Қазақстанда ЭКСПО-ның қай теxнологиялары енгізіледі?

Қазақстанда ЭКСПО-ның қай теxнологиялары енгізіледі?

ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, бүгінде Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстырылған теxнологиялардың ішінен 105 жоба іріктелді. Қазірдің өзінде бірқатар мемлекеттік және атқарушы органдар 42 жобаны іске асыруға кірісті,  деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мәселен, германиялық бір теxнология электр энергияны алыс жерге тасымалдағанда қуат көздерінің біраз бөлігін үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазақстанның электрэнергетикалық жүйесіне ондай теxнологиялар ауадай қажет. Себебі территориямыз кең. Бұдан бөлек, неміс павильонында геотермалдық теxнология таныстырылған болатын. Оның көмегімен жерасты сулар мен топырақтан энергия алуға болады. Зерттеулерге сәйкес, елімізде осы санаттағы энергия қоры баршылық», — деді Мырзағалиев бүгін Үкімет үйінде өткен…

Толығырақ

Астана мен Алматыдан Оралға пойызбен жету уақыты қысқаратын болды

Астана мен Алматыдан Оралға пойызбен жету уақыты қысқаратын болды

Астана мен Алматыдан Оралға пойызбен жететін уақыт қысқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы сыртқы істер министрліктерінің өкілдері арасында ратификациялау туралы грамоталармен алмасу рәсімінің қорытындысы бойынша 2016 жылғы 4 қазанда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1996 жылғы 18 қазандағы теміржол көлігінің кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгертулер енгізу жөніндегі хаттама күшіне енгізілді. Осыған орай, қазақстандық жолаушылар пойызы Ресей Федерациясы аумағында тоқтаусыз жүрген жағдайда Жайсаң — Илецк…

Толығырақ

Бакуде Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылық кеші өтті

Бакуде Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылық кеші өтті

Баку қаласында Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Халық әртісі, композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылық кеші өтті. «Қазақстан — Әзербайжан» Достар клубының, «Қазақстан — Әзербайжан» Достық қоғамының мүшелері, Әзербайжан жұртшылығы, шығармашылық зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, бауырлас елде тұратын отандастарымыз, студенттер қатысқан кешті Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігі ұйымдастырды. Шараның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Бейбіт Исабаев даңқты композитордың «Атамекен», «Әдемі-ау», «Сағындым сені», «Асыл арман», «Ескірмеген махаббат», «Өмірімнің жазы» сияқты көптеген әндері қазақстандық және шетелдік әнсүйер қауымның сүйіп тыңдайтын әндеріне айналғанын тілге тиек етті. «Оның шығармашылығына тақырыптардың алуандығы, материалды…

Толығырақ

БҚО-да Сырым Датұлының 275 жылдығы тойлануда

БҚО-да Сырым Датұлының 275 жылдығы тойлануда

Бүгін облыстық қазақ драма театрында ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен әрі батыр Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Оған қатысқан Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, ешбір халық тарихсыз болмайды. Басқа да ұлттар секілді қазақ халқының да өзіндік ерекше тарихы бар. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек», — деп атап көрсеткеніндей, сол қатпарлы тарихымыздың ішінде қазақтың тәуелсіздігін сақтап қалуы үшін күрескен хандарымыздың, батырларымыздың жасаған ерлігін қазақ халқы еш ұмытпақ емес….

Толығырақ

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанға Карск теңізі аумағынан суық және ылғалды ауа массалары келеді, сол себепті демалыс күндері күн суытады және жаңбыр жауады, солтүстік, орталық және шығыс аудандарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін деп болжайды Қазгидромет. Оңтүстік шығыста жексенбі және дүйсенбі күндері жаңбыр, таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Кей жерлерде үсік жүреді. Батыс облыстарда да күн суыта бастайды. Демалыс күндері жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Осы күндері ең жоғары ауа температурасы +30+36 болса, сенбі күні +15+20, оңтүстік батыста +23+28 болады. Территорияның өзге аумақтарында ауа температурасы климаттық мөлшерден 2-6 градусқа төмен…

Толығырақ

Сенат төрағасы мұғалімдердің жалақысын көтеруді ұсынды

Сенат төрағасы мұғалімдердің жалақысын көтеруді ұсынды

Ұстаз кәсібінің төмен мәртебесі білімді дамытуды тежеп отырған фактор болып саналады. Қазіргі уақытта білім беру қызметкерлері жалақысының деңгейі ең төмен еңбекақының қатарында қалып отыр. Үкімет осы орайда мұғалімдердің жалақысын көтеру жағын ойластыруы қажет. Бұл туралы орта білім беру жүйесінің проблемаларына арналған парламенттік тыңдауда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Ұстаз кәсібінің төмен мәртебесі мектептегі білімді дамытуды тежеп отырған фактор. Қазіргі уақытта білім беру қызметкерлері жалақысының деңгейі ең төмен еңбекақының қатарында қалып отыр. Ол орташа республикалық деңгейдің 66 пайызын құрайды. Үкімет экономикалық жағдайға орай мұғалімдердің жалақысын…

