ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІҢ ШЫНАЙЫ ЖАНАШЫРЫ

ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІҢ ШЫНАЙЫ ЖАНАШЫРЫ

Уақыт алға жылжыған сайын қоғамның тың жаңалықтары мен жаңғырулары өмірге еніп отырады. Біз оларды қалыпты түрде қабылдай отырып, өзіміздің салт-дәстүрімізді де ұмытпауға тиіспіз. Себебі, әрбір ұлттың төл өнері, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы оның басты құндылығы болып саналады. Сондай баға жетпес қолөнер түріне тоқыма өнерін қоссақ болады. Қарапайым біз бен жіптің көмегімен іске асырылатын тоқыма өнерінің ұрпақ тәрбиесіне берер ұлағаты мол десек қателеспейміз. Қыз бала-ертеңгі елдің анасы, ұлттың ұйытқысы. Әдемілік пен әсемдіктің, Отансүйгіштік пен сұлулықтың  белгісіндей. Нәзік жандылар тәрбиесінде этикалық, эстетикалық талғампаздықтың орны айрықша. Осы тұрғыда Ә.Егізбаев атындағы №121 орта мектептің технология…

Толығырақ

КІТАП-ҒҰМЫРЛЫҚ ДОС   

Акция Өткен аптада № 274 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын  басшылыққа алып мектеп оқушылары  үшін «Досыңа кітап сыйла»  және  «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті. Шарада кітапханашы Анар Балманова кітап алмасу- буккроссинг туралы, осы шараның шығу тарихын  оқушыларға айтып берсе, оқушылар өздері оқыған кітаптарын достарына сыйлап,  игі істер жасады.  Мектеп мұғалімдері де бұл шараға өз үлестерін қосты. Бастауыш сынып мұғалімі Света Ізтай өзінің оқыған 20 кітабын  мектеп қорына тарту етті. Сонымен қатар, акция барысында білімге құштар, оқуға ынтық кітапқұмар жастар бір-бірімен өздерінің оқыған кітаптарын алмасты….

Толығырақ

«ЖАСТЫҚ ЖІГЕР ЖАЛЫНДА»

Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсыры шеңберінде «Қармақшы Жастары» жастар қоғамық бірлестігінің ұйымдастыруымен   аудан орталығында орналасқан ІІІ Интернационал ауылдық округінің  спорт алаңында «Жастық жігер жалында» тақырыбында шағын футболдан жарыс өтті. Жарыста І –орын Ақтөбе 93  командасы ІІ-орын Ақжар жастары командасы ІІІ-орын Ақтөбе  және ІІІ Интернационал командалары  марапатталып белсенді қатысқан ойыншылар Махамбетов Арсен,Сайлаубек Өркен,Исабеков Тоқтар,Алмабаев Махсұттар Алғыс   «Қармақшы Жастары» жастар қоғамдық бірлестігі жарыс соңында арнайы Дипломдармен бағалы сыйлықтары берілді. Айжан КАНАЛБЕКҚЫЗЫ

Толығырақ

«ТІЛ ЖАНЫҢ, ТІЛ — ҚАНЫҢ, ТІЛ — АРЫҢ, ТІЛ — ӘНІҢ»

Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік  әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Қармақшы Жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 22-жұлдызында ІІІ Интернационал ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан  халқы тілдерінің күні мерекесіне орай «Тіл жаның, тіл – қаның, тіл –арың, тіл — әнің» атты топтық сайыс өткізілді. Топтық сайысқа Тұлпар, Мерген,Сұңқар Ынтымақ командалары қатысып нәтижесінде І-орын Тұлпар ІІ-орын Ынтымақ ІІІ-орын Мерген командасы жеңіп алды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Қармақшы Жастары» жастар қоғамдық бірлестінің ұйымдастыруымен 1 қазан қарттар күніне орай  өткзілетін «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбындағы акцияның Құттықтау акциясында Ардагерлерді…

Толығырақ

ҒАЛЫМДАР АУРУДЫҢ ЕҢ АРЗАН ЕМІН ТАПТЫ

ҒАЛЫМДАР АУРУДЫҢ ЕҢ АРЗАН ЕМІН ТАПТЫ

Швейцария, Израиль және АҚШ ғалымдары плацебо эффектісі емделушілердің өтірік препараттарды қабылдаған кезінде де әсер ететінін дәлелдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.  Зерттеу нәтижесі Pain журналында жарияланды. Ғалымдар 160 еріктіге тәжірибе жүргізіп, осындай шешімге тоқтаған көрінеді. Үш топқа бөлінген еріктілерге қолдарын қыздырылған пешке жақындатып, ауруды сезгенше ұстап тұру тапсырылады. Содан кейін олардың барлығына плацебо болып табылатын жергілікті анестезия егіледі. Бірінші топтағыларға ауруды басатын дәріні шын мәнінде құймағандары айтылмайды, екінші топқа плацебо эффектісі мен оның әсері туралы айтылса, үшінші топқа бұл жалған анестезия екені түсіндіріледі. Нәтижесінде қызып тұрған пеште…

