Салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының назарына!

Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында, 1414 бірыңғай контакт-орталық  базасында кеңестер тек қана мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша емес, сондай-ақ «Жеке тұлғалардың кірістерін және мүлігін жалпыға бірдей декларациялау», «Электрондық шот-фактураларды қолдану туралы», «ДСҰ төмендетілген баж ставкасы қолданылатын Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін Тізімдегі тауарлардың өткізу тәртібі» сияқты ең өзекті мәселелер бойынша беріледі. А. Ержанов, Қармақшы ауданы  бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.

Толығырақ

«Қорқыт және ұлы дала сазы» фольклорлық өнер фестивалі

  Қызылорда облысының әкімдігі мен Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасын іске асыру аясында дәстүрлі музыкалық өнерді дамыту, түркі тілдес елдердегі өнер иелерін таныту, насихаттау және сол арқылы ел мен елдің арасындағы мәдени-рухани байланысты нығайту мақсатында 2017 жылдың 27-29 қыркүйек күндері төрткүл әлемдегі түркі халықтарының басын біріктірген саңлақ ойлы данышпан, түркі саз өнерінің негізін қалаушы Ұлы Қорқыт бабаның Отаны – Сыр елінде түркі тілдес елдердің халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты фольклорлық-музыкалық өнер фестивалін өткізеді. Фестивальға Әзірбайжан, Ресей, АҚШ, Қытай, Түркия және басқа елдерден өнертанушы…

Толығырақ

БІЗ ЖАҢҒЫРСАҚ – ҰЛТЫМЫЗ  ЖАҢҒЫРАДЫ

«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап,  тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген,…

Толығырақ

СПОРТ — ӨМІР ҰСТАНЫМЫ

Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Бір сөзбен айтқанда, спорт — барлық тәрбие атаулының саласы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық, әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін  рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру-біздің міндетіміз. Елбасымыз қазіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап, үлкен үміт артады. Яғни, дені сау, білімді, білікті, жан-жақты қалыптасқан жастар — ел ертеңі. Жақында №277 мектеп-лицейде  қалалық прокуратура, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының бірлесе ұйымдастыруымен Ақай ауылдық округі, Төретам кенті және…

Толығырақ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ  ЖАН ЖЫЛЫТАДЫ

Қазақ қашан да жанының жомарттығымен, көңілінің ашықтығымен, жүрегінің мейірбандылығымен ерекшеленген халық. Тағылымды тарихымызда талай атымтай жомарттарымыз құлағанды сүйеп, сүрінгенді демеп отырған оқиғалар жиі кездеседі. Ол үрдіс бүгін де бар. Әсіресе, ел ағаларының еліміздің болашағы, алтын кілті саналатын балаларымызға қамқорлық, мейірімділік қолын созуы көп болып құптарлық іс. Дүр Оңғар ауылындағы серіктестік төрағасы, ауылдың сыйлы азаматы Орынбасар Төлеповтің басшылығымен біршама игілікті жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 7 балаға 20 мыңнан, 5 балаға 15 мың теңгеден қаржылай көмек берілсе, оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында Жаңақорған ауданындағы «Тау самалы»…

Толығырақ

ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ҮШІН!

ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ҮШІН!

Қай уақытта болмасын ұлт баласы алдында тұратын ұлы мұраттардың ұлысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын саламатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Қазақстандықтардың үлкен қолдауына ие болған Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы еліміздегі білім саласының дамуына тың серпін бергені анық. Мақала барша ұстаздар қауымының оқу-тәрбие жұмысындағы мақсат-міндеттерді айқындаған тарихи құжатқа айналды. Осы бағдарламалық мақаланы негізге алып, өткен жұма күні білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасында және оларға қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу және мектептерде қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Қауіпсіз балалық…

