ҚОРҚЫТ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА САЗЫ

ҚОРҚЫТ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА САЗЫ

Кеше Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыс әкімі және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен Қорқыт ата атындағы мемориалды кешенінде Қызылорда қаласынан бастау алған түркі тілдес елдердің халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінің қорытынды концерті өтті. Онда Қазақстанның халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі Асқар Тұрғанбаев, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Жанат Құрамысова және аудан әкімі Сұлтан Мақашов құттықтау сөз сөйлеп, өнер жұлдыздарына игі тілектер тіледі. Сонымен қоса, фестиваль қонақтарына сый-сияпаттар табыстап, арнайы дипломдармен марапаттады. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткен мәдени шарада…

Толығырақ

МЫСЫР ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ АШЫЛДЫ

МЫСЫР ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ АШЫЛДЫ

Египетте пирамидаларды зерттеу жөнінде ауқымды жоба жүзеге асуда. Халықаралық ғалымдар тобының ашқан жаңалығы Хеопс пирамидасының құрылысына қатысты дауға нүкте қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі National Geographic-ке сілтеме жасап. Хеопс пирамидасын зерттеу тарихы сонау ХVIII ғасырдан, Напеолон Гиза жазығына археологтар мен геодизистерді әкелген сәттен басталады. Алайда Ежелгі Мысырдың бірегей сәулет туындысының құпиясы әлі күнге дейін ашылған жоқ. Тіпті пирамиданың құрылысы нақты қашан басталғаны да белгісіз: радиокөміртектік әдіс б.з.д. 2680 мен б.з.д. 2850 аралығын көрсетеді. Сондай-ақ, мысырлықтардың үлкен қашықтықтарға зілдей блоктарды қалай тасымалдағаны да ғалымдар үшін жұмбақ. Мысыр пирамидаларының әрқайсысы әр…

Толығырақ

ДИ-КАПРИО ЖАҢА ФИЛЬМДЕ АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ РӨЛІНДЕ ОЙНАЙДЫ

ДИ-КАПРИО ЖАҢА ФИЛЬМДЕ АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ РӨЛІНДЕ ОЙНАЙДЫ

Әйгілі актер Леонардо Ди Каприо АҚШ-тың 26-шы президенті Теодор Рузвельтке арналған кинодрамада басты рөлді сомдайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап. Жаңа фильмнің режиссері – Мартин Скорсезе, ал продюсері Ди Каприоның өзі мен голливуд актері Чак Пачеко. Сценарийді Скотт Блум жазады. Түсірілімнің басталу күні мен көрермендерге қашан жол тартатыны нақтыланбаған. Айта кетсек, Ди Каприо бұған дейін де Скорсезенің бірнеше фильміне түскен болатын. Атап айтсақ, «Нью-Йорк қарақшылары», «Авиатор», «Қарғыс атқандар аралы», «Жолдан тайғандар», «Уолл-стрит қасқыры». Қазіргі таңда Ди Каприо мен Скорсезе «Ақ қаладағы ібіліс» пен «Гүлді айдың қанішерлері»…

Толығырақ

МЕКСИКАДА БАЛЫҚ ЖАУДЫ

МЕКСИКАДА БАЛЫҚ ЖАУДЫ

Мексиканың солтүстік-шығысында аспаннан жауынмен бірге балық жауды, деп мәдімдеді Тамаулипас штатының азаматтық қорғаныс басқармасы. Ерекше табиғи құбылыс Тампико қаласында тіркелді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап. «Біраз жауын жауып өтті, жауынмен бірге аспаннан кішкентай балықтар да жауды», — деп хабарлады ведомство фейсбук парақшасында. Ескерту! Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.   Ескерту! Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі…

