМАУЫ КЕРЕК

АНАР ФАЗЫЛЖАН: ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДЕ «БІР ӘРІП — БІР ДЫБЫС» ПРИНЦПІ БҰЗЫЛМАУЫ КЕРЕК

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру идеясын Мемлекет басшысы сол тоқсаныншы жылдардың басында-ақ айтқан болатын. Бұл идея 20 жылдан астам уақытта әбден пісіп-жетілді. Содан да болар, сәуір айында Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялап, онда латынға көшуді бастауды Үкіметке тапсырды. Елбасы айтқандай, тіл мамандары өздеріне артылған бұл міндетті көп созған жоқ. Шамамен 5 айдай уақыттың ішінде латынның қазақстандық нұсқасын әзірлеп шықты. Оны әзірлеген Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы. Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы Парламент депутаттарының қарауына биыл 11 қыркүйекте ұсынылған болатын. Алайда, бұл жоба қоғамдық пікірді сол күні-ақ…

Толығырақ