Толығырақ

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 2017 жылдың 7 қыркүйегіндегі № 30-Ө бұйрығына қосымша Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының 2017 жылдың IV тоқсанына арналған жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдау К Е С Т Е С І Жеке және заңды тұлғаларды қабылдаушы-ның аты-жөні Жеке және заңды тұлғаларды қабылдаушы-ның  лауазымы Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күні мен уақыты Мемлекеттік мекеменің мекен-жайы Байланыс телефоны Қалиев Ерлан Піртазаұлы департамент басшысы сәрсенбі, жұма 17.00-ден 18.00-ге дейін Байқоңыр қаласы, Королев даңғылы, №33 үй 8 /336 22/ 7-42-46     СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ…

Толығырақ

САЛЫҚШЫЛАР СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ҚАРСЫ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында Қазақстан әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуын ел алдына басты меже етіп белгілегені баршаға аян. Соған сәйкес, елімізде көптеген ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Экономикалық жағдай жақсарып, халықтың тұрмыс деңгейі артты. Елімізде дүние жүзінің назарын аударған үлкен-үлкен халықаралық шаралар өткізілуде. Олардың бәрін тізбелемесек те, бір ғана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін айтудың өзі-ақ әрбір азаматқа үлкен мақтаныш екені айқын. Алайда, осындай игі істерді атқаруда етектен тартатын кемшіліктер де кездеседі. Азаматтар тұрмысының сапасын озық мемлекеттердегі деңгейге жеткізуді көздейтін мақсатты жолдағы басты кедергінің бірі – сыбайлас жемқорлық. Осы орайда,…

Толығырақ

ҚОСНАЗАР ПАЛУАН

Эссе 1973 жылдың қыс айы. Біздің ауылдан 90 шақырымдай шамасында «Шаңырақты» деген жерде әкеміздің бажасы, Шөмекейдің Аспаны, Малбике аталығынан Дәмен баласы Дүзелбай ағамыз Қарақалпақстанның жылқысын бағып, қыстап отыратын. Бұл кісілерді Ізтелеу балалары деп атайды. Ізтелеу деген кісі Әму мен Сырдың арасында Қызылқұмды жайлаған өз заманында дәулетті, қол қайыры мол бай кісі болып өткен делінетін. Бүгінгі ұрпақтарынан да ырыс-несібе ортаймаған қонақжай әулет. Жылдағы кәдесі, әкемізге атаған соғым малын алуға қар басқан, ақ шағыл төбені етектей отырған қыстауларына қорапты машинамен келіп тоқтадым. Алдымнан Раушан апам шығып (нағашы апамыз) бетімнен сүйіп, үйге бастады….

Толығырақ

ТІЛ-МЕМЛЕКЕТ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ТІРЕГІ

Елбасының алға қойған міндеттерінің ьбірі-үштұғырлы тіл саясаты елімізде сәтті жүзеге асырылуда. Оған жалпы бюілім беру ұйымдары да біркісідей атсалысуда. Осы орайда, ЕНлбасы тапсырмаларын орындауда білім басқармалары мен бөлімдерінің белсенді жұмыстары маңызды рөл атқармақ. Біз жақында аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлназ Жалғасбайқызымен тілдердің үштұғырлылығына байланысты бөлімнің атқарып жатқан жұмыстары жайында сұқбаттасқан едік. -Аудандық білім бөлімінің 2016-2017 оқу жылында үштілділік және ағылшын тілі пәні бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтасың? -Бөлімге қарасты білім беру мекемелерінде барлығы 129 ағылшын тілі пәні мұғалімі жұмыс жасайды. Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 2015-2017 жылдары аралығында облыстық…

Толығырақ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Жуырда Атырау қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының кезекті чемпионаты өтті. Міне, өз аймақтарында ең мықты деген спортшылар қатарынан орын алатын споршылардың қатысуымен өткен аталмыш жарысқа біздің де жерлестеріміз Сыр бойы құрама командасы сапында өнер көрсетіп,  аудан абыройын асқақтатты. Нақтырақ айтқанда, ерлер арасында  өз жас аралықтары бойынша  Мейіржан Мақшат  200,400 және 800 метр қашықтыққа, ал Бағдат Елібаев 100 және 200 метрге жүгіруде жарыс жеңімпазы атанса, 400 және 800 метр қашықтықта бақ сынаған  Ержан Қуандықов жүлделі ІІ орынға көтерілді. Сонымен қатар, әйелдер арасында өткен дискі, ядро және найза лақтыру  сияқты…

Толығырақ