Толығырақ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті кент тұрғындары! «ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 23.01.2001 жылғы №148 Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» №1106 қаулысына және Қармақшы аудандық мәслихатының «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы» 2014 жылдың 17 ақпанындағы №149 шешіміне сәйкес, «Жосалы кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кент тұрғындарының қоғамдастық жиналысы Жосалы кенті әкімі аппаратының кіші мәжіліс задында 2017 жылдың 10  қазаны  күні сағат 10.00-де өткізілетіндігін хабарлайды. Күн тәртібінде: «Жосалы кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша…

Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ-МЕНІҢ ТІЛІМ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ-МЕНІҢ ТІЛІМ

Үш тұғырлы тіл Ауданның білім беру ұйымдарында еліміздегі Қазақстан халықтары тілдері мерекесіне орай он күндік жарияланғаны белгілі. Осы күндер аясында Елбасының үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында Ү.Томанов атындағы №183 орта мектепте «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл»  тақырыбында қорытынды кеш өтті. Оқушылардың ой-өрісін дамытып, сөздік қоры мен дүниетанымын кеңейтуді көздеген шараны білім ұясындағы қазақ тілі мен әдебиеті, орыс және ағылшын тілдері бірлестіктерінің мұғалімдері ұйымдастырды. Тілдер мерекесіндегі алғашқы сөз мектеп директоры Алтынша Кенжееваға берілді. Жылы лебізін білдіріп, құттықтауын жеткізген мектеп басшысы бірқатар оқу озаттары мен белсенділерін мадақтамалармен марапаттады. Олардың қатарынан Диас Төлегенов,…

Толығырақ

САЯСИ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Сәрсенбі күні «Нұр Отан» париясы Қармақшы аудандық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Оны филиал төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов ашып, жүргізіп отырды. Отырыста «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы» аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Ахметов хабарлама жасады. Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес Қармақшы  ауданында экономикалық белсенді халық саны- 24.8 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны -23,5 мың адам болса, оның жалдамалы қызметкерлері-13,3 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары-10,1 мың адам, жұмыссыз халық саны-1,4 мың адам,…

Толығырақ

ҚЫСҚА ҚАПЫСЫЗ ДАЙЫНДАЛҒАНДАР ҚЫСЫЛМАЙДЫ

Жақында аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың төрағалығымен аудан әкімдігі мәжілісі өтіп, онда «Аудан бойынша әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы туралы» мәселе қаралды. Аудан бойынша барлық әлеуметтік нысандардың 2017-2018 жылдардағы жылу беру маусымына жедел басшылық жасау, ұйымдастыру және бақылауға байланысты аудан әкімінің 2017 жылғы   03 мамырдағы №128-ө/нқ өкімімен аудан әкімдігі жанынан жедел штаб құрылып, тиісті жұмыстарды жүргізуде. Аудан бойынша 2 кент, 12 ауылдық округте 120 әлеуметтік нысандар орналасқан. Оның ішінде: білім саласында 57 нысан, мәдениет саласы бойынша 35 нысан, спорт саласы бойынша 7 нысан, денсаулық саласы бойынша 21 нысан. Ауданға қарасты…

Толығырақ

КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ

Аудандық сайлау комиссиясы 2017 жылғы 29 қазанға белгіленген сайлауда  аудандық мәслихат депутаттығына төмендегі кісілердің кандидаттар болып тіркелгендігін хабарлайды. №4 Сырдария сайлау округі бойынша: Балатаева Лайла Әбілханқызы 1978 жылы туған, ұлты қазақ, аудандық емхананың медбикесі, Буханов Дастан Әбдібекұлы 1978 жылы туған, ұлты қазақ,, «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Жұмахмет Айбек Бақытжанұлы 1991 жылы туған, ұлты қазақ, Қармақшы аудандық Жастар ресурстық орталығының заңгері. №6 Теміржол сайлау округі бойынша: Ермаханов Арыстан Сәндібекұлы 1964 жылы туған, ұлты қазақ, Жосалы обаға қарсы күрес бөлімшесінің дәрігер-бактериологі, Ермаханова Алмагүл…

Толығырақ