Толығырақ

КЕНТ ТАЗАЛЫҒЫ БАҚЫЛАУДАН ТҮСПЕЙДІ

КЕНТ ТАЗАЛЫҒЫ БАҚЫЛАУДАН ТҮСПЕЙДІ

Күзгі көркейту-көгалдандыру айлығының басталғанына көп уақыт болмаса да кент іші біраз ретке келіп, жаңа кейіпке енді. Өткен сенбілікте  аудандық  статистика, қорғаныс істері жөніндегі бөлім, әуез мектебі, жыраулар үйі, Жосалы темір жол вокзалы, туберкулезбен күрес диспансері, аурухана мен №26 орта мектеп ұжымдары белсенділікпен кент көшелерін, өздеріне берілген аймақтарды күл-қоқыстар мен түрлі қалдықтардан тазартты. Тазалық-табалдырықтан бастау алады. Көшемізді келіп тазартып береді деп күтіп отырмай, әрбір тұрғын сенбілікке атсалысуы керек. Ауламызды, үй айналасын таза ұстасақ  кент келбетін жақсарта түсуге сеп болары сөзсіз. Қ.ТАЙБАҒАРОВ.

Толығырақ

БАЛА БАҒБАНЫ

БАЛА БАҒБАНЫ

Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің орыс тілінде оқитын  2 «А» сыныбының 23 оқушысы жазғы демалыстан кейін алтын ұяларымен қуана қауышты. Себебі мектепті, оның ішінде өздеріне алғаш «А» әріпін үйреткен ұстазы Бердібаева Гүлнар Бостанқызын сағынуының себебі бар.  25 жылдан бері мол тәжірибе жинақтаған жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімінің әрбір сабағы ерекшеліктер мен қызыққа толы болып өтеді екен оқушыларының айтуынша. Қазір бұрынғыдай емес, жаңа технология дамыған сайын мектеп бағдарламалары да күрделене түсті. Балаға сабақты тыңғылықты түсіндіріп, оның тақырыпты тез меңгеріп алуы үшін бірінші кезекте мұғалім сауатты болуы бүгінгі күннің басты талабы. Баланың бәрі…

Толығырақ

АЛМАСТЫҢ БАЙТАҚ ӘЛЕМІ

АЛМАСТЫҢ БАЙТАҚ ӘЛЕМІ

Елімізге белгілі жырау Алмас Алматовтың «Жыр керуені» кітабы өзінің шығармашылық жолының энциклопедиялық жинағы күйінде топтастырылған, айрықша еңбек. Өнерге келу, өсу жолдары мен бүгінгі елге танымал тұлғаның әр кезеңдердегі жеткен жетістіктері мен алдына қойған мақсат-міндеттері кезең-кезеңімен баяндалып, баспасөз беттеріне шыққан мақала, сыр-сұқбат күйінде өріліп отырады. Алыс шетел сапарлары мен халықаралық өнер бәйгесіндегі жыраудың алған белестері көркем тілмен өрнектеліп, оқырманды биік мақсаттарға жетелейді. Ал, «Шыңғыснама» атта еңбегі тарихи дастандар желісін құрайтын төрт кітаптың («Шыңғыснама», «Жошынама», «Алашнама», «Қазақнама») алғашқы томы. Көлемі 14784 жол. Тарихи дерек көзін «Моңғолдың құпия шежіресі» мен «Алтын шежіреден» (Лупсанданзан)…

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

2017 жылдың 26 қыркүйек күні  сағат 17.00-де  Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында  Қарпықұлы Текей батырдың 350 жылдығына арналған облыстық  «ӘЗ ТӘУКЕНІҢ ТЕКЕЙ БАТЫРЫ» атты  тарихи — батырлық дастан орындаушылардың жыр фестивалі өтеді. Фестивальге Бидас Рүстембеков, Алмас Алматов, Майра Сәрсенбаева, Шолпан Биімбетова, Айдос Рахметов, Берік Саймағамбетов және басқалар қатысады. Ұйымдастыру алқасы.  

Толығырақ