Толығырақ

Қазақстанда ақылы оқуға түскісі келгендер ҰБТ-дан босатылуы мүмкін

Қазақстанда ақылы оқуға түскісі келгендер ҰБТ-дан босатылуы мүмкін

Қазақстанда ақылы оқуға түскісі келген талапкерлерді ұлттық бірыңғай тестілеуден босату мәселесі талқылануда. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық  реттеу перспективалар» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау барысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өздеріңізде білетіндей, «Ақ жол» партиясы еліміздің жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсетіндер үшін ұлттық бірыңғай тестілеуді алып тастау туралы бастама көтерген болатын. Қазіргі таңда біз мәселені егжей-тегжейлі талқылап жатырмыз. Ұлттық бірыңғай тестіні мемлекеттік білім гранттарын бөлу құралы ретінде қалдыру ұсынылған болатын», — деді Ерлан…

Толығырақ

Темірден түйін түйген абыз ата

Тарихтың өткен кезеңдерін еске алмай,  болашақты болжау жаншақтық болар еді. Сондықтан Абыз атамыз Сәдуақастың жүріп өткен жолдары, еңбек еткен жерлері, басынана өткен аштық жылдары, алапат соғыстың салған жаралары жайлы кезекті мақала өзінен өзі сұранып тұрғандай. Кеңес үкіметі кезінде,  талай ауыл-аймақ, елді мекен аттарының бірнеше рет өзгеріске түскенін тарих беттерінен жақсы білеміз. Әржерде орналасқан  кішігірім ауылдарды біріктіріп, колхоз, совхоздар ұйымдастырылды. Ондай өзгерістер, ірілендіру саясаты Қармақшы жерінде айналып өткен жоқ.  Атамыз: «Қызыл жұлдыз», «Жаңа тұрмыс», «Молотов» елді мекендері біріктіріліп, әуелде “Молотов”  колхозы, кейінірек «Октябрь» совхозына айналды. «Жаңа жол», «Қызыл жар» – «Энгельс»…

Толығырақ

БАР БАЙЛЫҒЫҢ БІРЛІГІҢНІҢ АРҚАСЫ

Дәуірінің додасында достасқан, Бұлт серпіліп бүгін қабақ ашты аспан. Тұран дала топырағын тұрақтап, Барша ұлттар бауыр басып, бас қосқан.   Тұғырлы өлке тұрақтылық төрінде, Бақ береке байланды осы өңірге. Жүрегіміз жақсылықтан жадырап, Қуаныштың лебі еседі көңілде.   Қазақ елі баршаға ашып құшағын, Тыныштықта тыңдағандай құс әнін. Бозторғайы боз далаға ұя сап, Бақытының бағындырды ұшарын.   Сенімі нық, мұның асқақ айбары, Қазақылық салт-дәстүрге бай бәрі. Атырабы Алашқа аян ауылдың, Бұл күндері бұзылмаған қаймағы.   Туған жердің шабыт берер әр тасы, Табиғаттың тебіренердей жартасы. Ассамблея жылы биыл тойланбақ, Мұның бәрі тек бірліктің…

Толығырақ

БIР ТАМШЫ СИЯ

Поэзия — жұмбақ та сырлы әлем. Ондағы құстар үнi, ағаштар сыбдыры жан сарайыңды рахатқа бөлеп, өзiнiң сұлу да жұмақ бағына жетелей жнеледi. Жүректен жарып шыққан нағыз жыр ғана жамағатқа жол тартып, ана сүтiндей алпыс екi тамырыңды иiтедi. Жыр әлемi — рухсыздықтан, жiгерсiздiктен, әлсiздiктен аулақ. Бүгiнде жан-жағымызда толып жүрген өлең көп—ау, бiрақ өмiрлiсi аз. Шығарма көп, шырындысы аз. Несiне жасырайық, қалтасы қалыңдар кiтап шығарғыш болып кеттi. Жә, қызғанып жатқанымыз жоқ. өнер — киелi. Соның киесiнен қорқып, қызғыштай қорғағанымыз бұл. Бiр жағынан сапасыз кiтаптардың аз уақытта жұрт жадынан өшiп, сөрелерде шаң басып…

Толығырақ