70 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР МЕКЕМЕ

Өткен ғасырдың басында өршіп тұрған аса қауіпті ауру, обамен күресу мақсатында Қазақстанда медициналық мекемелер ашыла бастады. Солардың  бірі 1947 жылы ашылған Жосалы обаға қарсы күрес бөлімшесі. Алғашында обаға қарсы күрес пункті болып ашылған мекемеде 1980 жылға дейін әр түрлі ұлт өкілдері қызмет атқарды. Дәл бүгінгідей көлік, киім-кешек пен  құрал-жабдықтар болмады. Аса қауіпті жұқпалы аурудың алдын алу мақсатында күн-түн демей дала кезіп, қыстың аязына, жаздың аптабына, көктем мен күздің жауын-шашынына төтеп беріп жүрген мекеме қызметкерлерінің жүйелі жұмыстары көзге көрініп, ескеріле бермейді. Еліміздің экономикасы нығайып, кемелденген шақта жаңа техникалар алынып, зертханалық құрал–жабдықтар…

Толығырақ

ТИМУР-ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ

1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл – ынтымағы тұрмысына ырыс, та­тулығы бірлігіне тыныс бір­тұтас еліміздің ортақ мей­ра­мы. Биылғы мереке Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен орай­лас келуде. 25 жылда еліміз бей­біт­шіліктің бесігіне, жарасымды­лық­тың кіндігіне, игі бастама­лар­дың, әлемдік келісім мен келіс­сөз­дердің орталығына айнал­ды. Мұның түбінде Елбасының кемел ойының жемісі мен қазақстандықтардың үлкен үлесі жатыр. «Бірлік бар жерде — тірлік бар» дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Мемлекетіміздің өркендеп, ілгері басуы елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар…

Толығырақ

АТА АМАНАТЫ – ҰРПАҚ ЗЕРДЕСІНДЕ

АТА АМАНАТЫ – ҰРПАҚ ЗЕРДЕСІНДЕ

Сыр бойы ежелден-ақ өлең жырға толы. «Сыр елі – жыр елі» атанғанындай, Қармақшы топырағы өнер дарыған, әсіресе жыраулық өнердің бірнеше мектептері дамыған, қалыптасқан құтты өлке. Кетеде Шораяқтың Омары өтті, Өлгенше өлең-жырды жоғары етті. Даңмұрын, Ешниязбен Оңғар жырау, Тұрымбет бес бозғылдан бұлар да өтті, – деп жырлаған Қуаныш Баймағанбетовтың, жыр дүлдүлдерінің қатарында санаған Тұрымбет Салқынбайұлы 1868 жылы Қазалы уезі (Қармақшы ауданы), Жамансыр болысы, 3–ші ауылда кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Қармақшылық белгілі әдебиет жанашыры, марқұм Әлқуат Қайнарбаев Тұрымбет жырау жайлы естеліктерінде  былай дейді: «Тұрымбет бала жастан өлең – жырға әуестеніп, хикая…

Толығырақ

ОТАНШЫЛДЫҚ БАСТАУЫ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ

Өмір-мен үшін бәрінен қымбат, махаббат-өмірден де қымбат, бірақ елімнің еркіндігі мен азаттығы үшін қажет болса, екеуін де құрбан етуге әзірмін.  Шандор Петефи.   Қазақстандық патриотизм бұл- Отанын, жері мен суын шексіз сүю, халқының өнеге-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрмет тұту, мүддесін көздеп, бостандығы мен құқын қорғау, әр адам өз күш-жігерін, ел бірлігін нығайтуға, азаматтық татулықты баянды етуге және ұлтаралық татулықты тұрақтандыруға жұмсауы. Отаншыл болу үшін мемлекеттің ресми азаматы атану аз, жоғарыда аталған сан қырлы, терең сырлы игі қасиеттер қанына әбден сіңген сезімтал отанжанды азамат болуы шарт.  Сондай жастардың бірі, Жосалының тумасы, ішкі істер…

Толығырақ

БӘРІ ҚҰНСЫЗ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫНДА

Тіршілікте тыным таппай күнде біз, Бәріміз де асығыстық күйдеміз. Шәй қой деді самаурынға тездетіп, Қонақ күтіп жатқан едік үйде біз.     Мақұл дедім, тыңдағандай бір ертек, Айтқан тілді ұғып алар қыз ем тек. Ойламадым шауып жүріп шалынып, Самаурынды ток көзінен үзем деп.   Қайнаған су аяғыма төгіліп, Екі табан қалды буға көміліп. Дереу үйге жедел жәрдем шақырттық, Дәрігерге алу үшін көрініп.   Күнәм болса кеше көр деп тәңірім, Жалбарындым, тартып ауру зәбірін. Тар төсекте таңылғанда түсіндім Денсаулықтың қымбат болар қадірін.   Күйбеңдейміз, мына өмірде тағат жоқ, Бірақ, деннің саулығында…

Толығырақ

ОЙМАҚТАЙ ОЙ

Кең жазиралы байтақ даладан бір қарт кісі немересімен бірге малдарын айдап үйіне келе жатқан екен. Жол бойында бір-бірімен ойнап жұлқыласып жүрген бірнеше иттерді əлгі қарттың немересі көріп таңғалып, қызыға түседі. Тамсанысын жасыра алмай немересі: -Ата, анау иттерді қарашы, қандай тату-тәтті, ал бір-бірімен ойнағандары өз алдына бір бөлек əңгіме деп ағынан жарылыпты. Сонда атасы жымиып: — Құлыным, мынау асыр салып ойнап жүрген тату-тәтті  боп көрінген иттердің ортасына сүйек тасташы не боларын көрейік,-дейді. Немересі түскі астан қалған сүйекті əлгі иттердің ортасына  тастайды. Тып тыныш ойнап жүрген əлгі иттер сүйекті көре сала бірден…

Толығырақ

ЖАРАСЫМДЫ ЖАНҰЯ

Отбасы шағын мемлекет. Айтса айтқандай. Әр отбасының ешкімге ұқсамайтын өзіндік тәртіптері мен дәстүрлері бар. Әке сол шағын мемлекеттің тірегі, қорғаушысы, қамқоршысы, жақсы жол нұсқап, тәрбие нұсқаушысы. Ана шаңырақтың шырайын кіргізіп отырар ұйытқысы, бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербететін мейірбан жан болса,  балалар-өмірдің гүлі, келешектің нұры, мемлекеттің ертеңгі тұтқалары. Ұлтқа үлгі болар бірлікті де, тынымсыз тірлікті де, шексіз бақытты да, қымбат уақытты да отбасысыз елестету мүмкін емес. Нағыз байлық-ол жанұяның амандығында, балалардың шат күлкісінде. Қазақ он үште отау иесі деп бекер айтпаған. Балиғат жасына жеткен бозбала мен бойжеткен өздерінің теңдерін…

Толығырақ

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ

1 қыркүйек күні аудандық «Қармақшы ата» мешітінде аудан тұрғындарының қатысуымен Құрбан айт мерекесі болып өтті. Айт намазын ауданның бас имамы Д.Талқанбаев оқып, Алла жолына құрбандық шалынды. Айтулы күнде аудан тұрғындарын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов құрбан айт мерекесімен құттықтап, игі тілегін білдірді. Мерекеде аудандық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы А.Алтынсариев жиналған жамағатқа Құрбан айт мерекесінің қадір-қасиеті жайында уағыздар айтты. Құрбандық шалу дегеніміз-тек мал бауыздаумен шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, адалдығы, шынайы пейілі мен асыл дінімізге деген бекемдігі, жан-жағына жанашырлығы таразыға түседі. Пенденің пендешілігі мен жомарттығы да сыналар сәт осы. Мұсылман…

Толығырақ

ҚОС ҚҰРДАС ҚОЛҒА АЛҒАН КӘСІП

ҚОС ҚҰРДАС ҚОЛҒА АЛҒАН КӘСІП

Бірде қыдырып туысқанымның үйіне бардым. Көптен көрмеген жақыным жиналып қалған әңгімелерін, жаңалықтарын айтып, сатып алған жаңа заттарын көрсетпек болып бөлмесіне кіруімді өтінді. Кірген бойы оң жақ қапталда бір қабырғаны түгелдей алып тұрған айнасы бар әдемі жиһазға көзім түсті. Жаңа үлгіде жасалған, ысырмалы есігі бар жиһаздың бір бөлігіне көрпе-төсек жиналса, бір жағына киім салынады екен. Қалта көтерсе үйге алуға боларлық тәп-тәуір зат. Төсек те, киім де, басқа заттардың барлығы бір жерде ықшам жиналады, таза тұрады. Жасатуға болады екен деген оймен жасаған кәсіпкердің, жиһаз цехының мекен-жайын сұрадым. Көп  уақыт өтпей мен де…

Толығырақ

ГАЗЕТ ПЕНЕН ЖОРНАЛДЫ, ЖЫЛДАМ ҮЙГЕ ЖЕТКІЗГЕН

ГАЗЕТ ПЕНЕН ЖОРНАЛДЫ, ЖЫЛДАМ ҮЙГЕ  ЖЕТКІЗГЕН

Осы тақырыпты оқығанда жазылған газет-жорналдарыңды күнделікті  үйіңе жеткізіп жүрген хат тасушы маман ойыңа орала кетеді. Қыстың аязына, көктемнің жауын-шашынына, жаздың аптап ыстығына, күздің қоңыр салқынына қарамастан өздеріне жүктелген жұмысты жауапкершілікпен орындайтын осы бір мамандық иелерінің еңбегі орасан. Кентте 10 хат тасушы болса, олардың әрқайсысы өзіне бекітілген 12 көшеге хат-хабар мен газет-жорнал таратады. Солардың қатарындағы ең жас хат тасушы  Гүлзағира Құрақбаева 9 қазан-Дүниежүзілік пошта күні мерекесін табыспен қарсы алды. Ол 13 жылға жуық еңбегінің нәтижесінде «Қазпошта» АҚ облыстық филалының «Үздік хат тасушы» номинациясына ие болып, әріптестерінің, еңбек ететін ұжымының мерейін үстем…

Толығырақ